back-image
КГУ "ОШ им. С.Мухамеджанова"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "ОШ им. С.Мухамеджанова"

Программа развития школы

«С.Мұқамеджанов атындағы ЖББМ» КММ мектебінің 2017-2021 жылдарға

арналған даму бағдарламасы

Мазмұны

Мектепті дамыту жоспары-мектеп миссиясы мен стратегиясын анықтайтын маңызды құжат

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында « ... Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деп атап көрсетілген

Осы тұрғыда ұлттық бiлiм беру жүйесiн модернизациялау жағдайында шетелдiк озық тәжiрибелердi пайдалану мүмкiндiктерiн бағалау, ұлттық дәстүр мен ерекшелiктердi ескеру, бiлiм мазмұнын жаңарту, бiлiм беру жүйесiн басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа жолдарын iздестiру секiлдi өзектi жайттар ерекше маңызға ие болып отыр. Мектеп директорынан өзгерістер енгізуді басқаруда нағыз көшбасшы болу талап етіледі.

Көшбасшылық– бұл  мектеп директоры барлық оқушылардың табысты оқып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, оқыту туралы ортақ ұстаным қалыптастыру жұмысына жетекшілік ететін, мықты ұйымдастырушылық миссиясы бар және оқушылардың үлгеріміне үлкен үміт артылатын интерактивті үдеріс. Көшбасшылық дегеніміз - жеке әлеуметтік қозғаушы күш емес, көзге көріне қоймайтын бағыттар мен қозғалыстар арасындағы қарым-қатынас

Еліміздегі білім беру саласында қарқындап жүріп жатқан жаңалықтардан қалыс қалмай, мектептің  оқу-тәрбие үдерісіне  өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Бұл мақсаттағы жұмыстарымызды анықтап алу үшін қазіргі жағдайымызға талдау жасауымыз қажет. Мектеп жағдайы туралы бастапқы деректер жинау, мектептің мықты жақтары мен дамытуға болатын салалары туралы білу мақсатында мектеп ата-аналары, оқушылары және педагогтар арасында сауалнамалар жүргізілді. Мектеп ата-аналарына арналған сауалнаманың мақсаты баланың мектептегі көңіл күйін, жетістіктерін, қаншалықты көмек көрсетілетіндігін, тәрбие беру сапасы , қажетті  ақпараттарды алу мүмкіндіктерін анықтау және мектеп тәжірибесіне өзгерістер енгізу алдында ата-аналардың пікірлерін білу. Мектеп тәжірибесіне келелі өзгерістер енгізу алдында мектепті  дамыту аймағын айқындаудағы  оқушылардың пікірін білу мақсатында оқушылар арасында, бүгінгі мектептің жағдайына мұғалімдердің көзқарасын білу мақсатында мектеп педагогтары арасында сауалнамалар жүргізілді.

Экономикалық ынтымақтастық және даму  ұйымының оқыту мен оқудағы

 

халықаралық зерттеуі (TALIS) мұғалімдер мен мектеп басшыларына білім беруді талдап,осы саладағы саясатты дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді.

Зерттеу  мұғалімдердің кәсіби біліктілік арттыруға көзқарасын, оның әсерін, бағалаудың маңыздылығын және қажеттіліктерін анықтауға көмектесті. Жұмыстың басымдықтарын айқындау мақсатында өзгерістер енгізу (көшбасшылар) тобы құрылды. Коучинг-сессиялар өткізу арқылы енгізілетін өзгерістердің қажеттіліктері талқыланып негізделді.Осы зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, мектепті дамытудың, өзгерістер енгізудің стратегиялық басымдықтары нақтыланды.  Мектепті дамытудың жоспары жасақталып, нені дамыту қажеттігі, дамыту үшін қандай іс-әрекеттер жасаймыз, олардың нақты, қолжетімді және шынайы болуы   SMART-қа сай белгіленді. Қажетті ресурстар анықталып, күтілетін нәтижеге болжам жасалды. Өзгерістерді эвалюациялау тәсілдері көрсетілді.

Стратегиялық жоспарлау дегеніміз– бұл  мектептің қандай екендігін көрсететін, болашаққа бағдар жасай отырып, түбегейлі өзгерістер енгізу мақсатында шешімдер қабылдап, оны іске асыруға арналған  іс-әрекеттер жоспары. Мектепті дамыту жоспары –ұсынылатын білім  беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымын дамытудың стратегиялық басымдықтары мен бағыттарын анықтайтын құжат

Мектепті дамытудың стратегиялық жоспары сауалнамалар қорытындысында анықталған басты проблемаларды шешуге, берілген ұсыныстарды  іске асыруға бағытталған. Олар: .

1) Мектептің даму жоспарын жасау кезінде оқушылардың және ата-аналар- дың  пікірін ескеру.

2) Мектептің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық ұйымдармен байланысты күшейту.

3) Озық тәжірибелерді енгізу мақсатында жүйелі жұмыстану.

4) Мұғалімдерді өз жұмыстарына талдау жүргізуге бағыттау.

5) Мұғалімдердің бірлесіп, ортақ проблеманы анықтап, білім сапасын арттыруда біріккен жұмыстарын жетілдіру.

6) Мұғалімдерді бөлінген көшбасшылық принциптеріне сай жұмыстарға тартып, қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктер туғызу.

Жоспардың төлқұжаты бар. Онда кезеңдері, мақсат-міндеттері, күтілетін нәтиже белгіленген.

 

 

 

Түсініктеме

Мектептің даму жоспары  сауалнама қорытындысы негізінде алынған басымдықтарға сүйене отырып, осы жоспар жасалынды.    Жоғарыдағы басымдықтарды ала отырып, мұғалім+ ата-ана+ оқушы араларында коучингтер, тренингтер, зерттеу сабақтарын жоспарладым. Сонымен қатар жоспарланған шаралардың уақытында өтілуін, өзгеріс енгізу тобы арқылы және бөлінген көшбасшылықты жұмылдыру арқылы анықтап, кері байланысын жасап, нәтижеге қол жеткізіп отырдық. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының  нәтижелілігі мұғалімдердің оқушыларға беретін білімінің сапасымен, олардың оқушыларға қолдау көрсету және ынталандыру, сондай-ақ олардың  қол жеткізген жетістіктерін бағалауынан да көрінеді.

Жоғарыдағы басымдықтарды шешудің тағы бір жолы мектепте сабақты жоспарлау үдерісіне көп көңіл бөлу.  Бұл негізде деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдермен ОМЖ, ҚМЖ жасақтаудың үдерісін қалыптастырып, әдістеме жетекшілерімен біріге отырып, мұғалімдерді  сабақты жаңаша жоспарлауды  жетілдіру мақсатында кеңестер беріліп, тәлімгерлік көрсетілді.  Сабақ үдерісінде оқушының сыни тұрғыдан  ойлау  белсенділігін жетілдіру әдіс-тәсілдері  арқылы, табыс критерілеріне негізделген білім сапасына қол жеткізу көзделіп, мұғалімдер оқыту мен оқудың жеті модулін меңгеріп, жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану шеберлігі қалыптасып, критериалдық бағалау , формативті бағалауды   игерді және оқушылардың сыни ойлау қабілетін жетілдіреді.

Келесі басымдық бұл  ата  -  аналар мен оқушылардың, мұғалімдердің ой-пікірі бағалаудың әділ, нақты   жаңа түрлерін енгізуді талап етіп отыр. Сондықтан, өзін өзі басқаруды жетілдіру мақсатында коучингтер ұйымдастырып, сыныпты басқару, оқушылардың тәртібі мен мінез-құлық  проблемаларын оңтайлы шешуде «мектеп - ата-ана - оқушы» арасындағы  бірлескен ынтымақтастық ортаның жұмысын жетілдіру нәтижесінде мектептегі оқушыларға қатысты проблемаларды оңтайлы шешуде оқушы мен ата-ананың пікірі үнемі ескеріледі, ата-аналар мен оқушыларға деген сенімді  қарым- қатынас орнап, ынтымақтастықтағы тиімді іс-әрекеттер жүзеге асады.

         Барлық басымдықты оңтайлы шешудегі ең үлкен жұмыстың бірі желілік қоғамдастық жұмысын жолға қою, бұл бағытта қала мектептерімен бірлескен жоспар құрылып, сонымен қатар интернет желісі арқылы тәжірибе алмасу, пікірлесу , ортақ проблеманы шешу жұмыстары жоспарланды.

    Қорытындылай келе, оқыту мен оқу үдерісінде мұғалім жұмысының тиімділігін бақылау және эвалюациялау, тәлімгерлік пен коучинг үдерісін өткізу, мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау, ұжымдық жұмыс пен бірлескен оқуды көтермелеу тәсілдері арқылы мектептің оқыту тәжірибесінің жақсаруына ықпал етуге жұмыстанамын

 

 

 

 

 

 

МЕКТЕПТІҢ  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ:

 

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында көптілділік пен функционалдық сауаттылықтарын арттыра отырып,оқушылардың білімдерін критериалды бағалау енгізу арқылы жетілдіру »     

Мектеп ұжымының 2017-2021 оқу жылына жоспарлаған мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары:

 

1

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы сәуір айындағы«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында және білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді іске асыруда білім беру мазмұнын жаңарту бағыттарын анықтау

2

Білім беру мазмұнын жаңартуда педагог мамандардың кәсіби қалыптасуын жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызу

3

Білім беру ұйымдағы инновациялық үдерістерді белсендіру мен қолдаудағы әдістемелік қызметтің рөлін күшейту

4

Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын ендіруге байланысты іс –шаралар жоспарын жүзеге асыру

5

Оқу процесінде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын басты бағыт ретінде пайдалана отырып, оқытудың заманауи үлгісін қалыптастыру, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін, қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу;

6

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын басшылыққа алу;

Міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалық білім деңгейін, әрбір оқушының меңгеруін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру;
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру. Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
  3. Оқушылардың білім сапасын арттыру, Ұлттық бірыңғай тестілеуге және оқу жетістіктерін сырттай бағалау жұмысында жүйелі дайындаудың әдіс – тәсілдерін жетілдіру;
  4. Үштілде оқыту үдерісін енгізу және дамытуға байланысты кешенді іс – шараларды ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру;
  5. Оқытудың мазмұны мен пішінін өзгертуде педагог мамандардың кәсіби өздік білімдерін көтеру мақсатында әдістемелік қызметтің, пән бірлестіктерінің жұмыс белсенділігін арттыру, кәсіби педагогикалық шеберлікпен шығармашылықты дамытуға бағытталған педагогтардың
  6. біліктілігін көтеру жұмыстарын жалғастыру;
  7. Мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамтамасыз ету және мектеп оқушыларын сабаққа қатысуына бақылауды күшейту,
  8. «Мектепке жол» және «Қамқорлық» акциялары жұмыстарын жалғастыру;
  9. Елбасының дәстүрлі халыққа жолдауы негізінде Қазақстандық патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, құқығымен еркіндікті құрмет тұтуға  тәрбиелеу жұмыстарын жандандыру;
  10. Инновациялық технологияларды меңгеруге, жаңартылған оқу бағдарламаларын (ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік, материалдық- техникалық, нормативтік) жүзеге асыруға жағдай туғызу;
  11. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістері мен түрлерін жетілдіру;
  12. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында олардың қызығушылығына орай түрлі үйірмелерге тарту жұмысын жандандыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспарды іске асыру кезеңдері:

Мақсаттар мен міндеттердің орындалу кезеңдері

І кезең

2017-2018 оқу жылы (дайындық- ұйымдастыру жұмысы, мұғалімдерді дайындау және жоспарды ақпараттандыруды қамтамасыз ету;)

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ғылыми педагогикалық, әдістемелік кешендерді оқып –үйрену, зерделеу негізгі қиыншылықтарын анықтау. Деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдердің,  мектеп тренерлерінің, үйлестірушілердің қызмет мазмұнын анықтау. Басқару мен көшбасшылықты дамыту. Мұғалімдерді кәсіби дамыту.

  

ІІ кезең

2018-2019 оқу жылы(практикалық қызмет көрсету. Мектептің ішкі құрылымын, білім мазмұнын жаңарту, жоспарды әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;)   

Оқыту мен оқу әдістерін жетілдіру. Қалыптастыратын және орнықтыратын тәжірибелер. Бағалау тәсілдерін дамыту. Оқушылардың жекелей дамуына ықпал ету. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер үшін семинар, коучинг, пед оқулар ұйымдастыру 

 

ІІІ кезең

2019 -2021 оқу жылыалдыңғы кезеңдердегі жүзеге асқан тәжірибе нәтижесін тарату және жариялау;

Алынған нәтижелерді жинақтау, талдау, нақты ұсыныстар енгізу. Нәтижелерді рәсімдеу және қорытындылау. Озат тәжірибе жетістіктерін енгізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Миссиясы:Қазақстан қоғамының әлеуметтік –экономикалық ,рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс-жүзінде асыруға негізделген көптілді білім беру.

Жоспардың мақсаты: Үш тілде білім меңгерген ,көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан ,көп мәдениетті ,рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған ,бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу,оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу арқылы білім сапасын арттыруға жағдай жасау.  Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға қолдау көрсету.  

«Мектеп мәдениетін» қалыптастыру арқылы  «Мінсіз  мектеп» болудың алғы шарттарын іске асыру.

Құндылығы:Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі жоғары,өзгетілдерді оқып білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылыстары мол,өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын,дүниежүзі халықтарының мәдени құндылықтарын сыйлауға тәрбиеленген ұрпақ тәрбиелеу .Көздеген мақсатқа жетіп,күтілетін нәтижені алуда ұсынып отырған «Жетістік пирамидасы» басқару моделінің және стилінің жобасы мектептегі оқу-тәрбие үдерісін басқару құралы боп табылады.

Жоспардың міндеттері: Сараптаулар мен салыстырмалы талдаулардың мониторингісін жалғастыру. Оқу-әдістемелік, психологиялық жетелеуді жолға қою. Сыныптағы және іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын жүргізу. Мұғалімдердің сыныпты басқару құзыреттілігін жетілдіру арқылы барлық пәндердің берілу сапасын арттыру мен    мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ету. Педагогтардың үздіксіз  кәсіби дамуына жағдай жасау.  Желілік қоғамдастық және ресурстық орталық арқылы озық іс-тәжірибе алмасу.

Күтілетін нәтиже:Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы артады, өз бетімен білім алудың жолдарын меңгереді, сапалы білімге қол жеткізіледі, функционалдық сауаттылықтары артады. Мектепте мұғалімдердің кәсіби

дамуына жағдай жасалынады, үздіксіз білім жетілдірудің жүйесі қалыптасады. Ұжымның шығармашылық ахуалы артады.

«Мектеп мәдениетін» қалыптастыру арқылы  «Мінсіз мектеп» болудың

қалыптасуының жаңа міндеттерін іс-жүзінде асыруға негізделген көптілді

білім беру.

 

 

 

Басымдықтары мен табыс критерийлері:

Оқушының табыс критерийі

Мұғалімнің табыс критерийі

Мектеп басшысының критерийі

Барлық оқушылар  бірлесіп тең дәрежеде жұмыс жасайды;

-Сұраныстары қанағаттандырылады;

-Жеке тұлғалық қасиеттері дамиды;

- Оқушының үні ескеріледі;

- Оқу көшбасшысы болуға ынталанады;

- Мектептің оларға немқұрайлы қарамайтындығын  түсінеді

 

Бірлескен шығармашылық топтарда жұмыс жасауға дағдыланады;

-Кәсіби біліктіліктері жетіледі;

-Оқушыларды бірлескен жұмыс жасауға жұмылдырады;

-Жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде пайдаланады;

-Желілік қоғамдастық жұмысына араласады;

-Өз-өзін реттеуге,бағалауға дағдыланады

-Көшбасшылық жауапкершілігі артады;

-Ата-аналарды бірлесе жұмыс жасау ауқымын кеңейтеді

- Бағдарламаның білімділік құндылықтары  мен мақсатын тұжырымдайды;

-Жеке тұлғалық-кәсіби ахуалды қамтамасыз ететін  жағымды жұмыс ортасын қалыптастырады;

-Табысты оқу мен оқытуға жағдай жасайды;

- Мұғалімдердің көшбасшылығын дамытуға жағдай жасайды

- Оқытуда нысанаға  алған іс-әрекеттегі зерттеуге, бірлесіп жасаған жұмысына, өзгеріске эвалюация жүргізеді;

 

 

 

 

 

 

 

Барлық оқушылар  бірлесіп тең дәрежеде жұмыс жасайды;

-Сұраныстары қанағаттандырылады;

-Жеке тұлғалық қасиеттері дамиды;

- Оқушының үні ескеріледі;

- Оқу көшбасшысы болуға ынталанады;

- Мектептің оларға немқұрайлы қарамайтындығын  түсінеді

 

Бірлескен шығармашылық топтарда жұмыс жасауға дағдыланады;

-Кәсіби біліктіліктері жетіледі;

-Оқушыларды бірлескен жұмыс жасауға жұмылдырады;

-Жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде пайдаланады;

-Желілік қоғамдастық жұмысына араласады;

-Өз-өзін реттеуге,бағалауға дағдыланады

-Көшбасшылық жауапкершілігі артады;

-Ата-аналарды бірлесе жұмыс жасау ауқымын кеңейтеді

- Бағдарламаның білімділік құндылықтары  мен мақсатын тұжырымдайды;

-Жеке тұлғалық-кәсіби ахуалды қамтамасыз ететін  жағымды жұмыс ортасын қалыптастырады;

-Табысты оқу мен оқытуға жағдай жасайды;

- Мұғалімдердің көшбасшылығын дамытуға жағдай жасайды

- Оқытуда нысанаға  алған іс-әрекеттегі зерттеуге, бірлесіп жасаған жұмысына, өзгеріске эвалюация жүргізеді;

- Мұғалімдердің сабақ барысында заман талабына сай  оқу ресурстарын тиімді, жүйелі қолдануын жүзеге асыру

- Сабақ құрылымын нәтижеге бағыттай жоспарлау; Сабақта оқушылардың белсенділігін, ынтасын арттыру; Сындарлы оқыту теориясы негізіндегі сабақ үдерісі;  Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін арттыру;

-  Сабақ барысында бірыңғай талаптың орындалуын  тұрақты қамтамасыз ету және заман талабына сай бағалау жүйесіне өзгерістер енгізу

- Мұғалімдердің сабақ барысында заман талабына сай  оқу ресурстарын тиімді, жүйелі қолдануын жүзеге асыру

 

- Сабақ құрылымын нәтижеге бағыттай жоспарлау; Сабақта оқушылардың белсенділігін, ынтасын арттыру; Сындарлы оқыту теориясы негізіндегі сабақ үдерісі;  Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін арттыру;

-  Сабақ барысында бірыңғай талаптың орындалуын  тұрақты қамтамасыз ету және заман талабына сай бағалау жүйесіне өзгерістер енгізу

 

- Білім сапасының артуына қол жеткізу;

Оқушыларды бағалаудың жаңа критерийлерін қолдану: оқу үшін бағалау және оқытуды  бағалау;

Оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалау жүйесін енгізу;

 Оқушыларды өзіне және өзгелерге сын көзбен қарауға дағдыландыру;

- Қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру- Қабілетті және  үлгерімі төмен балалармен жұмыс жүргізу; Мәселелерді шешу құзыреттілігін дамыту; Оқушыны белсенді жұмыс жасауға ынталандыру. Психологиялық ахуалды оңалту;

- Оқушылардың денсаулығын сақтау, өмірінің қауіпсізідігін қамтамасыз ету, оқу жүктемесінің шамадан тыс көбеюінің алдын-алу - Сабақ кестесін талапқа сай жасақтау; 1-5 сыныптарда сабақ үстіндегі сергіту сәттерінің  өткізілуін жүйелендіру; 1-4 сыныптарда үлкен үзілістерде қозғалыс жаттығуларын ұйымдастыруды жүзеге асыру; Үй тапсырмасының көлемін оңтайландыру, бейімдеу;

Ұзақ мерзімді жоспарлар және орта мерзімді жоспарлар, оқу жылдарына арналған. Жоспар мектеп қызметінің  13 бағытын қамтиды

Олар:

1. Басқару нысанындағы өзгерістер

2. Оқыту және тәрбие берудегі қолданатын әдіс-тәсілдердегі өзгерістер

3.Оқыту үрдісін ұйымдастырудағы өзгерістер

4. Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың ұйымдастырылуындағы өзгерістер

5.Мектепішілікбасқарудағы өзгерістер

6.Қызметкерлердің сапалық құрамындағы өзгерістер

7.Мұғалім қызметін ынталандырудағыөзгерістер

8.Материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі өзгерістер

9.Құқықтық жағдаяттардағы локальді актілердегі өзгерістер

10.Үштілділік

11.Жаңартылған білім беру жүйесіне көшуді жүзеге асыру

12.Электрондық оқыту жүйесін құру

13.Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру

Бөлінген көшбасшылық  принциптеріне сай мектептің талантты да дарынды мұғалімдеріне өз құзыреттілігі  шеңберінде жауапкершіліктер жүктеліп,жұмыс аясы анықталды. Негізгі идея педагогтарды заман талабына сай жұмыс жасауға ынталандыру болғандықтан,негізгі жұмысымыз сыныптың көшбасшысы ретінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, сындарлы оқыту теориясы негізінде сыныптағы сабақ барысын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару шараларына бірінші кезекте көңіл аударылды. Мұғалімдерді кәсіби дамытуға, мұғалім жұмысы мен кері байланысқа,олардың жұмысының мойындалуына қатысты шараларға басымдық берілді.   «Мінсіз мектеп» болудың алғы шарты ретінде мұғалімдер арасында ынтымақтастық орта және  «мектеп мәдениетін» қалыптастыру мәселелері басты назарда болды, сынып деңгейіндегі зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Ата-аналардың белсенділігін арттырып, ынтымақтастық карым-қатынас  қалыптастыруға арналған іс-шаралар жоспарланып, әсіресе, қызығушылықтарын арттыру мақсатында ата-аналар жиналыстарын жаңа форматта өткізу, серіктестік шараларына басымдық берілді.

Кезекті педагогикалық кеңесте  мұғалім құзыреттілігі, жаңа сипаттағы сабаққа қойылатын талаптар, білім сапасын арттыру мәселелері бір-бірімен тығыз байланыста жан-жақты қарастырылып, мектептің даму перспективасымен  барлық педагогтар таныстырылды. Мектеп - қоғам аясында  түрлі құрылымдармен біріктірілген ұйым, дегенмен, қызметі тиімді және табысты болу үшін ол жалпы ереже мен дәстүрлер арқылы біріктірілген, ортақ ұстаным ұстанатын қоғамдастық болуы тиіс  Осы мақсатта Мектепте «Бастау» желілік қоғамдастығы және ресурстық орталық құрылып іс-шаралар картасы жасақталып, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       «С.Мұқамеджанов атындағы ЖББМ» КММ мектебінің  ұзақ мерзімді (ҰМЖ ) дамуына   бағытталған жоспар

(2017 -2021 жылдар)

 

Бағыттары

                                            Міндеттері

            I  кезең

2017-2018 оқу жылы

         II  кезең

2018 – 2019  оқу жылы

     III кезең

 2019-2021 оқу жылы

1.

Басқару нысанындағы өзгерістер  

   Мектеп жұмысының  үрдісін -  Әрбір оқушыға психологиялық ыңғайлы (комфорт) жағдай туғыздыруға бағыттау

-оқушының ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік жасау

-оқушы мен мұғалімнің ғылыми-зерттеу және жобалау әрекеттерін қалыптастыру  және дамыту 

Замануи деңгейдегі  біртұтас оқыту-тәрбие үдерісін іске асыру

Оқу-тәрбие үрдісіндегі біртұтастықты және сабақтастықты іске асырудағы әдіс-тәсілдер мен технологияларды  сараптау, ең тиімділерін басшылыққа алу 

2.

Оқыту және тәрбие берудегі  қолданатын әдіс-тәсілдердегі өзгерістер 

Деңгейлік жаңашыл курстардағы қолданылатын технологияларды оқу үрдісіне сатылай енгізілуіне жағдай туғыздыру .Оқушының негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруды көздейтін технологияларды қарастырып,оқу үрдісіне енгізу .

Қабілетті оқушымен жұмыс,оқушының өзін-өзі басқаруға бағытталған жұмыс  бағдарламасын қарастыру

Деңгейлік жаңашыл курстардың талаптарына сай сабақ талдау,сын-пікір жүргізу әдіс –тәсілдерін меңгеру  

«Қабілетті оқушы», «Өзін-өзі басқару»  бағдарламаларын іске асыру .

Оқыту-тәрбие үрдісіндегі ең тиімді әдіс-тәсілдерін қорын жинақтау

 Оқушылардың оқу және шығармашылық қабілеттерінің даму мониторингін сараптау

 

3.

Оқыту үрдісін ұйымдастырудағы өзгерістер

 

Оқытудың вариативтік бөлігінің түрленуіне және тиімді өткізілуіне мүмкіндік жасау

Оқытудың бастауыш және орта буынындағы сабақтастықтың сақталуын қадағалау

 

Оқытудың бастауыш және орта буынындағы сабақтастықтың сақталуына жан-жақты сараптама жасау .Оқыту және тәрбие үрдісін жоғары деңгейге көтеретін ең тиімді әдіс-тәсілдерді,технологияларды анықтап алу

Оқу-тәрбие үрдісіне сараптама жүргізу

4.

Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың ұйымдастырылуындағы өзгерістер

«ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ » бағдарламасын жан-жақты талдау,сараптау,оқу үрдісіне енгізілуіне мүмкіндік жасау

Мектеп жұмысына әлеуметтік серікетестерді  қатыстыру

«Қазақстан  жаңа жаһандық нақты ахуалда: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР,ДАМУ» бағдарламасын  тәрбие үрдісіне толыққанды енгізу

Біртұтас тәрбие кешені мен кеңістігін құрастыру

Бағдарламаның нәтижелігін сараптау , оқушыларды техникалық мамандықтарға бағыттау

 

5

Мектепішілік басқарудағы өзгерістер 

Мектепішілік кеңес мүшелерінің мектеп жұмысын басқаруға қатыстыру

Жас мамандардың мұғалімдік қызметте тұрақтануына ықпал ету

 Оңтайлы басқару моделін құру

Жаңашыл басқару құрылымының жұмысын сараптау

Білім беру үрдісін басқару  және білім беруді дамытуды ақпараттық , ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етудің және ақпараттандыру жүйесін құрудың негізін салу

6

Қызметкерлердің сапалық құрамындағы өзгерістер

Мұғалімдердің  жаңа деңгейлік курстарға қатысуының қажеттілігін анықтау  

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарға қатысуын, аттестациядан өтуін қамтамасыз ету

Мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау  

 

 

 

 

 

7

Мұғалім қызметін ынталандырудағы өзгерістер 

Жаңашыл технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолданушы, мектеп рейтингісіне басым үлес қосқан мұғалімдердің түрлі мадақтамаларға ұсынылуын  қадағалау, іске асыру

Мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін , мүмкіндіктерін іске асыруға жағдай туғызу 

Мұғалімдердің қызмет жағдайымен, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуымен қанағаттандырылғанын анықтау мақсатымен түрлі сауалнамалар жүргізу, нәтижесін мұғалімдер кеңесінде талқылау

8

Материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі өзгерістер

Пән кабинеттерінің көрнекі құралдармен толықтырылуы , жаңашыл пернетақталардың  кабинеттерге алынуына ықпал ету, кәсіптік бағдарлау кабинетін жабдықтау

Бастауыш сынып кабинеттерінің технология,дене шынықтыру пәндеріне арналған кабинеттердің жаңа техникамен жабдықталуын қамтамасыз ету  

Оқыту –тәрбие үрдісін жаңа заман талаптарына сай жабдықталуын қамтамасыз ету

9

Құқықтық жағдаяттардағы локальді актілердегі өзгерістер 

Мектептің даму бағдарламасын қарастыру,мектеп құжаттарына өзгерістер енгізу (локальные акты)

Нормативтік-құқықтық базаның мерзімді жетілдіріп,толықтырып отыру

Нормативтік-құқықтық базаны мерзімді жетілдіріп,толықтырып отыру

 

Үштілділік

Жаратылыстану математи калық  бағыттағы мұғалім

дердің  күнделікті  сабақ жоспарына үштілді сөздік деңгейде енгіздіру

3 тілде сабақ беретін Жаратылыстану математикалық бағыт-тағы пән мұғалімдері -нің санын арттыру

Оқытуда ағылшын тілін қолданатын  мұғалімдердің үлесі - 30%

 

10

   

 

 

11

Жаңартылған 

білім беру жүйесі-

 не көшуді жүзеге асыру

Мектеп мұғалімдерінің жаңартылған білім беру курсынан өтуін толық қамтамасыз ету

жаңартылған білім стандарты бойынша  білім беруді қамтамасыз ететін бағдарламаларға көшу.

Жаңаша білім беру әдістерімен және бейіндік оқытуға біліктілік көтеру курсынан  өтуін қамтамасыз ету-100%

12

Электрондық оқыту жүйесін құру

Оқу үрдісін автоматтандыру.

Электрондық жоспарлау

Бірыңғай жетілдірілген электрондық оқулықты пайдалануды жүзеге асыру;

Адамды үлкен көлемді ақпаратты тез қабылдау мен ой елегінен өткізуге дайындау,  ұжымның білім негізінде шешім қабылдау үшін ақпарат пен жұмыс істеу технологиясына үйрету 100%

13

Дарынды балалармен жұмыс түрлерін арттыру

  • Дарынды оқушылар анықталады
  • Дарынды оқушылардың шығармашылық қаблеттері артады

Оқушылар   көшбасшысы болуға ынталанады ; дарынды оқушылар қоғамы құрылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

2.Leithwood, K., Day, C.,Sammons, P., Harris, A. & Hopkins, D. (2006). Seven strong claims about successful school leadership,[Табыстымектепбасшылығытуралыжетіанықтауыштұжырым] Nottingham, National College for School Leadership.

3.Басшығаарналғаннұсқаулық, «НазарбаевЗияткерлікмектептері» ДББҰПедагогикалықшеберлікорталығы,2013,28 бет.

4.Wenger, E. (1999) Communities of  Practice: Learning, Meaning, and Identity.[Практиктерқоғамдастығы:оқыту, мәніменерекшелігі] Cambridge University Press.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Новости