back-image
КГУ "ОШ им. С.Мухамеджанова"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "ОШ им. С.Мухамеджанова"
Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік — Мәңгілік елдің тұғыры" іс-шаралары
15-12-2022 15:05
Тәуелсіздік күніне орай

"С. Мұқамеджанов" ЖББМ КММ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік — Мәңгілік елдің тұғыры" іс-шара жоспарына сәйкес "Өнегелі өмір" жобасы аясында "Тәуелсіздік тірегі — білімді ұрпақ" тақырыбын кеңінен ашып, мектебімізде ауылымыздың құрметті тұрғындарымен сыр-сұхбат ұйымдастырылды. Ибраев Өмірзақ Жаңбырбайұлы, Төребеков Тұмабай Нұртайұлы, Түскеев Мереке Арыстанбекұлы өздерінің жүріп өткен өмір жолдарымен таныстырып, Желтоқсан оқиғасы туралы сыр шертіп, "Тәуелсіз елдің ұрпақтары білімді, жігерлі болса екен"— деген тілектерін жолдады.
Мақсаты: Оқушылардың санасына Отанына деген сүйіспеншілікті ұялатып, Тәуелсіз мемлекетіміздің білімді де жігерлі, өнегелі, үлгілі ұрпағы болуға тәрбиелеу.

Новости