"Тіл - кемел болашақ тұғыры" декадасының мектепішілік жоспарына сәйкес саптық жиын ұйымдастырылды
Шет ауданы С. Мұқамеджанов атындағы ЖББМ КММ "Тіл - кемел болашақ тұғыры" декадасының мектепішілік жоспарына сәйкес саптық жиын ұйымдастырылып, "Тіл- адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі" атты тақырып аясында сұхбат сабақпен жалғасын тапты. Мақсаты: Алаш арысы Ахмет - ұлтты сүюдің, тілді сүюдің жарқын үлгісін көрсеткен қайраткер ретінде ғасырлар өтсе де, жаңғырып , ұрпақ жадынан орын алар бірегей тұлға екенін оқушылардың санасына сіңіру.