«Мемлекеттік тіл- менің тілім»
2022 жылғы 5 қыркүйек күні Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің мектеп кітапханасында «Мемлекеттік тіл- менің тілім» тақырыбы бойынша танымдылық іс шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу, баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой- өрісін кеңейту және жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Осы іс шараға 5 сынып оқушылары шақырылды. Оқушыларға слайд арқылы тіл туралы түсіндірме сабағын жүргізе отырып, тіл туралы мақал - мәтелдер және викториналық сұрақтар қойылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз пікірлерін айтып, берілген сұрақтарға жауап берді. Соңында «Мемлекеттік тіл- менің тілім» көрмесімен таныстырылды.