2025 жылғы 10 қарашада Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қалалық білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де «Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығының ашылу болып өтті. Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы құндылықтарының ажырамас бөлігі ретінде білім алушылардың бойында қаржылық мәдениеттің негіздерін және жауапты экономикалық мінез-құлықты қалыптастыру. Апталықтың бірінші күнінде 3-4 сынып оқушылары арасында “Ақша қайдан келеді?” тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды, Ал, 8-9 сыныптарға «Қаржылық сауаттылық дегеніміз не?» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді және 10-11 сынып оқушыларына «Экономика және мен» тақырыбында эссе жазылды.
«Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығының ашылу



