back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ
«LESSON STUDY ТӘСІЛІ- МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕ»
13-10-2022 14:48
«LESSON STUDY ТӘСІЛІ- МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕ»
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 12-қазан күні «LESSON STUDY ТӘСІЛІ- МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕ» жобасы бойынша биылғы оқу жылының отырысы болып өтті.
Жобаның мақсаты: мектептің, оқушының және мұғалімнің мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге қол жеткізу үшін тиімді қадамдар жасау арқылы тәжірибе тарату.
Күтілетін нәтиже: Білім сапасы артып, оқытудың тиімді әдістері анықталады.
Аталмыш жобаның топ басшылары былтырғы оқу жылында жасалған жұмыс нәтижелерімен бөлісіп, зерттеу тақырыптарын таныстырды.
Жиналыста директордың оқу ісі-жөніндегі орынбасары Г.А. Калманова сөз алып, топ басшыларымен зерттеу тақырыптары жөнінде пікіралмасты. Топ басшылары тарапынан таңдалған тақырыптардың зерттеу нәтижесінде оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып, сөздік қоры байып, сауатты сөйлеуге дағдыланатындығы, сонымен қатар ойлау белсенділігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасатындығы бойынша сабақтар, тапсырмалардың жоспарға сай алынып отырғандығы айтылды.
Барлық топ мүшелерінің қатысуымен зерттеу сабақтарының кестесі түзіліп, зерттеу барысы анықталды.
Жиын соңында зерттеуші мұғалім, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ф.А.Артықмурадова өз тәжірибесімен бөлісті.
Новости