back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Күншуақ» сауықтыру лагері бойынша ақпарат
30-06-2023 10:22

         Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де балалардың бос уақытын қамту және жазғы демалысы мен сауықтыруын қамтамасыз ету үшін  мектеп жанынан «Күншуақ» жазғы демалыс лагері 5 маусым күні ашылды. Жазғы демалыс лагеріне мемлекеттік қызмет көрсету арқылы бастауыш сыныптар аралығындағы «Аз қамтылған», «Қамқорлыққа» алынған, «Ерекше білімді қажет ететін»  және «Әлеуметтік жағдайы» төмен отбасынан шыққан 40 балалар қамтылды. Лагерьде балаларды күніне 3 реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Ал  «Күншуақ» легерінде ыстық тамақсыз «Тоғызқұмалақ», «Дойбы», «Шахмат», «Робототехника» т.б. үйірме жұмыстарымен ұйымдастырылып, жоспар бойынша  306 оқушылар қамтылып, әр түрлі бағдарламалық ойындар мен тренингтер, жарыстар өткізіліп, балаларға барлық жағдайлар жасалады. «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты лагері балаларының көңілін көтеру, уақытты тиімді, әрі қызықты өткізу мақсатында ауқымды концерт түрінде өткізілді. Лагерь демалушыларымен түрлі ойындар ойнап, лагерь туы көтеріліп, ұраны айтылды. Іс-шарамызға мектеп директорының міндетін атқарушы Улмаханов Нуркен Жумадинович және мектеп әкімшіліктері қонақта болды

Новости