back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жалпы ата-аналар жиналысы
01-04-2024 16:21

     2023 жылдың 8 қыркүйек күні Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-нде мектеп директорының міндетін атқарушы Н.Улмаханов жалпы ата-аналар жиналысын өткізді.

   Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Жаңа оқу жылының басталуы;
а) сабақ кестесіндегі өзгерістер;
ә) мектеп формасы.
2. Құқықбұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу мәселесі.
3. Әр түрлі мәселелер.
   Ата-аналар жиналысына Приозерск қаласының Халық банк қызметкерлері, «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Т.Алшымбеков, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, лейтенант Т.Айдарбаев және қаламыздың бас имамы Д.Қожахметов қатысып, өз ақпараттарымен бөлісті. Осы орайда, мектеп инспекторы Т.Айдарбаев ата-аналарға құқықбұзушылықтың және нашақорлықтың алдын алу бойынша толық мәлімет беріп, осы тақырыптар аясында әсерлі бейнероликтер көрсетті. Ата-аналар тарапынан сұрақтар беріліп, берілген сұрақтарға нақты жауаптар алынды. Жиналыс соңында ата-аналарға оқушылардың өмірге оң көзқарасын қалыптастыратын бейнероликтер көрсетілді.

Новости