2023 жылдың 27 қазан күні Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 10-11 сынып оқушыларына «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Іс-шараға Приозерск қаласының прокуроры Р.Тобықов, Приозерск қаласының полиция бөлімінің бастығының орынбасары Р.Қайрат қатысып, осы тақырып аясында балалар мен жастардың денсаулығын сақтау, олардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша сөз қозғады. Кездесу барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар алынды.
«Есірткіге жол жоқ!»