23 қазанда “Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде “Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы” ЖҚБ сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған Приозерск қаласының жастары арасындағы “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!” атты презентация және баннерлер байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, мектебіміздің жас мұғалімдері: тарих пәнінің мұғалімдері Н.Анарбеков – I, Б.Арисланбаев – II, ағылшын пәні мұғалімі А.Юсупбаева – II және физика пәнінің мұғалімі Г.Джантасова – III орындарды иеленді.
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!” атты презентация және баннерлер байқауы