"Ауғаныстанның от жалыны"
Бүгін,12.02.24ж. "Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында мектеп кітапханасында 15-ақпан Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күніне орай "Ауғаныстанның от жалыны"дөңгелек үстелі өтті. Оқушылардың патриоттық сезімін арттыруға арналған іс-шараға ауған соғысының ардагерлері Аппасов Едил Жанаомирович, Берлибеков Жанбек Мерекевич және ауыл әкімі Садыков Азамат Абдрашұлы қатысты. Оқушыларымызға ардагерлердің айтқан әңгімелері зор әсер қалдырды.Сонымен қатар,Ауған соғысының тарихын,ақиқатын аша отырып, қысқаша мәлімет берілді.Соңында оқушылар, ардагерлеріміздің ерлігіне сүйсіне отырып ,өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Кітапханашы:Оспанова А.А.
Кәсіптік бағдар беруші:Абилькасимова Г.К.