
24 ақпан күні 7 қазақ сыныбымен "Алғыс-ізгі ниет" -тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатында Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні жайлы баяндалды.
Сабақ соңына 10 минут қалғанда "Гаджеттердің тәуелділігіне қалай түспеуге болады" атты қауіпсіздік сабағы өтті.Қауіпсіздік сабағында:
1. Балалардың гаджеттерді пайдалану уақыты туралы кесте (дәрігерлер кеңесі) ● 4-5 жас – 15 минуттан аспайды; ● 6 жас – 20 минут; ● 7-9 жас – 30 минут; ● 10-12 жас – 40 минут; ● 13-14 жас – 50 минут. 2. Егер монитордың алдында ұзақ уақыт сабақ оқыса, 20-30 минут сайын 10 минуттық үзіліс жасау қажет. 3. Көз бен монитор арасындағы қашықтық 60-70 см. болуы қажет. 4. Ұйықтар алдында гаджеттерді пайдалануға болмайды.