
Қазіргі өскелең ұрпақты "желіге тәуелді ұрпақ" деп жиі айтады. Көптеген балалар интернет пен әлеуметтік желілерге қол жеткізе алады және оларды ойын үшін, достарымен, отбасымен және бейтаныс адамдармен қарым -қатынас жасау үшін, оқуға, ақпарат іздеу үшін,ойын -сауық үшін пайдаланады.
Интернет пен әлеуметтік желілер жас ұрпаққа дұрыс әсер етуі де, кері әсер етуі де мүмкін. Электрондық коммуникация құралдарын (бұдан әрі - ЭКҚ) пайдаланудың тиімді жағы қарым-қатынас жасап, қолдауды түйсінуі мүмкін, достықты сезініп, әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастырып, хабардарлықты арттыруы мүмкін және басқа да аспектілердің болуы мүмкін.