"Нашақорлық- ғасыр дерті"

13. 05 күні "Нашақорлық- ғасыр дерті" тақырыбында жоғарғы сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті. Нашақорлық- бүкіл қоғамдық қасірет, болашаққа төніп тұрған індет. Нашақорлықтың ( есірткі, темекі, әртүрлі шөптер т.б) кесірінен туындаған аурулар туралы үлкен проблемаға тоқталып, талқыға салынды. Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінетіндерін талқыланды. Осындай жат қылықтардан аулақ болу жайлы айтылды.