Кітап оқу
2-сынып оқушыларының оқу техникасын жақсарту мақсатында үзіліс кезінде әдеби кітап оқу ұйымдастырылды. Бұл шара балалардың оқу жылдамдығын, түсініп оқу дағдыларын және кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Үзіліс уақытындағы еркін оқу оқушылардың сөздік қорын байытып, оқу мәдениетін қалыптастырады.