back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Айналайын" бөбекжай" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Айналайын" бөбекжай" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Мектепке дейінгі ұйымға бармайтын ерте жастағы балалардың ата-аналары үшін консультациялық пункт құру жөніндегі нұсқаулық
25-11-2024 08:00

Мектепке дейінгі ұйымға бармайтын ерте жастағы балалардың ата-аналары үшін консультациялық пункт құру жөніндегі нұсқаулық

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже «Айналайын» бөбекжай» КМҚК-ғы балабақшадағы ата-аналарға арналған кеңес беру пунктінің жұмысын реттейді.

Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына әдістемелік, педагогикалық, консультациялық көмек көрсету жөніндегі консультациялық пунктті құру және оның жұмыс тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Пункт).

1.2. Пункт балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналары үшін құрылады.

1.3. Пункт мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыратын балабақшаның құрылымдық бірлігі болып табылады.

2. Мақсаты мен міндеттері  

2.1. Мақсаты – мектепке дейінгі білімге қол жеткізу, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған ерте жастағы балалардың ата-аналарының педагогикалық құзыреттілігін арттыру.

Міндеттері:

  • ата-аналарға консультациялық қолдау көрсету және баланы тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелерінде олардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру;
  • белгілі бір себептермен балабақшаға бара алмайтын балаларды әлеуметтендіруге көмектесу;
  • Пункт қызметі шеңберінде балаға көрсетілетін білікті көмектің түрлері туралы ата-аналарға қажетті ақпарат беру арқылы балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарына көмек көрсету.

3. Қызметті ұйымдастыру

3.1. Пункт балабақша базасында директордың бұйрығы негізінде қажетті санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы жағдайлар, өрт қауіпсіздігі, кадрлық қамтамасыз ету ережелерін сақтау, қажетті бағдарламалық-әдістемелік материалдар болған кезде құрылады.

3.2. Жұмысқа жалпы басшылық балабақша директорына жүктеледі.

3.3. Пункт МДҰ директордың бұйрығымен бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді.

3.4. Ата-аналарға педагогикалық көмек мамандардың (әдіскер, тәрбиеші, логопед, медбике, музыкалық жетекші, дене тәрбиесі нұсқаушысы, педагог-психолог және т.б.) қызметін біріктіру негізінде көрсетіледі. Ата-аналарға кеңес беруді бір уақытта бір немесе бірнеше маман жүргізе алады. Мамандардың жұмыс режимін балабақшаның жұмыс режиміне сүйене отырып, МДҰ директорды дербес анықтайды.

3.5. Консультациялық қызметтерді алу үшін ата-аналардан төлем алынбайды.

3.6. Ата-аналарға көмек көрсетудің негізгі нысандары:

  • ата-аналардың өтініші бойынша онлайн және офлайн консультациялар, олар барлық отбасы мүшелерінің тәрбиесіндегі балаға қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге, педагогикалық мәдениетті қалыптастыру бойынша педагогикалық ағартуға бағытталған;
  • ата-аналардың қатысуымен баламен түзету-дамыту сабақтарын өткізу;
  • баламен өзара әрекеттесу тәсілдерін үйрету мақсатында ата-аналармен және олардың балаларымен бірлескен сабақтар өткізу;
  • балабақша мамандарын тарта отырып, мастер-кластар, тренингтер, практикалық семинарлар ұйымдастыру.

3.7. Ата-аналарға баланың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, тәрбиелік әсердің негізгі бағыттары, дағдарыстық жағдайларды жеңу туралы педагогикалық кеңес беру мақсатында теориялық және практикалық семинарлар ұйымдастыру.

3.8. Әдістемелік, консультациялық көмек алу үшін ата-аналар балабақшаға жеке немесе телефон арқылы жүгінеді.

3.9. Көрсетілген тақырыпқа сүйене отырып, әкімшілік кеңес беру үшін қажетті ақпаратты толық меңгерген маманды тартады.

3.10. Ата-аналардың осы қызметке қажеттілігінің болмауына байланысты пункт қызметі шеңберінде консультациялық көмек тоқтатылады.

4. Консультациялық пункттің қызметін бақылау

4.1. КП жұмысына тікелей бақылауды балабақша директорды жүзеге асырады.

4.2. Пункттің қызметі туралы есеп педагогикалық кеңестің қорытынды отырысында тыңдалады.

Новости