2025–2026 оқу жылына арналған Құзыреттер орталығының қызметі аясында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың 20 қарашасында тірек мектептің бастауыш сынып мұғалімдері (Дмитриева Т.М., Королева Н.А., Севальнева Е.Ю.) «Салтанат» балабақшасына Ашық есік күніне шақырылды. Олар «Ласточка», «Жұлдыздар», «Раушан» мектепалды даярлық топтарындағы ұйымдастырылған іс-әрекеттерге қатысты. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығы – баланың мектепке табысты бейімделуінің негізгі факторларының бірі. Тек тығыз ынтымақтастық жағдайында ғана баланың үйлесімді дамуына және мектепте табысты оқуына ықпал ететін жайлы білім беру ортасын құруға болады.


