«Балауса» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК-да ортанғы және ересек топтармен «Қалай дені сау, күшті болу керек?» деген спорттық іс-шара өтті.
Денсаулық – адам бойындағы басты құндылықтардың бірі. Салауатты өмір салтының іргетасы мектепке дейінгі жаста қаланатынын бәрі біледі. Балабақшадағы спорттық мерекелер бос уақытты өткізу балалардың физикалық және тұлғалық қасиеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады.
«Балауса» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК-да ортанғы және ересек топтармен «Қалай дені сау, күшті болу керек?» деген спорттық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: Ойын жаттығулары арқылы салауатты өмір салтының негіздерін, дене шынықтыруға қызығушылықтарын қалыптастыруға ықпал ету.
Тапсырмалар:
- алған білімдері мен дағдыларын ойын түрінде бекіту;
- қызығушылықты, ептілікті, жылдамдықты, қозғалыстарды үйлестіруді дамыту;
- дене шынықтыруға деген сүйіспеншілікті, салауатты өмір салтын ұстануға деген құштарлығын оятып тәрбиелеу.
Спорттық іс-шара барысында денсаулықты сақтау, физикалық қасиеттерін нығайту және дамыту, балалар ұжымында және шағын топтарда бірлесе, батыл жұмыс істей білу міндеттері шешілді. Ертегі кейіпкерлері доктор Пилюлкин мен Витаминка балаларға проблемалық жағдаяттар қойды, оларды белсенді қозғалыс, эмоционалдық белсенділікке шақырды.
Жалқаулықпен, шаршаумен, вирустар мен микробтармен күресудің жолдары мен шешімдері аз қозғалатын ойындар, саусақ ойындары, «көңілді сәлемдесу», «жылыту-витамин», дене шынықтыру «Дені сау болсын», эстафеталық ойындары арқылы жүзеге асырылды. «Қолды жууды ұмытпаңыз», «Гигиена – денсаулық кепілі», «Дәрумендер»; «Өз үйіңді тап», «Иммунитет» қозғалыс ойындар. Спорттық шараның шарықтау шегі «Спорттық балалар» гимнастикалық ойыны болды.
Әр бала сыйлық ретінде витаминдер мен жақсы көңіл-күй алды!