back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Балауса» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Балауса» бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
«Маленькие батыры»
14-12-2022 15:14
«Маленькие батыры»
«Кішкентай батырлар» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында «Балауса» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК-ның мектепалды, ересек және ортаңғы топтарында «Кішкентай батырлар» атты спорттық-музыкалық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты балалардың физикалық қасиеттерін дамыту, қазақтың ұлттық ойындары «Айгөлек» «Алақай», «Бәйге» «Оқтау тартыс»; «Арқан тарту», «Орамал» «Балапандар» арқылы, ұлттық күй, әуен сүйемелдеуімен балалардың қозғалыс тәжірибесін байыту болды. Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара патриоттық, құрмет, салауатты спорттық құштарлық және ізгі ниет атмосферасында өтті. Балалар қазақтың ұлттық ойындарында өздерінің күштерін, жылдамдықтарын көрсете білді, қазақ халқының мәдениетімен танысты. Мерекелік іс-шара балалардың өз еліне, халқына деген мақтаныш сезімін, жақсылыққа және керемет болашаққа деген сенімін оятты!
Новости