«Балауса» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК-да
«Алтын кілтті іздеу» спорттық іс-шарасы өтті.
Мақсаты: балалардың физикалық, психологиялық және адамгершілік денсаулықтарын нығайту болды.
Міндеттері: балаларға бұрын меңгерген қозғалыс біліктері мен дағдыларын қолдануға мүмкіндік беру, қозғалыс тәжірибесін, ой-өрісін, білуге деген құштарлығын, ептілігін, қимыл-қозғалысын дамыту, дене шынықтыруға деген сүйіспеншілігін, салауатты өмір салтын ұстануға ынтасын арттыру болды.
Спорттық шара «Бізге ертегі спортпен айналысуға көмектеседі» деген ұранмен өтті. Өйткені, ертегілер – халықтың ғасырлар бойы жасаған тұтас адамгершілік-эстетикалық кодексі. Ертегі кейіпкерлері Буратино, Мальвина және Көңілді Гном қызықты саяхат атмосферасында болуға көмектесті. Балалар кейіпкерлерге алтын кілтті табуға көмектесу үшін көмекші карталардағы тапсырмаларды қуана орындады. «Сәлем, досым», «Ертегідей старт», «Көңілді алақандар», «Құтан» көңілді жаттығулары, «Алтын кілт» көзге арналған гимнастикасы, «Паровоз» музыкалық ойыны, «Екі Аяз» қимылды ойындары, қазақтың ұлттық ойыны «Балапандар» – балаларға көтеріңкі көңіл - күй сыйлады.
Іс-шараға барлық балалар ат салысты, өйткені олар жақсылық жасауға қабілеті, күші бар басты кейіпкерлер еді. «Жақсылық әрқашан зұлымдықты жеңеді» деген спорттық іс-шараның қорытындысын балалар педагогтармен бірге жасады.