
Халықаралық Жер күні әдетте 22 сәуірде атап өтіледі және 2024 жылы да ерекшелік болмайды. Бұл қоршаған ортаны қорғауға, жер шарын көгалдандыруға және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттауға арналған ең пайдалы әрі адамгершілікке толы мереке. Халықаралық Жер күні жыл сайын жалпы сенбіліктермен қатар жүреді, онда жас ағаштар мен гүлдер отырғызылып, айнала тазаланады. Мерекелік іс-шаралар, табиғатты қорғау акциялары ұйымдастырылады.
Халықаралық Жер күні аясында балабақшада «Жер - ортақ үйіміз» экочелленджі өтті, оған біздің мектеп жасына дейінгі балалар мен №6 мектептің оқушылары қатысты.