2025 жылғы 22 сәуірде №6 ЖББМ-нің оқушылары Жер күні — біздің планетамызға қамқорлық көрсету мерекесін өткізді. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының әділеттілік пен жауапкершілікке негізделген негізгі құндылықтарына сүйене отырып, сенбіліктер ұйымдастырылды. Ізгілік сабақтастығы аясында және осы мерекеге орай балабақшалар мен мектептерде ерекше сенбілік өтті — мектеп түлектері балабақшаға барып, болашақ бірінші сынып оқушыларымен бірге аумақты тазалады. Үлкен оқушылар кішкентайларға құрғақ жапырақтарды жинауға, жолдарды сыпыруға, ағаш отырғызуға көмектесті. Балдырғандар жер қазуға белсене кірісіп, он бірінші сынып оқушыларынан қалмауға тырысып, табиғат пен экология туралы көп сұрақ қойды. Жер күні қайырымды істер мен жаңа достықтардың нағыз мерекесіне айналды. Өйткені, планетаға деген қамқорлық ең кішкентай істерден басталады — сүйікті балабақша мен мектеп алдындағы таза жолдан.







