«Білім беруді дамытудың заманауи үрдістері» атты бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының қалалық форумы
2022 жылдың 11 қарашасында «Білім беруді дамытудың заманауи үрдістері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының қалалық форумы өтті. Ұстаздар түрлі бағыттағы тәжірибелерімен бөлісті. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қурманалина Айгүл Тукеновна «Қазақ тілін оқытудағы қазақ халық ертегілері» атты жұмыс тәжірибесімен таныстырды. «Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп сабақтастығы тұжырымдамасы» секциясының модераторы ретінде инновация әдіскері Галимова Ольга Рашитовна сөз сөйледі.
Форумда білім беру ұйымдары форумның бағыттары бойынша әдістемелік әзірлемелерімен таныстырды. Біздің мектепке дейінгі ұйым «Әжемнің ертегісі» жобасы бойынша ертегі-ойын кеңістігін ұсынды.