back-image
"Еркетай" бөбекжайы" КМҚК

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Еркетай" бөбекжайы" КМҚК
«Тақпақ time» әдістемелік құралы
19-05-2025 10:01
«Тақпақ time» әдістемелік құралы
"Еркетай" бөбекжайы" КМҚК 13.05.2025ж. Қарқаралы ауданының педагогтеріне, мектепалды топ тәрбиешілеріне 
арналған «Тақпақ time» әдістемелік құралы бойынша 
тәжірибені жалпылау және тарату семинары ZOOM бағдарламасы арқылы өтті. Онда бөбекжайымыздың педагогтері Тұрсынбақ Гүлсара  мен Душанова Роза Нармуратовна мнемокестемен тақпақ жаттаудың тиімділігі, оны жасау жолдары туралы айтып, "Сөз - сурет достасайық" тақырыбында ҰІӘ - тен бейнеролик көрсетті. Сонымен бірге қатысушылармен "Артығын тап", "Тақпақ құрау" шеберлік сыныптарын қашықтықтан қол жетімділік беру арқылы  өткізді. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған өздерінің жасап шығарған "Сиқырлы айна" ойын құралын таныстырды. Оның ерекшелігі айнаның сырғымалы екі жақты қабаттарындағы  артикуляциялық жаттығуларды айнаға қарап қайталап, келесі бетіндегі мнемо тақпақты жаттайды.
Семинарға барлығы 50 педагог қатысты. Семинар соңында бөбекжайымыздың музыка жетекшісі Кунушпаева Динара Ержановна "Тікелей эфирге қоңырау шалу" әдісі арқылы рефлексия өткізді.
Новости