back-image
"Еркетай" бөбекжайы" КМҚК

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Еркетай" бөбекжайы" КМҚК
«Тақпақ time» әдістемелік құралы
19-05-2025 10:29
«Тақпақ time» әдістемелік құралы
14.05.2025ж. "Еркетай" бөбекжайы " КМҚК бөбекжайымыздың педагог-зерттеуші санатындағы Душанова Роза Нармуратовна және педагог-сарапшы Тұрсынбақ Гүлсара Теміртау қаласының педагогтеріне, мектепалды топ тәрбиешілеріне
арналған «Тақпақ time» әдістемелік құралы бойынша 
тәжірибені жалпылау және тарату офлайн-семинар өткізді. Оған Теміртау қаласындағы "Ұяша", "Сәуле", "Қуаныш", "Вольшебный замок", " Айсұлу", "Гүлдер", "Ақтілек", "Дельфинчик", "Алтынай", "Балбөбек" және т. б. бөбекжайларынан 25 педагог келіп қатысты.
Семинар қаламыздың білім бөлімінің әдіскері Адамбекова Галина Григорьевна мен бөбекжайымыздың директоры Алибекова Гулзамира Айдаркуловнаның алғы сөзімен басталды. Әрі қарай тәжірибе таратушы педагогтеріміз "Мнемокестемен тақпақ жаттау тиімділігі" презентациясын таныстырып, "Сөз-сурет достасайық" атты ҰІӘ өткізді. Семинарға қатысушылар аталмыш педагогтердің  "Ойнайық та ойлайық, ойлайық та жаттайық" кубизм әдісі арқылы жасалатын мнемотақпақ кубигін жасап қана қоймай "Мнемо моншақ" жасау шығармашылық әдістемелік шеберлік сыныптарына қатысып мнемомоншақ жасады.  "Бірігу" тақырыбындағы сергіту сәтін мекемеміздің  педагог-модератор санатты логопеді, магистр Жалғасбаева Жансая Исабекқызы өткізді. Онда семинарға қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, бірлесіп ойын ойнады. Семинар соңында педагог-сарапшы санатты психологымыз Сағынған Баршагүл "Бинго" ойыны арқылы рефлексия жүргізді. Қатысушылар бүгінгі семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, тілектерін білдірді.
Новости