ҚР Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың2024 жылғы 2 кыркүйегіндегі жолдауы жайлы пікірі. 2024 жылдың 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Парламент палатасының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауына Қарағанды облысы
ҚР Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың2024 жылғы 2 кыркүйегіндегі жолдауы жайлы пікірі.
2024 жылдың 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Парламент палатасының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауына Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Гүлдер» бөбекжайы» ұжымының пікірі.
Мектептердің жұмысын жақсарту шараларын қолға алуға тапсырмалар берді. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлуіне тоқталды.
Ұстаздар - ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық атап өтті. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғасын таба беру керек екенін айтты.
Баланы мектепке дайындау мәселесіне айрықша назар аударған жөн. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында әр балаға бөлінетін қаражат отбасының нақты табысына байланысты болуы керек. Осылайша, біз білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру арқылы шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеміз және мемлекеттік қолдаудың ашық болуын қамтамасыз етілетінін айтты. Түптеп келгенде, азаматтарымыздың әлеуетін арттырамыз» деді.
Мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет. Бұл жұмысты Үкімет қаржы саласын реттеу органдарымен бірге атқаруы керек. Мұның бәрі азаматтарымыздың әртүрлі алаяқтардың құрығына түсіп қалмауына мүмкіндік береді. Құзырлы органдардың бәрі заңға бағынатын жұртқа зардабын тигізіп жатқан алаяқтыққа және сол сияқты басқа да заңсыз әрекеттерге қарсы батыл шаралар қабылдауға тиістігіне аса көңіл аударды.
Бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отыр салауатты өмір салтын ұстануды тоқтатпау керектігіне тоқталды. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Президент биылғы Олимпиадаға қатысып келген спортшылармен қатысушылармен кездескенін, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталды. 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жарияла
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөл директордың м.а Ш.Абенова.