back-image
КГКП "Ясли-сад "Айналайын"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП "Ясли-сад "Айналайын"
Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс
21-08-2024 14:40
Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс

  Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің бос

лауазымдарына орналасуға конкурс


 

 

 

 

 

Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжайы» КМҚК

Кушоқы кенті Асфальтная көшесі, 13

              Телефон: 8(72138)32-820, 87012405794

          e-mail: zhuravushka87@mail.ru

1.Негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:

1.Тәрбиеші -2бос жұмыс орны қазақ тілінде

2.Тәрбиеші (декреттік демалыс кезінде) - 1 бос жұмыс орныорыс тілінде

3.Тәрбиеші -2бос жұмыс орны орыс тілінде

4. Музыкалық жетекші - 1 бос жұмыс орны

1) Функционалдық міндеттері:

- Тәрбиеші балаларды жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиелейді және оқытады, білім беру әдістемелеріне, ТжКБ бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес дамыту және оқыту сабақтарын өткізеді.

- Музыкалық жетекші білім алушыларды оқытылатын пәннің психологиялықфизиологиялық ерекшеліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Оқушылардың музыкалық қабілеттері мен эмоционалдық саласын, шығармашылық қызметін дамытуды жүзеге асырады.  

2) біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Педагог біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беру: оқу бағдарламасының мазмұны мен оқыту әдістемесін білуі, жұмыс жоспарын құру, білім беру ұйымы деңгейінде іс-шараларды жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс.

Педагог-модератор «педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беру, тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі; музыкалық сабақтардың әртүрлі түрлерін кеңінен пайдалануы; МДҰ әдістемелік жұмысына қатысуы; педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеуі; ашық сабақтар өткізуі, білім беру ұйымы ішіндегі іс-шараларға қатысуы тиіс;     

 3) құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі:

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 20.08.2024ж.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.08.2024ж.

4) қажетті құжаттар тізімі:

 1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

5) құжаттарды тапсыру орны, байланыс телефоны және конкурсты өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға:

«Айналайын» бөбекжайы» КМҚК Кушоқы кенті Асфальтная көшесі, 13

Телефон. 8(72138) 32-820

Құжаттарды қабылдауға жауапты: Жалелова Рымкуль Усибалиевна

Новости