Ата-аналар жиналысы
Бүгін «Балдырған» балабақшасында жалпы ата-аналар жиналысы өтті! ✨
2025–2026 жаңа оқу жылының маңызды мәселелері талқыланды:
???? Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру;
???? Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету тобының мамандарымен танысу;
???? Балалардың иммунитетін нығайту бойынша кеңестер;
???? Бала-бақшаға бейімделудің тиімді жолдары.
Сондай-ақ:
- Жөндеу жұмыстарының қорытындысы шығарылды;
- Кеңсе тауарларын мемлекеттік сатып алу арқылы алу тәртібі түсіндірілді;
- Қамқоршылық кеңесінің жұмысы талқыланды.
“Адал азамат” бағдарламасы таныстырылып, бала мен ата-аналарға адалдық пен жауапкершілік тәрбиелеу жолдары айтылды.
Кездесу соңында топтық ата-аналар жиналыстары өткізілді.
???? Белсенділік пен қолдауларыңыз үшін алғысымызды білдіреміз — бірге біз балабақшамызды балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз мекенге айналдырамыз!
#Балдырған #Теміртау #АтаАнаЖиналысы #Балабақша #ЖаңаОқуЖылы
# балалар# ата-аналар# бірге күштіміз# АдалАзамат