Экскурсия «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам»
Балабақша мен мектепте білім беру серіктестігі аясында 2023 жылы 8 желтоқсанда Т.Әубәкіров гимназиясының педагогтері директор С.В.Урываевтың басшылығымен болашақ мектепке барушылар үшін танымдық саяхат ұйымдастырды.Балабақшаның мектепалды топ тәрбиеленушілері гимназияда оқитындардың жарқын да ,қызықты өміріне куә болды: мектепке дейінгілер кітапханада; қол еңбегі сабағында; заманауи спорт залында болды.Компьютер класында балалар цифрлық суретші ролінде болып, қызықты коллажды бояды. Әсіресе виртуалды -көзілдірік ерекше қызықтырды, суретке “жан бітіріп” және көрген бейнесін сөзбен байланыстыруға көмектесті.Сонымен қатар гимназияның заттық-дамытушылық ортасы балалардың назарынан тыс қалмады. Тактилді-сенсорлық бизибордтар мектепке дейінгілерге мектеп өміріне тез бейімделуіне көмектеседі.
…Міне, “ВИШЕНКА НА ТОРТЕ”- асханасы! Жайлы және әдемі ортада тоқаштың “сиқырлы” дәмін татып, тілектер тіледі.
Ғажайыптар мұнымен таусылған жоқ.Әрбір кішкентай саяхатшы гимназия директорының қолынан кітаптар алды.Сергей Васильевич пен оның тобына жылы қабылдаулары үшін алғыс айтамыз!



