Жаңа жыл - бұл жаңа үміттер мен жаңа кездесулердің уақыты
Жаңа жыл - бұл жаңа үміттер мен жаңа кездесулердің уақыты...
Бүгін біздің балабақшада осындай кездесу өтті: “Гүлдер” тобының тәрбиеленушілеріне Тоқтар Әубәкіров атындағы гимназияның оқушылары келді,
Танысу Аяз Ата мен Ақшақармен мерекелік жағдайда өтті. Ешкім сыйлықсыз қалған жоқ!!!
Аталған іс-шара Тоқтар Әубәкіров атындағы гимназия және Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің “Балдырған “арнайы балабақшасы” КММ сабақтастығы аясында өткізілді.
Жаңа жыл - ғажайыптар, ертегілер мен игі істер уақыты.. Тоқтар Әубәкіров атындағы гимназияның 6 “А” сынып оқушыларына, гимназияның сынып жетекшісі Жұмаділова Жұмагүл Амангелдіқызына, ата-аналар комитетінің төрайымы Алиева Елена Валерьевнаға және “Балдырған” б/б Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сергей Васильевич Урываевқа Жаңа жыл қарсаңында керемет тосын сый жасағаны үшін алғыс айтамыз.
Жаңа жыл қарсаңында ғажайыпқа сеніңіз - сонда ол міндетті түрде орындалады!