Диалог алаңы
«Болашақ бірінші сынып оқушыларын оқытудағы цифрлық технологиялар.
Білім беру үдерісінде интерактивті интеллектуалдық ойындарды қолданудың рөлі»
тақырыбындағы диалог алаңының өткізілуі туралы
Мақсаты:
Балаларды мектепке даярлау барысында цифрлық және интерактивті білім беру құралдарын қолданудың тиімді тәсілдерін талқылау және тәжірибе алмасу.
Міндеттері:
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беруде цифрлық технологияларды енгізудің қазіргі заманғы үрдістерін талқылау;
Танымдық үдерістерді, ұсақ қол моторикасын, логикалық және сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған интерактивті интеллектуалдық ойындарды қолданудың практикалық мысалдарын ұсыну;
Балабақша мен гимназия арасындағы преемственность шеңберінде бірлескен жобалардың мүмкіндіктерін белгілеу.
Талқылауға ұсынылған негізгі мәселелер:
1. Болашақ бірінші сынып оқушыларын даярлауда интерактивті платформаларды пайдалану әдістері мен формалары.
2. Цифрлық ортадағы педагогикалық әсер мен артықшылықтары.
3. Балалардың мектепке бейімделуі мен ынтасына ойын түріндегі білім беру моделінің әсері.
4. Оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыруда бірыңғай тәсіл әзірлеу.
Диалог алаңындағы сөз сөйлеу
«Болашақ бірінші сынып оқушыларын оқытудағы цифрлық технологиялар.
Білім беру үдерісінде интерактивті интеллектуалдық ойындарды қолданудың рөлі»
Дайындағандар:
ЧУ «Т. Аубакиров атындағы гимназия» Бас директоры — Урываев С.В.
КГУ «Балдырған» арнайы балалар бақшасының директоры — Шигабутдинова Н.И.
Т. Аубакиров атындағы гимназияның УТЖ директоры — Белкина С.А.
Құрметті әріптестер, қадірлі серіктестер!
Бүгін біз заманауи білім берудің маңызды бағыттарының бірі — болашақ бірінші сынып оқушыларын даярлауда цифрлық технологияларды және интерактивті интеллектуалдық ойындарды енгізу тақырыбына арналған диалог алаңында бас қостық.
Қазіргі бала — цифрлық дәуірдің өкілі. Ол технологиялар тек ақпарат көзі емес, сонымен бірге ойлау, коммуникация, зерттеу және шығармашылық қабілеттерді дамыту құралы болып табылатын қоғамда өсіп келеді. Сондықтан біздің міндетіміз — цифрлық ресурстарды саналы және мақсатты қолдану, оларды баланың дамуына бағыттау, алайда тірі қарым-қатынасты және рухани-адамгершілік құндылықтарды алмастырмау.
Интерактивті интеллектуалдық ойындар мүмкіндік береді:
ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыруға: талдау, логика, сыни ойлау;
Сөйлеуді, зейінді, есте сақтауды және ұсақ қол моторикасын дамытуға;
Балалардың қызығушылығын арттыруға және мектепке бейімделуін жеңілдетуге;
Әр бала үшін табыс жағдайын жасауға.
Цифрлық технологиялардың маңызы әсіресе балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы преемственность шеңберінде арта түседі. Тек күш біріктіргенде ғана біз болашақ оқушыларды табысты дайындай аламыз.
ЧУ «Т. Аубакиров атындағы гимназия» ұжымына бірлескен жобаларға белсенді қатысқаны және ашық кәсіби ұстанымы үшін алғыс білдіремін.
Біздің серіктестігіміз — қаламыздағы білім беру ұйымдарының тиімді өзара іс-қимылының жарқын үлгісі, ортақ мақсатымыз — әр баланы жан-жақты дамыту және бақытты балалық шаққа жағдай жасау.
Бүгінгі кездесу жаңа идеялардың, бірлескен бастамалардың және инновациялық тәжірибелердің бастауы болсын!
Бірге — табысқа! Рахмет!





