Бос орындар !
НАЗАР АУДАРЫҢДАР!!!
БОС ОРЫН!
Бос лауазым туралы хабарландыру Қарағанды облысы Білім басқармасы Осакаров ауданының білім бөлімінің "Нұрай" бөбекжай" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны бос Тәрбиеші лауазымына - мемлекеттік тілде оқытатын топқа 2 бірлік , уақытша бос орынға, 1,125 мөлшері (ставка) жариялайды.
Тәрбиешінің негізгі функционалдық міндеттері:
* Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда Денсаулық сақтау технологияларын қолданады.
* Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына, жас тобының үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны құрады, балалар қызметін (ойын, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек) басқарады.
* Балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады.
* Дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлайды.
* Қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде тәрбие - білім беру қызметін жобалайды.
* Мектепке түсу кезінде тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды және әдетте дамып келе жатқан балаларды бірлесіп тәрбиелеу және оқыту жағдайында әлеуметтендіруді жүзеге асырады.
* Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді.
* Отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады.
* Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғайды.
* Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді.
Тәрбиешінің жалақысы 236000 теңгені құрайды және келесі айдың 10-на дейін төленеді.
Біліктілік талаптары:
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;
Құжаттарды қабылдау 06.11.2024 жылдан бастап 7 жұмыс күні ішінде электрондық немесе қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған Парақ;
4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.01.2023 жылғы №ҚР ДСМ – 175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог - модератордың, педагог – сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
10. Уақытша бос лауазымға кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
Біздің мекен-жайымыз: Осакаровка кенті, Целинная көшесі 2А, 8(72149)24001, 43625 nyrai123@mail.ru