"Айгөлек" бөбекжай-бақшасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Мектеп жасына дейінгі балаларды танымдық іс-әрекетке тарту әдістері мен тәсілдері" атты семинар өтті.
Мақсаты: мектепке дейінгі тәрбиешілердің кәсіби шеберлік деңгейін арттыра отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды танымдық-тілдік дамытуда заманауи әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Жан-жакты болуға, белсенділікке баулу. Интеллектуалды дағдыларын қалыптастыру.