back-image
КГКП "Ясли-сад "Балбөбек"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП "Ясли-сад "Балбөбек"
Уақытша тәрбиеші қызметіне конкурс
30-07-2024 15:21
Құрметті конкурсқа қатысушы үміткерлер! 2024 жылдың 30 шілдесінен 11 тамыз аралығында Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің “Балбөбек” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны уақытша тәрбиеші қызметіне 1,25 жүктеме сағатына конкурс жариялайды. Мекеменің орналасқан жері: Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің “Балбөбек” бөбекжайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны - 101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Кисунько көшесі 7А ғимараты. Мекеменің қызмет түрі: Білім беру саласындағы қызмет (мектепке дейінгі білім беру). Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 1. жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) мектепке дейінгі білім беру мамандығы; 2. конкурсқа қатысу туралы өтініш; 3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4. кадрларды есепке алу бойынша толтырылатын жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген - бар болса); 5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6. Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қаңтардағы №ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8. норкологиялық ұйымнан анықтама; 9. соттылығының жоқ екені туралы анықтама; 10. Екпе алғанын растайтын вакцинация паспортының көшірмесі. 11. жазалар мен көтермелерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме; 12. ҰБТ (Ұлттық біліктілік тестілеу) сертификаты немесе педагог-модератор, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективалары.
Новости