25 қазан Республика күні! Оны Президентіміз ұлттық мереке санатына қосты. Сондықтан қазақтың тойлайтын мерекелік күндерінің қатарында. Еліміздің егемендігін алғаш жариялап, тарихи құжатпен байланысты осы күнді ұлттық мереке деп қарсы алу керек. Мерекеге "Балалар өнер мектебі" белсене ат салысты, атап айтсам Молодежный кентінің мұғалімдер қауымы, Уызбай ауылдық округінің домбыра бөлімінің оқушылары, Осакаров ауданының вокал бөлімі, би бөлімі, домбыра оқытушылары мен оқушылары. Өткен күнге көз жүгіртіп, келешекке ой жүгіртіп отырған әр отбасыға бақыт, шаңырақтарында шаттық болсын. "Балалар өнер мектебі" Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтайды!
Республика күні