back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "Балалар өнер мектебі" КМҚК

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "Балалар өнер мектебі" КМҚК
Вебинар
28-11-2023 09:55
Вебинар

Ағымдағы жылдың 27 қарашасы қосымша білім беру орталықтарына арналған, Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен облыстық деңгейдегі вебинар өтті. Вебинарға Осакаров ауданының “Балалар өнер мектебі” және “Жастар” балалар-жасөспірімдер орталығының оқытушылары Наурызхан Анаргүл “Даярлық тобы оқушыларына арналған ойын түріндегі дем жаттығулары мен дауыс жаттығулары”, Нұрсолтан Ғалия “Вокал сабағында дикцияны дамытуға арналған дауыс жаттығулары”, Солдатова Сауле Ахановна “Театр үйірмесінде қолданылатын әдіс-тәсілдер” тақырыптарымен вебинарға қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Вебинарда өте ауқымды тақырыптар талқыланып, мақсат, міндетін, баланың қабілетін ашатын жаттығуларды орындап көрсетті. Вебинар жас мамандарға арналды. Келешегі жарқын жас буындарымыздың белсене ат салысқаны қуантты.

Новости