back-image
КГУ "Школа-лицей №1"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Школа-лицей №1"

ЖАРҒЫСЫ

 

Қарағанды облысы білім басқармасының

Саран қаласы білім бөлімінің

«№ 1 мектеп-лицейі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

                1– тарау. Жалпы ережелер

       1.Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№ 1 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) осы Жарғыда көрсетілген тиісті функциялардыжүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

2.Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3.Мемлекеттік мекеме облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылады.

4.Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Қарағанды облысының әкімдігі болып табылады.

5.Қарағанды облысы Білім басқармасының «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің басқару органы болып табылады.

6.Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік (қазақ) тілдегі атауы:

Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№ 1 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде:

Коммунальное государственное учреждение  «Школа–лицей № 1» отдела образования города Сарани управления образования  Карагандинской области.

7.Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы Жамбыл көшесі, 50 құрылыс.

2 – тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

      8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері мен мөрлері бар.

      9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

      10. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

      11. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін осы тарауда және өзге де құқықтық актілерде көрсетілген барлық туындайтын функцияларын мемлекеттік мекеменің басқару органы жүзеге асыра алады.

3 – тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

 12.Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні: жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін оқыту және тәрбиелеу; баланың жеке басының жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау; білім алушылардың өз бетінше білім алуға және қосымша білім алуға қажеттілігін қанағаттандыру.

13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:

1)Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген азаматтардың белгіленген жалпыға міндетті білім беру стандарттарын тегін орта білім алу құқығын іске асыру;

2)жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету;

3)жоғары деңгейлі мәдениеттi, қоғам өмiрiне бейiмделген, кәсiптік білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және меңгеруге дайын зияткер тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

4)кәсіптік оқытуға бағытталған пәндер бойынша оқушыларды даярлау.

14.Мемлекеттік мекеме өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: бастауыш, негізгі және жалпы орта, қосымша білім беру. Мекеме мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (шағын орталық, мектепалды сыныптар) саласында білім беру қызметтерін көрсетеді. Қызметтің барлық түрлері Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында көзделген рәсімдер орындалғаннан кейін көрсетіледі.

15.Мекеме қызметінің негізгі міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат 
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

3) азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; 

5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баурау; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін (ағылшын, неміс) меңгерту болып табылады.

6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету; 

7) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

8) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік, қашықтықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;

9)жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту

10)білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету; 

11) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау;

12)мәдениет деңгейі жоғары, қоғам өміріне бейімделген, кәсіби білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және игеруге дайын зияткерлік тұлғаны қалыптастыру;

13)жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеру үшін неғұрлым қабілетті және дайындығы жоғары оқушыларға оңтайлы жағдай жасау;

кәсіптік оқытуға бағытталған пәндер бойынша оқушыларды даярлау;

мемлекеттік мекеме базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, жаңа үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдерін, оқу қызметінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастыру нысандарын тәжірибелік тексеру жүзеге асырылады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес келесі ақылы білім беру қызметін көрсету:

1)қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту;

2)арнайы курстар мен пәндер циклдерін қосымша оқыту бойынша;

3)жекелеген білім алушылармен жеке тәртіппен оқу жоспары бойынша сағат санынан артық пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізу;

4)оқушылармен пәндерді қосымша тереңдетіп оқыту бойынша (мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың тиісті білім беру бағдарламалары шеңберінен тыс).

5)тегін білім беру қызметтерінің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін өзге де білім беру қызметтері;

ақылы қызметтер негізгі қызметтің орнына көрсетілмейді.
Мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтерінің бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады;

мекеме дамытушы оқытудың жаңа мазмұнын, оны енгізу бойынша формалар мен әдістерді іздестіруді, әзірлеуді, эксперименттік оқу жоспарларын, бағдарламалар мен факультативтік курстарды байқаудан өткізуді ұйымдастыратын білім беру ұйымы болып табылады. Оқу үдерісін ұйымдастыру, басқару осы жарғыға сәйкес жүзеге асырылады;

оқу-тәрбие қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген және жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламаларды игеруді іске асыратын оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеменің бағдарламалары мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің үлгілік бағдарламаларына сүйенеді;

мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында белгіленген шекте оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін таңдауда дербес болады. Білім беру үдерісін жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме жылдық оқу жұмыс жоспарын және оқу сабақтарының кестесін әзірлейді және бекітеді;

лицей компоненті қамтамасыз етеді:

1) әрбір лицейдің жеке таңдауымен бейіндік оқытуды, жеке дамыту бағдарламасын, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын пайдаланумен;

2) лицейдің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын, бейіндік пәндерді енгізумен қамтамасыз етіледі;

мемлекеттік мекемеге білім алушылардың таңдауы бойынша факультативтерге және қосымша курстар ұйымдастыруға әр сыныпқа 4 сағат есеппен, сондай-ақ әр сыныпқа үйiрмелер мен студиялар, ғылыми қоғамдар және т.б. ұйымдастыру үшiн мұғалімдерге 0,25 ставкада, сондай-ақ шарт негiзiнде жоғары білікті мамандарға жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін мектепке жылына 1500 сағат есебiне қаражат бөлiнедi;Факультативтік сабақтар және таңдау бойынша курстар топтарда 10-нан астам адам болған жағдайда өткізіледі;

оқыту тілі орыс тілі болып табылады;

оқу жұмыс жоспарының вариативті бөлігі қамтамасыз етеді:

1) инновациялық технологияларын қолдану арқылы жеке таңдау, жеке даму бағдарламасын;

2)мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пәндерді дамытатын жаңа оқу бағдарламаларын енгізуді;

3)тұлғаның жалпы мәдени дамуына ықпал ететін, дүниетаным мен гуманистік сананы қалыптастыратын, шындықты танудың әмбебап тәсілдерін меңгеруге, білім алушылардың ойлау қызметін дамытуға бағытталған пәндер мен курстарды енгізу;

мемлекеттік мекеменің құрылымы:

1)әкімшілік (директор және оның орынбасарлары);

2)әдістемелік кеңес, педагогикалық кеңес, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес, қамқоршылық кеңес, жалпымектептік ата-аналар комитеті, сыныптық ата-аналар комитеттері, пәндік әдістемелік бірлестіктер;

3)сынып, топ – мемлекеттік мекеменің негізгі құрылымдық бірлігі.

Білім деңгейлері:

1)бастауыш білім беру (1-4 сыныптар) негізгі стратегиялық бағыт - кіші оқушының жеке қабілеттерін ашуға, оқытудың оң мотивациясы негізінде қызметтің негізгі салаларында бастапқы бағдарлауды және шығармашылықтың бастапқы дағдыларын қалыптастыруға, балалардың психофизикалық, зияткерлік және музыкалық дамуына жағдай жасауға мүмкіндік беретін дамытушылық оқыту болып табылады.Оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - 4 жыл;

2)негізгі орта білім беру (5 - 9 сыныптар) білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған базалық әмбебап білім беруді қамтамасыз етеді, неғұрлым күрделі танымдық процестерге көшу үшін арнайы дағдылар мен біліктерді қалыптастырады;жалпы дамытушылық және арнайы курстарды таңдауды қамтамасыз етеді, оқушылардың жеке оқыту жүйесін құруға мүмкіндік жасайды.Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.Білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету.Негізгі орта білім- жалпы орта білім алу үшін негіз болып табылады.Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі-5 жыл;

3)жалпы орта білім беру (10-11 сыныптар) білім алушының танымға деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды, оқытуды саралау негізінде өз бетінше оқу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.Жеке тұлғаның қызығушылықтарын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін іске асыру мақсатында міндетті пәндерге қосымша білім алушылардың өздері таңдаған пәндер, яғни гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша бейіндік оқыту енгізіледі.Жалпы орта білім бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік (қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша) және жоғары кәсіптік білім алу үшін негіз болып табылады.Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі-2 жыл

 «Көркем еңбек» пәнін оқыту, вариативті компонент сағаттары сияқты Мектепаралық оқу-өндірістік комбинат базасында (болған жағдайда) жүзеге асырылуы мүмкін.Қосымша білім беруді дамыту шеңберінде Қарағанды облысы білім басқармасының «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесібасшысының бұйрығына сәйкес мектептің оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігінің сағаттары қосымша білім беру ұйымдарына берілуі мүмкін;

сағаттар мен сыныптарды беру, сондай-ақ үйірмелерді оқытуға байланысты барлық мәселелерді реттеу Қарағанды облысы білім басқармасының «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіжүзеге асырылады.Мемлекеттік мекеме мектептен тыс оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттарын өткізуге құқылы (мәдениет мекемелері, спорт ғимараттары, әскери нысандар, зерттеу зертханалары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, қосымша білім беру ұйымдары және т.б.).

тиісті контингентті көрсете отырып, сыныптар жиынтығы Қарағанды облысы білім басқармасының «Саран қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысымен келісіледі.Сыныптар жиынтығын қалыптастыруға мемлекеттік мекеме басшысы дербес жауапты болады.Сыныптардағы оқушылар саны осы білім беру ұйымына тікелей бөлінетін бюджет қаражаты ескеріле отырып, санитариялық нормативтер сақталған жағдайда қолданыстағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес белгіленеді;

сыныптар тізбесі мемлекеттік білім беру стандартында айқындалған пәндерді оқу кезінде кемінде 24 оқушы санымен 2 кіші топқа бөлінуі мүмкін;

мемлекеттік мекемеде толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық құрылуы мүмкін. Мектепке дейінгі шағын орталықтар балаларды жан – жақты дамыту және баланы тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруда, балаларды әлеуметтік бейімдеуде олардың ата – аналарына әдістемелік – кеңес беруді қолдау мақсатында құрылады;

шағын орталыққа қабылдау мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау қағидалары негізінде жүргізіледі.  Балаларды қабылдау үшін құжаттар тізбесі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау қағидаларымен және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік стандартымен айқындалады;

мемлекеттік мекеме денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыға сәйкес оқушылармен үйде сабақ өткізуді қамтамасыз етеді.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулықтарына сәйкес аптасына оқу сағаттарының саны бөлінеді, кесте жасалады, бұйрықпен педагогтердің дербес құрамы айқындалады, өткізілген сабақтар журналы жүргізіледі.Ата-аналар (заңды өкілдер) үйде сабақ өткізу үшін жағдай жасауға міндетті;

оқу сабақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басталады және аяқталады.Оқу жылының ұзақтығы, оның ішінде оқу апталары мен каникул саны білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілеріне сәйкес айқындалады;

мемлекеттік мекемеде келесі жұмыс және сабақ режимі белгіленуі мүмкін:сабақтың бірінші ауысымында басталуы – 8:00 (8:30 немесе 9:00) сағат, екінші ауысымда – 13:30 (14: 00) сағат.Сабақ кестесін мемлекеттік мекеменің директоры, не оны алмастыратын адам бекітеді.Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы мен реттілігі, сондай – ақ сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығы көрсетіледі.Мектептегі сабақ кестесінің мәселелері қолданыстағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен реттеледі.Сабақ кестесі уәкілетті органдар және (немесе) лауазымды адамдар белгілеген шектеу шараларына негізделген эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгеруі мүмкін;

сабақтар арасындағы үзілістер кезінде мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ата – аналар мен жалпыға міндетті оқу қорының қаражаты есебінен мектеп асханасында жүзеге асырылатын білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастырады;

мемлекеттік мекемедегі тәртіп білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтардың адамдық қадір-қасиетін құрметтеу негізінде сақталады.Білім алушыларға қатысты күш көрсету және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейді.Оқушыларға дәрігерге дейінгі медициналық қызмет көрсетуді мейірбике қамтамасыз етеді, ол әкімшілікпен және педагогикалық персоналмен қатар білім алушылардың денсаулығы мен физикалық дамуына, емдеу іс-шараларын жүргізуге және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға жауапты болады.Дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуді жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау органдары (емхана) жүзеге асырады. Оқушылар кесте бойынша медициналық тексеруден өтеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес мектеп формасы міндетті. Оны кию тәртібі мен стилі ата-аналар комитетімен немесе қамқоршылық кеңеспен келісім бойынша мемлекеттік мекеме директорының бұйрығымен бекітіледі. Мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келуі керек. Бас киімдер мен түрлі конфессиялардың діни тиесілілігінің атрибуттарын қоса алғанда, киім элементтерін мектеп формасына қосуға жол берілмейді;

міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығында белгіленген жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс;

мемлекеттік мекемеде саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білімнің бөліну принципін сақтауға міндетті. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді;

инклюзивтік білім беру мақсаттарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік мекеме ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім алудың, дамудың бұзылуын түзетудің және білім берудің барлық деңгейлерінде әлеуметтік бейімделудің арнайы жағдайларымен қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемеде ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделерін ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды жалпы сыныпта (екі баладан артық емес) үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша және (немесе) арнайы сыныптарда арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша дамудағы бұзушылықтардың түрлері бойынша оқыту көзделген.Инклюзивті сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, мұғалім-дефектолог, мұғалім – логопед, логопед) түзету сабақтарын өткізеді.Логопункті ашу Қарағанды облысы білім басқармасының «Саран қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесібасшысының бұйрығымен ресімделеді;

мемлекеттік мекемеге қабылдау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде жүргізіледі.Балаларды қабылдауға арналған құжаттардың тізбесі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларында және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік стандартында айқындалады.Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері мұғалімді таңдауға құқылы емес. Сыныптан сыныпқа ауыстыру үлгерім нәтижелері бойынша педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады;

шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, 0 – 11 сыныптарда білім алушылардың ең аз саны 10 адамнан кем болмауы тиіс.Мектепалды сыныптарға қабылдау ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша жүзеге асырылады;

білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі;

қорытынды аттестаттаудан табысты өткен түлектерге мемлекеттік мекеменің мөрімен расталған тиісті білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі;

кәмелетке толмаған білім алушыларды шығаруға құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда жол беріледі. Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады. Кәмелетке толған білім алушыларды мемлекеттік мекемеден шығаруға педагогикалық кеңестің шешімі бойынша құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын, сондай-ақ үлгерімін өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жол беріледі;

тәрбиеленушілерді шағын орталық топтарынан шығару ай сайынғы төлем уақтылы төленбеген, баланы дәлелді себептерсіз бір айдан артық өткізіп алған жағдайларда, медициналық қарсы көрсетілімдер болған кезде жүргізіледі;

білім алушыларға дәрігерге дейінгі медициналық қызмет көрсетуді мейірбике қамтамасыз етеді, ол әкімшілікпен және педагогикалық персоналмен қатар білім алушылардың денсаулығы мен физикалық дамуына, емдеу іс-шараларын жүргізуге және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға жауапты болады.Дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуді жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау органдары (емхана) жүзеге асырады. Білім алушылар кесте бойынша медициналық тексеруден өтеді;

жалпы білім беру процесінің қатысушылары: тәрбиеленушілер, білім алушылар, педагогтар, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың ата-аналары (оларды алмастыратын адамдар) болып табылады.

оқушылар құқылы:

1)тегін жалпы орта білім алуға;

2)әр түрлі қызмет түрлеріндегі ерекше жетістіктері үшін көтермелеуге;

3)медициналық қызмет алуға;

4)кітапхана қорын тегін пайдалануға;

5)қосымша (ақылы) білім беру қызметтерін алуға;

6)мекемені басқаруға қатысуға;

7)адамның қадір-қасиетін құрметтеуге, ар-ождан мен ақпарат бостандығы, өз пікірлері мен сенімдерін еркін білдіруге.

Білім алушылар міндетті:

1)мемлекеттік мекеменің жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін орындау;

2)мекеменің мүлкіне ұқыпты және адал қарауға,білім алушы мектеп мүлкіне зиян келтірген жағдайда, ата-анасымен бірге оны қалпына келтіруге және оның құнын өтеуге;

3)мекеменің басқа білім алушылары мен қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;

4)мекеме орнатқан мектеп формасын киюге міндетті.

Кәмелетке толмаған балалардың ата – аналары мен өзге де заңды өкілдері құқылы:

1)баланың қалауын, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік мекеме ұсынатын мүмкіндіктер шеңберінде оқу нысанын таңдауға;

2)қамқоршылық кеңес немесе ата – аналар комитеті арқылы мемлекеттік мекемені басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3)өз балаларының үлгерімі, мінез-құлқы және оқу жағдайлары туралы ақпарат алуға;

4)өз балаларын оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша консультациялық көмек алуға құқылы.

Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер міндетті:

1)балалардың өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау, олардың зияткерлік және физикалық күштерінің дамуын, адамгершілік қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2)балаларды жалпы білім беретін мектепке одан әрі айқындай отырып, мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;

3)мемлекеттік мекеменің жарғысында белгіленген ережелерді орындау;

4)балалардың мемлекеттік мекемеге баруын қамтамасыз етуге;

5)мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

6)білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;

7)мемлекеттік мекемеде белгіленген киім нысанын сақтауға;

Ата-аналар (олардың орнындағы адамдар) мекеменің жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін орындауға және өз балаларын тәрбиелеу мен оқытуға, сондай-ақ мемлекеттік меншікке ұқыпты қарауға жауапты болуға міндетті.

Мемлекеттік мекемені басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады.Алқалық басқару нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық кеңес болып табылады.

Мемлекеттік мекемені тікелей басқаруды директор жүзеге асырады.

Директор жауап береді:

1)мемлекеттікмекеме қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне, оқу жоспары мен оқу үдерісінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруға, білім алушылардың білім сапасына, өмірі мен денсаулығына, білім беру үдерісі кезінде білім алушылар мен мемлекеттікмекеме қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтауға;

2)лауазымдық нұсқаулықта белгіленген нормативтік актілерді, басқару органдарының бұйрықтарын, лауазымдық міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, оның ішінде берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін;

3) білім алушының жеке басына физикалық және (немесе) психикалық зорлық-зомбылықпен байланысты тәрбиелеу әдістерін қолданғаны, оның ішінде бір рет қолданғаны, сондай – ақ өзге де өнегесіз теріс қылық жасағаны үшін директор еңбек заңнамасына сәйкес атқаратын лауазымынан босатылуы мүмкін.

4)өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау қағидаларын, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың санитариялық-гигиеналық қағидаларын бұзғаны үшін директор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа тартылады.

Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі. Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа:

1) медициналық қарсы көрсетілімі бар; 

2) психатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар. Жыл сайын жылына бір рет, оқу жылының басында педагог өзінің психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтындығын кез келген заңды тәсілмен растайды; 

3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;

4)Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жіберілмейді.

Жұмысқа қабылдау кезінде директор азаматтық қызметшінің тиісті бос лауазымға орналасуға қойылатын біліктілік талаптарын басшылыққа алуға міндетті.Тиісті білімсіз педагогикалық қызметпен айналысуға жол берілмейді.Педагогикалық лауазымдар бойынша азаматтарды қабылдау тәртібін бұзғаны үшін директор дербес жауапты болады.Тиісті лауазым немесе қызмет түрі үшін мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Мемлекеттік мекеменібасқарудың бір түрі-педагогикалық кеңес.Педагогикалық кеңестің құрамына: білім беру ұйымының басшысы (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тәрбиешілер, психолог, әлеуметтік педагог кіреді.Білім беру ұйымының педагогикалық кеңестің отырысына ата – аналар комитетінің немесе қамқоршылық кеңесінің мүшелері шақырылады.Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына арналған білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі. Педагогикалық кеңес өз құрамынан бір жыл мерзімге хатшы сайлайды.

Педагогикалық кеңес қарастырады:

1) мемлекеттік мекемеде құқықтық актілерді орындау жөніндегі іс-шараларды;

2) оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстың жай – күйі, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелері, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді;

3) оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мәселелерін;

4) қорытынды аттестаттауды өткізу, білім алушыларды емтихандарға жіберу,ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды емтихандардан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа көшіру немесе оларды қайта оқу курсына қалдырубілім алушыларды мадақтамалармен, мақтау қағаздарымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіргені туралы куәлік, негізгі орта білімді бітіргені туралы куәлік, үздік аттестат, жалпы орта білім туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру мәселелерін;

5) оқу жүктемесін бөлу, алдын ала тарифтеу, аттестаттауға дайындау, марапаттау және педагогтерді көтермелеу мәселелерін қарайды;

Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін, педагогикалық кеңестің отырысында қаралатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жоспарға сәйкес жүргізіледі. Педагогикалық кеңес жылына кемінде бес рет жиналады.

      15.Мемлекеттік мекеменің осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.

      16. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле құрылтайшының, тиісті саланың уәкілетті органының, сондай – ақ оған қатысты осы жарғыда көрсетілген мүлікке қатысты құқық субъектісінің, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыратын органның талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4 – тарау. Мемлекеттік мекемені басқару

 17.Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қарағанды облысы білім басқармасының «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіжүзеге асырады.

18.Қарағанды облысының әкімдігі мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды.

«Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1)коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2)мемлекеттік мекеменің Жарғысын, енгізілуін, өзгерістерін және толықтыруларын бекітеді.

Қарағанды облысы Білім басқармасының «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекеменің басшысын тағайындайды;

2) мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3)мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

5)мемлекеттік мекеме директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

6)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің штат санын, тарификациялық тізімдерін және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамаларын келіседі;

7)мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;

8)мемлекеттік мекеменің құрылтайшысына мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;

9)осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19.Мемлекеттік мекеменің директорын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тағайындау қағидаларына сәйкес Қарағанды облысы Білім басқармасының «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20.Мемлекеттік мекеменің директоры мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Қарағанды облысы білім басқармасының «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады

21.Мемлекеттік мекеменің директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

22.Мемлекеттік мекеме директорының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

23.Мемлекеттік мекеме директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

10) өз орынбасарларының және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады, оның ішінде білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша шаралар қабылдайды;

12)Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және Қарағанды облысы білім басқармасының «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5 – тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

 24.Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

25.Мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

26.Мемлекеттік мекеменің қызметі Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылады.

27.Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.Бухгалтерлік есепті және мемлекеттік мекеме үшін есептілікті ұсынуды барлық туындайтын функциялары бар мемлекеттік мекеменің басқару органы жүзеге асыра алады.

28.Мемлекеттік мекеменің қаржылық – шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

6 – тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

      29. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7 - тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

       30.Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шешімі бойынша жүргізіледі және Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.

8 - тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

31.Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру Қарағанды облысы әкімдігінің шешімі бойынша жүргізіледі.

32.Мемлекеттік мекеме заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.

33.Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келісім бойынша Қарағанды облысының әкімдігі жүзеге асырады.

34.Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін таратылған мемлекеттік мекеменің қалған мүлкін «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта бөледі.

35.Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

9 - тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

        36.Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

Новости