back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №24"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №24"

МЕКТЕП ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережелер

 

 

1. Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының № 27 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) заңды тұлға мәртебесіне ие, мектепалды дайындықты, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес мекеме болып табылады.

2.  Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3. Мемлекеттік мекеме 2011 жылғы 07 шілдеде Теміртау қаласы әкімінің №26/21 қаулысымен құрылған.

4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Теміртау қаласы әкімдігі болып табылады.

5. Тиісті саланың уәкілетті органы «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

6. Мемлекеттік мекеменің атауы: Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының № 24 жалпы білім беретін орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 101400, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Металлург даңғылы 24/5. 

 

2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

 

8.  Мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

9. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған бланкілері, мөрі болады.

10. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

11. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің қолдануындағы ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

12. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін  күшіне енеді.

13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні:

  1. бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру бағдарламаларын;
  2. мектепалды дайындықтыңжалпы білім беретін оқу бағдарламаларын

жүзеге асыру.

14. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:

1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау;

2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылыми негіздерін алуын қамтамасыз ету;

3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;

4) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

5) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияғақайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

6) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

7) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;

8) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарына көмек корсету.

15. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) білім беру қызметі;

2) оң тәжірибені, оқытудың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін енгізу негізінде оқу-тәрбие үдерісін үздіксіз жетілдіру;

3) қосымша білім беру жалпыға міндетті оқыту бағдарламасы мен басқа да білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, сонымен қатар білімі мен біліктілігі туралы құжат беру қажет емес қысқа мерзімді оқыту курстары мен қосымша сабақтар өткізу;

4) оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау;

5)оқушылардың оқуы, тәрбиесі, дамуы мен денсаулықтарын сақтау мәселелері бойынша ата-аналарға кеңестік және әдістемелік көмек көрсету.

Мемлекеттік мекемеге жарғыда (ережеде) бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

Лицензиялауға жататын қызмет түрлерiн мемлекеттiк мекеме тиiстi лицензия алғаннан кейін iске асырады.

16. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

 

4. Мемлекеттік мекемені басқару

 

18.Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.

19. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

7) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) және бас бухгалтерді лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

9) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

11) мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім береді;

12) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды);

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

20. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

21. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

22. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

23. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

 

24. Мемлекеттік мекеме мүлкі  заңды тұлғаның активтерін құрайды, олардың құны оның балансында айқындалады. Мемлекеттік мекеменің мүлкі төменгілердің есебінен қалыптасады:

1) оған меншік иесімен табысталған мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен алынған мүлік.

25. Мемлекеттік мекеме дербес оған бекітілген мүлік пен оған смета бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иеліктен шығаруға немесе иелік етуге құқығы жоқ.

26. Мемлекеттік орта білім беру ұйымы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөнінде қызметтер көрсетуге құқылы.

Мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден алынған табысты мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дербес пайдаланады.

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің ақылы негізде ұсынылатын тауарларының (жұмыстарының және қызметтерінің) бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.

27.  Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру

көзі белгіленбеген жағдайда, мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыс сметасынан) қаржыландырады.

28. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

29.  Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.

 

6. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

 

30. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртіп ережесімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңы нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

7. Білім беру процесін ұйымдастыру, білім алушыларды оқыту тәртібі

 

31. Білім беру ұйымдары білім беру процесін орта білім беру деңгейлерінің: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.

32. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

33. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.

34. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді

35. Білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерінiң мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісу бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше білім беру қажеттілігі бар екі баладан артық оқытылмауы тиіс) және (немесе) бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.

Инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымдары бойынша жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін.

36. Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие процесі оқу жұмыс бағдарламаларына және оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

37. Білім беру ұйымында қосымша білімнің білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылады.

38. Білім беру ұйымында білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.

39. Білім беру ұйымы оқу жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын мектептен тыс жерде (мәдениет, спорт мекемелерінде, әскери объектілерде, зерттеу зертханаларында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және т.б.) өткізуге құқылы.

40. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық қағидалар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде әзірленген білім беру ұйымы бекітетін ережелермен айқындалады.

41. Білім беру ұйымында балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылады.

Білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттердің ең шағын үй-жайлары медициналық қызметкердің кабинеті мен ем-шара кабинетін қамтиды.

42. Білім беру ұйымындағы сабақтар кестесін оның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.

43. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.

Білім беру ұйымындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді.

44.  Оқыту мен тәрбиелеу тілі – орыс тілі.

45. Мемлекеттік мекеменің жұмыс кестесі: аптасына алты күндік жұмыс (аптасына бес күндік жұмыс).

Оқушылардың сабақ оқу күндерінің саны Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына сай айқындалады.

46. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Білім беру ұйымында нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен ерекшелікті насихаттауға, милитаристік, халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тыйым салынады.

 

8. Балаларды мемлекеттік мекемеге қабылдау тәртібі

 

47. Білім алушылар қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Бұл ретте сыныптағы(топтағы)шекті сыйымдылық 25 білім алушыдан аспайды.

48. Білім алушылар Мемлекеттік мекемеге қабылданған кезде соңғысы оны және (немесе) ата-аналарын (оларды алмастырушы тұлғаларды) жарғымен және білім беру үрдісін ұйымдастыруды реттейтін өзге құжаттармен таныстыруға міндетті.

49. Мектепалды дайындық сыныбына мектепе оқуға дайындық ретінде балалар 5 жастан қабылданады.

50. 1-сыныпқа оқуға даярлық  деңгейіне карамастан балалар алты (жеті) жастан қабылданады.

51. Бірінші сыныпқа қабылдау «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.

Сыныптарды даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жинақтауға рұқсат берілмейді.

52. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымы тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгі ережесі негізінде жергілікті атқарушы органдар бекітетін қабылдау қағидаларында белгіленген білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.

Қызмет көрсетілетін аумақта тұратын балаларды тиісті білім беру ұйымына қабылдаудан бас тартуға болмайды.

53. Оныншы немесе он бірінші сыныптарға қабылдау оқытудың бейінін таңдаған кезінде білім алушының қызығушылығы, бейімі мен қабілеті ескеріле отырып, білім алушының тұратын аумағын ескерместен оқушының заңды өкілінің келісімімен білім алушының жеке өтініші негізінде және негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі  құжаты  болған жағдайда жүзеге асырылады.

Білім алушылардың негізгі орта білім деңгейінде бейіналды оқытудың, жалпы орта білім деңгейінде бейіндік оқытудың бағыттарын таңдауы олардың ата-аналарының қатысуымен жүргізіледі.

54. Мемлекеттік мекемеде тәртіп сақтау өзара адами қасиеттерді құрметтеуге негізделген.

Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.

55. Оқушылар мен тәрбиеленушілерге күш қолдануға, моральдық және психологиялық қысым көрсетуге жол берілмейді.

56. Он алты жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

57. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қамқорлыққа және қорғаншылыққа алу ұйымдардың келісімімен қабылданады.

58. Оқыту күндізгі, экстернат және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.

 

9. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және

қорытынды аттестаттау жүйесі,  оларды өткізу нысандары мен тәртібі

 

59. Үлгерімді бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережелерінің және Уәкілетті білім беру органының өзге де актілерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

60. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік оқу бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады.

 

10. Ақылы білім беру қызметін көрсетудің тізбесі және тәртібі

 

61. Мемлекеттік білім беру мекемелері білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негізінде мынадай:

1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімдері мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;

2) оқу жоспары мен бағдарламалар бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (пәндер және пәндердің циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

3) пәндер (пәндер және пәндердің циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

4) әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу;

5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;

6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;

7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;

62. Мемлекеттік білім беру мекемелері мекеменің аумағында (үй-жайында) арнайы тағайындалған жерде мынадай ақпаратты орналастырады:

1) осы мемлекеттік білім беру мекемелері көрсететін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерінің тізбесі;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған бағалар прейскуранты;

3) үлгілік шарт нысаны.

63. Орта білім беру мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанда ақылы негізде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) беруге құқылы:

1) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділігі мен мүдделерін дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру);

2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (пәндер мен пәндер циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

3) пәндер (пәндер мен пәндер циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру;

4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек халық арасында спорттық жарыстарды, семинарларды, кеңестерді, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу және іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

5) музыкалық аспаптарды және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін пайдалануға ұсыну;

6) білім беру ұйымдарында өткізілетін әртүрлі іс-шараларға қатысушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануын қамтамасыз ету;

7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын босату;

8) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (білікті жұмысшы кадрларды және орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);

9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіруді және өткізуді ұйымдастыру;

10) ғылыми зерттеулер жүргізу.

Ақылы білім беру қызметтері Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындайтын тәртіппен әзірленген және мемлекеттік органдармен (аудандық, қалалық және облыстық) келісілген жұмыс оқу жоспарлары (бағдарламалары) бойынша ұсынылады.

64. Білім алушыларға және (немесе) тәрбиеленушілерге ақылы білім беру қызметтері ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің тілегі бойынша жеке кесте бойынша ұсынылады.

65. Ақылы негізінде қызмет көрсететін мемлекеттік білім беру мекемелерінің және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі. Ақылы негізде тауарлар (жұмыстар және қызметтер) ұсынуға арналған үлгілік шарттың нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Интернет-байланыстың қосымша қызметтері түбіртек (шот-фактура) төлеу жолымен шарт жасаспай-ақ ұсынылуы мүмкін.

66. Білім алушы шарт жасасу сәтінде бүкіл оқу кезеңі үшін бір мезгілде ақы төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады.

Оқуға төлемді кезең-кезеңімен төлеген кезде төлем сомасы жалақы ұлғайтылған жағдайда және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен асырылмай ұлғайту жағына өзгертілуі мүмкін.

67. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін қолма-қол ақша алу кассалық кіріс ордерлерінің негізінде міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарды қолдана отырып тараптардың қол жеткізген уағдаластықтары негізінде жүргізіледі.

68. Осы Ережеде көзделмеген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуге рұқсат етілмейді.

69. Ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

70. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуінен түсетін қаражат мемлекеттік білім беру мекемесінің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары бойынша жоспарланады және пайдаланылады.

71. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуінен түсетін түсімдерді пайдалану бағыттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражаты тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны есепке алу үшін ашылған шотқа есептеледі және төлеуге берілетін шот негізінде жұмсалады.

72. Ақылы білім беру қызметтерін және өзге де қызметтерді көрсетуден түсетін қаражат ұйым басшысы айқындаған бірінші кезектегі іс-шараларды ескере отырып және міндетті түрде қамқоршылық кеңеспен келісілген, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі ата-аналар комитеттерімен келісім бойынша қатаң түрде нысаналы мақсат бойынша жұмсалады.

 

11. Мемлекеттік мекеме мен білім алушының (ата-анасы немесе

оны алмастырушы тұлғаның) қатынастарын ресімдеу тәртібі

 

73. Мемлекеттік мекеме мен оқушылардың, ата-аналардың немесе оны алмастырушы тұлғалар арасындағы қарым-қатынас ішкі тәртіп ережесімен, осы Жарғымен, білім туралы заңнамамен реттеледі.

74. Оқушыны мемлекеттік мекемеге қабылдар алдында ата-аналар немесе оларды алмастырушы тұлғалар мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттарымен және лицензиясымен, ішкі тәртіп ережесімен және оқыту талаптарымен танысады.

75. Оқушылар, ұйымның педагог қызметкерлері, ата-аналар (оларды алмастырушы тұлғалар) мекемеде білім беру үдерісіне қатысушылар болып табылады.

76. Қатысушылардың өзара қарым-қатынасы ынтымақтастық, адами құндылықтарды құрметтеу негізінде құрылады.

77. Мемлекеттік мекеме бала құқығы туралы Конвенцияға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әр баланың құқығының қорғалуын қамтамасыз етеді.

78. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқығы мен міндеті:

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.

2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқығы:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;

3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;

5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;

6) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;

7) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;

8) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

9) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

10) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.

3. Білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар келесі деңгейдегі білім беру ұйымына түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады.

4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.

5. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.

6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.

7. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.

Киім стилі-іскерлік, классикалық, қазіргі заманғы, қатаң.

Мектеп формасы салтанатты, күнделікті және спорттық болып бөлінеді.

Мектеп формасының түсі қара-көк.

  •  Ұлдарға арналған мектеп формасы:

пиджак, кеудеше, шалбар, салтанатты жейде, күнделікті көйлек (қысқы кезең: трикотаж кеудеше, мойны бар кеудеше). Ұлдарға арналған шалбар еркін пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың қысқашын жабуы керек.

  • Қыздарға арналған мектеп формасы:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық блуза (қысқы кезең: трикотаж жилет, сарафан, мойны бар кеудеше). Қыздарға арналған шалбардың  ұзындығы аяқтың қысқашын жабуы керек.

  • Киім әрқашан ұқыпты үтіктелуі және таза болу керек
  • Салтанатты іс-шаралар, емтихандар кезінде мектеп формасы салтанатты түрде болуы керек;  ақ немесе ашық түсті жейделер немесе блузкалар.
  • Суық мезгілде жұмсақ түсті  жемпірлер, полуверлер  киюге рұқсат етіледі.

Рұқсат етілмейді:

  • әр түрлі конфессиялардың діни көзқарастары киімдерінің элементтерін қосуға;
  • басқа орамал тағуға(хиджаб, орамал, тюбетейкалар);
  • джинсы стиліндегі киімдер киюге;
  • тым қысқа юбкалар  мен көйлектер киюге;
  • қалың жемпірлер киюге;
  • былғарыдан жасалған киімдер киюге (былғарыдан жасалған);
  • ашық және төменгі мойын блузкалар мен көйлектер киюге(ашық кесектермен немесе артқы және іштің ашылатын бөлігі бар);
  • шаш үлгісінің тым экстравагантты  және табиғи емес реңктерге бояуға;
  • Тым ашық, кешкілік  және сәндік макияж немесе маникюр жасауға (табиғиға жақын жұмсақ түсті пайдалану);
  • пирсинг, татуировкалар жасауға.

8. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.

9. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.

79. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:

1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;

2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;

5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

80. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдеріміндетті:

1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;

3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;

4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;

5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;

7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға.

81. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі:

1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі.

Білім беру ұйымдарында төмендегі тұлғаларға жұмысқа орналасуына:

1) медициналық қарсы көрсетілімі бар;

2) психатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;

3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жіберілмейді.

2. Педагог жұмыскердің:

1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

3) дара педагогтік қызметке;

4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға;

7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;

9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;

13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

3. Педагог жұмыскер:

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;

4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

6) бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге;

7) педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға;

8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

9) білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері туралы не өздеріне белгілі болған, білім беру ұйымдарынан тыс жерде болған осындай құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;

10) өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті.

Міндеттерін бұзғаны және педагог жұмыскер атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін педагог жұмыскер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

4. Педагог жұмыскерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына тыйым салынады.

82. Баланың Мемлекеттік мекемеде болған кезінде және оқу-тәрбиелеу процесі кезінде Мемлекеттік мекеменің педагог қызметкерлері оқушылардың өмірі мен денсаулығының сақтығы үшін дербес жауап береді.

 

12. Құрылтайшы құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

83. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) шешімі бойынша жүзеге асырылады.

84. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

 

13. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

 

85. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

14. Алқалы органдары, оның қалыптасу тәртібі мен құзыры

 

86.   Мемлекеттік мекемеде алқалық басқарудың органдары құрылады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

87. Алқалық басқарудың түрлері төмендегідей бола алады:

1) педагогикалық кеңес;

2) әдістемелік кеңес;

3) қамқорлық кеңесі;

4) жалпы жиналыс;

5) ата-аналар комитеті және т.б.

Алқалық органның басқару құзыреті мен қалыптасу тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.

Новости