back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Қараған негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Қараған негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қ

Мектеп Жарғысы

БЕКІТЕМІН

«Қарағанды облысының

экономика басқармасы» ММ

басшысының

2021 жылғы «____»________

№ ____  бұйрығымен

 

 

 

 

 

 

Қарағанды облысы білім басқармасының

Абай ауданы білім бөлімінің

«Қараған негізгі орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Қараған негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) білім беру және өзге де коммерциялық емес сипаттағы осы жарғыдағы көрсетілген білім беру функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
  3. Мемлекеттік мекеме облыстың жергілікті орындаушы органның шешімімен құрылады.
  4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Қарағанды облысының әкімдігі болып табылады.
  5. Мемлекеттік мекеменің басқару органы: Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  6. Мемлекеттік мекеменің атауы

мемлекеттік (қазақ) тілде: Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Қараған негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Караганская основная средняя школа»  отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области.

7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 100101, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Жаңа Қараған кенті, Сахалинская көшесі, 4 құрылыс.

 

2 тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

 

8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.

9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

10. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

11. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметі осы тарауда және өзге де құқықтық актілерде белгіленген міндеттерімен қосамемлекеттік мекемені басқару органымен іске асырыла алады.

 

3 тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

 

12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні: жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін оқыту және тәрбиелеу; баланың жеке басының жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау; білім алушылардың өз бетінше білім алуға және қосымша білім алуға қажеттілігін қанағаттандыру.

13.  Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген азаматтардың жалпыға міндетті білім беру стандарттарында белгіленген тегін орта білім алу құқығын іске асыру;

2) негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету;

3)  мәдениет деңгейі жоғары, қоғам өміріне бейімделген, тереңдетілген және кеңейтілген білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және игеруге дайын зияткерлік тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

4)  кәсіби оқуға бағытталған пәндер бойынша оқушыларды дайындау. 

14. Мемлекеттік мекеме өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: бастауыш, негізгі және жалпы орта, қосымша білім беру. Мекеме мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (шағын орталық, мектепалды сыныптар) саласында білім беру қызметтерін көрсетеді. Қызметтің барлық түрлері Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында көзделген рәсімдер орындалғаннан кейін көрсетіледі.

мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, қалыптасуға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;

3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отанына, Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқының және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шетел (ағылшын, неміс) және басқа да тілдерді меңгеру;

6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесінің арттыруын қамтамасыздандыру;

7) экономика мен қоғам қажеттілігіне жауап беретін білім сапасы ұлттық жүйесінің қызметін атқару;

8) оқыту технологияларын тиімді енгізу және пайдалану, сонымен бірге несиелік, қашықтық, ақпараттық-қатынастық;

9) біліктілік пен білімге негізделген, әрбір адамға өзінің жеке әлеуетін көптеп пайдалануға көмектесетін және еңбек нарығының қажеттілігіне және жұмыс орны бойынша оқуды, жалпы оқу арасындағы өзара қатынасты қамтамасыздандыратын өмір ағымында оқыту жүйесін дамыту;

10) оқушылардың кәсіби әлеуетін қамтамасыздандыру;

11) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға білім алу үшін арнайы жағдай құру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы жарғыға сәйкес келесі ақылы білім қызметтерін беру:

1) қосымша білім бағдарламалары бойынша оқыту;

2) арнайы курстар және пәндер циклдарын қосымша оқыту бойынша;

3) кейбір оқушылармен жеке тәртіпте оқу жоспары бойынша сағаттар санынан артық пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізу;

4) оқушылардың пәндерді қосымша терең оқуы бойынша (мемлекеттік жалпы міндетті стандарттар білім бағдарламаларына сәйкестен шек);

5) ақысыз білім қызметтердің  кепілдік мөлшеріне кірмейтін басқа білім қызметтері.

ақылы қызметтер негізгі қызметтің орнына көрсетіле алмайды. Мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтер бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіп негізінде бекітіледі;

дамытушы оқытудың жаңа мазмұнын, оны енгізу бойынша нысандар мен әдістерді іздестіруді, әзірлеуді, эксперименттік оқу жоспарларын, бағдарламалар мен факультативтік курстарды әзірлеу және іздеу. Оқу процесін ұйымдастыру, басқару осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады;

оқу-тәрбие қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген және жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламаларды игеруді іске асыратын оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеменің бағдарламалары мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің үлгілік бағдарламаларына сүйенеді.

мемлекеттік мекеме өз бетінше Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында белгіленген шекте оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін таңдауда дербес болады. Мемлекеттік мекеме білім беру үдерісін жүзеге асыру үшін жылдық жұмыс оқу жоспарын және оқу сабақтарының кестесін әзірлейді және бекітеді;

оқу пәндерін тереңдетіп оқыту үшін мекемеге факультативтерге және әр сыныпқа 4 сағат есебінен оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға қаражат бөлінуі мүмкін;

оқыту тілі орыс тілі болып табылады.

оқу жұмыс жоспарының вариативті бөлігі қамтамасыз етіледі:

1) жеке таңдаумен, жеке даму бағдарламасымен,оқытудың инновациялық технологияларын пайдаланумен;

2) мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пәндерді дамытатын жаңа оқу бағдарламаларын енгізу арқылы жүзеге асырылады;

3) тұлғаның жалпы мәдени дамуына ықпал ететін, дүниетаным мен гуманистік сананы қалыптастыратын, шындықты танудың әмбебап тәсілдерін меңгеруге, білім алушылардың ойлау қызметін дамытуға бағытталған пәндер мен курстарды енгізу арқылы жүзеге асырылады.

мемлекеттік мекеме құрылымы:

1) әкімшілік (директор және оның орынбасарлары);

2) әдістемелік кеңес, педагогикалық кеңес, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес, қамқоршылық кеңес, жалпымектептік ата-аналар комитеті, сыныптық ата-аналар комитеттері, пәндік әдістемелік бірлестіктер;

3) сынып, топ – мемлекеттік мекеменің негізгі құрылымдық бірлігі.

білім деңгейлері:

4) бастауыш білім беру (1-4-сыныптар) негізгі стратегиялық бағыт бастауыш сынып оқушысының жеке қабілеттерін ашуға, қызметтің негізгі салаларында бастапқы бағдарлауды және оқытудың оң уәждемесі негізінде шығармашылықтың бастапқы дағдыларын қалыптастыруға, балалардың психофизикалық, зияткерлік және музыкалық дамуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін дамытушылық оқыту болып табылады. Оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - 4 жыл;

2) негізгі орта білім беру (5–9 сыныптар) білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған базалық әмбебап білім беруді қамтамасыз етеді, неғұрлым күрделі танымдық процестерге өту үшін арнайы біліктер мен дағдыларды қалыптастырады; жалпы дамыту және арнайы курстарды таңдауды қамтамасыз етеді, оқушылардың жеке оқыту жүйесін құруға мүмкіндік жасайды. Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу. Білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету. Негізгі орта білім жалпы орта білім алу үшін негіз болып табылады. Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады. Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі-5 жыл;

«Көркем еңбек» пәнін оқыту, сондай-ақ вариативті компонент сағаттары мектепаралық оқу-өндірістік комбинат (бар болған жағдайда) базасында жүзеге асырылуы мүмкін. Қосымша білім беруді дамыту шеңберінде Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығына сәйкес мектептің жұмыс оқу жоспарының вариативтік бөлігінің сағаттары қосымша білім беру ұйымдарына берілуі мүмкін.

сағаттар мен сыныптарды беру, сондай-ақ үйірмелерді оқытуға байланысты барлық мәселелерді реттеу Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеме мектептен тыс оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттарын өткізуге құқылы (мәдениет мекемелері, спорт ғимараттары, әскери нысандар, зерттеу зертханалары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, қосымша білім беру ұйымдары және т.б.).

тиісті контингентті көрсете отырып, сыныптар жиынтығы Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысымен келісіледі. Сыныптар жиынтығын қалыптастыруға мемлекеттік мекеме басшысы дербес жауапты болады. Сыныптардағы оқушылар саны осы білім беру ұйымына тікелей бөлінетін бюджет қаражаты ескеріле отырып, санитариялық нормативтер сақталған жағдайда қолданыстағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес белгіленеді;

сыныптар тізбесі мемлекеттік білім беру стандартында айқындалған пәндерді оқу кезінде кемінде 24 оқушы санымен 2 кіші топқа бөлінуі мүмкін. Егер оқу жылы ішінде оқушылар саны 24 оқушыдан кем болса, онда сыныпты 2 кіші топқа бөлу осы оқу жылының келесі тоқсанынан бастап тоқтатылады. Жарғының осы тармағы бюджеттің мүмкіндіктерін ескереді.

мемлекеттік мекемеге шағын жинақталған мектеп мәртебесі берілген жағдайда оқу-тәрбие үдерісі түрлі жастағы  оқушыларды біріккен сыныптарда оқытылуы есепке алынып қамтамасыз етіледі.

шағын жинақталған мектептерде жеке пәндерді оқыту кезінде шағын топта және сыныпта 10-16 оқушы болған кезде бөлінуі мүмкін. Сыныптарды бір сынып жиынтығына қосу кезінде әр жастағы оқушылардың саны 10 адамнан аспау керек. Шағын жинақталған мектептерде сыныптарды толтыруда 3-10 адамнан және одан артықтан аспауы керек. Үш немесе төрт сыныптарды біріктіру кезінде оқу сабақтарын ұйымдастыруда жылжымалы кесте қолданылады. Бірінші және бітіруші сынып оқушыларын біріктіре оқыту мүмкін емес.

мемлекеттік мекемеде толық немесе толық емес болумен мектепке дейінгі шағын орталық қызмет етуі мүмкін. Мектепке дейінгі шағын орталық заңды тұлға бола алмайды, тек мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, балаларды әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруда олардың ата-аналарына әдістемелік көмек көрсету және мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамыту мақсатында құрылады.

шағын орталыққа қабылдау мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды тіркеу және құжаттарды қабылдау ережесі негізінде жүргізіледі. Балаларды қабылдау құжаттарының тізімі  құжаттарды қабылдау және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды тіркеу ережесімен, мемлекеттік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандартына сәйкес  анықталады.

мемлекеттік мекеме денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыға сәйкес үйде оқытуды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің нұсқаулықтарына сәйкес аптасына оқу сағаттарының саны бөлінеді, кесте жасалады, бұйрықпен педагогтердің дербес құрамы айқындалады, өткізілген сабақтар журналы жүргізіледі. Ата-аналар (заңды өкілдер) үйде сабақ өткізу үшін жағдай жасауға міндетті.

оқу сабақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басталады және аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы, оның ішінде оқу апталары мен каникул саны білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілеріне сәйкес айқындалады.

мемлекеттік мекемеде келесі жұмыс және сабақ режимі белгіленуі мүмкін: сабақтың бірінші ауысымында басталуы – сағат 8:00 (8:30 немесе 9:00), екінші ауысымда – сағат 13:30 (14:00). Сабақ кестесін мемлекеттік мекеме басшысы, не оны алмастыратын адам бекітеді. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы мен реттілігі, сондай-ақ сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығы көрсетіледі. Мектептегі сабақ кестесінің мәселелері қолданыстағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен реттеледі. Сабақ кестесі уәкілетті органдар және (немесе) лауазымды адамдар белгілеген шектеу шараларына негізделген эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгеруі мүмкін;

сабақтар арасындағы үзілістер кезінде мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ата-аналардың және жалпыға міндетті оқу қорының қаражаты есебінен мектеп асханасында жүзеге асырылатын білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастырады;

мемлекеттік мекемедегі тәртіп білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің адамдық қадір-қасиетін құрметтеу негізінде сақталады. Білім алушыларға қатысты күш көрсету және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейді. Оқушыларға дәрігерге дейінгі медициналық қызмет көрсетуді мейірбике қамтамасыз етеді, ол әкімшілікпен және педагогикалық персоналмен қатар білім алушылардың денсаулығы мен физикалық дамуына, емдеу іс-шараларын жүргізуге және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға жауапты болады. Дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуді жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау органдары (емхана) жүзеге асырады. Оқушылар медициналық тексеруден кесте бойынша өтеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес мектеп формасы міндетті. Оны кию тәртібі мен стилі ата-аналар комитетімен немесе қамқоршылық кеңеспен келісім бойынша мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен бекітіледі. Мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес болуы керек. Мектеп формасына әртүрлі діни атрибутика, ұлттық  конфессия элементтерін қосуға, бас киім киюге тыйым салынады.

міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығында белгіленген жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс;

мемлекеттік мекемеде саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білімнің бөліну принципін сақтауға міндетті. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді;

инклюзивті білім беру мақсаттарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік мекеме ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім алу, дамудың бұзылуын түзету және білім берудің барлық деңгейлерінде әлеуметтік бейімделу үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді. Білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, мемлекеттік мекемеде инклюзивті сыныптар ашылуы мүмкін (бір сыныпта ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар екіден көп емес бала оқи алады). Инклюзивті сыныптарда білім алатын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымдары бойынша жалпы білім беретін оқу немесе жеке бағдарлама бойынша білім ала алады. Инклюзивті сыныптарда оқитын ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, логопед) түзету сабақтарын өткізеді. Мемлекеттік мекемеде лого-пункт өз жұмысын тұрақты негізде жүзеге асыра алады. Логопункт ашу Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен ресімделеді;

мемлекеттік мекемеге қабылдау бастауыш  білім берудің оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде жүргізіледі. Балаларды қабылдауға арналған құжаттардың тізбесі бастауыш білім берудің оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларында және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік стандартында айқындалады. Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері мұғалімді таңдауға құқылы емес. Сыныптан сыныпқа көшу үлгерім нәтижелері бойынша педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады;

шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, 0-11 сыныптарда білім алушылардың ең аз саны 12 адамнан кем болмауы тиіс. Мектепалды сыныптарға қабылдау ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша жүзеге асырылады;

білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі;

мектеп бітірушілерге, қорытынды аттестаттауды табысты өткендерге, мемлекеттік мекеменің мөрімен куәландырылған білімге сәйкес туралы мемлекеттік үлгідегі құжат тапсырылады.

кәмелетке толмаған білім алушыларды шығаруға құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда жол беріледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады. Кәмелетке толған білім алушыларды мектептен шығаруға педагогикалық кеңестің шешімі бойынша құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын, сондай-ақ үлгерімін өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жол беріледі;

  тәрбиеленушілерді шағын орталық топтарынан шығару ай сайынғы төлем уақтылы төленбеген, баланы дәлелді себептерсіз бір айдан артық өткізіп алған жағдайларда, медициналық қарсы көрсетілімдер болған кезде жүргізіледі;

  білім алушыларға дәрігерге дейінгі медициналық қызмет көрсетуді медбике қамтамасыз етеді, ол әкімшілікпен және педагогикалық персоналмен қатар білім алушылардың денсаулығы мен физикалық дамуына, емдеу іс-шараларын жүргізуге және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға жауапты болады. Дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуді жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау органдары (емхана) жүзеге асырады. Білім алушылар кесте бойынша медициналық тексеруден өтеді;

жалпы білім беру процесінің қатысушылары: тәрбиеленушілер, білім алушылар, педагог қызметкерлер, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың ата-аналары (оларды алмастыратын адамдар) болып табылады.

білім алушылар құқылы:

1) тегін бастауыш білім алуға;

2) әртүрлі қызмет түрлеріндегі ерекше табыстары үшін көтермелеуге;

3) медициналық қызмет алуға;

4) кітапхана қорын тегін пайдалануға;

5) қосымша (ақылы) білім беру қызметтерін алуға;

6) мекемені басқаруға қатысуға;

7) адамның қадір-қасиетін құрметтеуге, ар-ождан мен ақпарат бостандығына, өз пікірлері мен сенімдерін еркін білдіруге құқығы бар.

мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білімнің бөліну принципін ұстанады. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді;

мектеп бітірушілерге, қорытынды аттестаттауды табысты өткендерге, мемлекеттік мекеменің мөрімен куәландырылған білімге сәйкес туралы мемлекеттік үлгідегі құжат тапсырылады.

білім алушылар міндетті:

1) мекеменің жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін орындауға;

2) адал оқу және мекеменің мүлкіне ұқыпты қарау, білім алушы мекеме мүлкіне зиян келтірген жағдайда ата-анасымен бірге оның құнын қалпына келтіру және өтеу;

3) мекеменің басқа білім алушылары мен қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

4) мемлекеттік мекеме белгілеген мектеп формасын киюге.

кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері құқылы:

1) баланың қалауын, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, ұсынылатын мүмкіндіктер шеңберінде оқыту нысанын таңдауға;

2) қамқоршылық кеңес немесе ата-аналар комитеті арқылы мекемені басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3) өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

4) өз балаларын оқыту және тәрбиелеу проблемалары бойынша консультациялық көмек алуға.

ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер міндетті:

1) балалардың өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың зияткерлік пен дене күшінің дамуын, имандылық тұрғыдан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2) балаларды жалпы білім беретін мектепке одан әрі айқындай отырып, мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік мекеменің жарғысында белгіленген ережелерді орындау;

4) балалардың мемлекеттік мекемеге баруын қамтамасыз етуге;

5) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;

6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау;

7) мемлекеттік мекемеде белгіленген киім нысанын сақтау;

ата-аналар (оларды алмастыратын адамдар) мекеменің жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін орындауға және өз балаларын тәрбиелеу мен оқытуға, сондай-ақ мемлекеттік меншікке ұқыпты қарауға жауапты болуға міндетті.

мемлекеттік мекемені басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады. Алқалық басқару нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық кеңес болып табылады.

мемлекеттік мекемені тікелей басқаруды директор жүзеге асырады.

директор жауап береді:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруға, білім алушылардың білім сапасына, өмірі мен денсаулығына, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын сақтауға құқығы бар.

2) лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген нормативтік актілерді, білім беру органдарының бұйрықтарын, лауазымдық міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, оның ішінде берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін.

3) білім алушының жеке басына тән және (немесе) психикалық зорлық-зомбылықпен байланысты тәрбиелеу әдістерін қолданғаны, оның ішінде бір рет қолданғаны, сондай-ақ өзге де өнегесіз теріс қылық жасағаны үшін директор еңбек заңнамасына сәйкес атқаратын лауазымынан босатылуы мүмкін.

4) өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау қағидаларын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың санитариялық-гигиеналық қағидаларын бұзғаны үшін директор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа тартылады.

тиісті бейіндер бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогикалық қызметпен айналысуға жіберіледі. Жұмысқа адамдар жіберілмейді:

1) медициналық қарсы көрсетілімдері бар;

2)психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар. Жыл сайын жылына бір рет, оқу жылының басында педагог өзінің психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтындығын кез келген заңды тәсілмен растайды;

3) сот шешімімен заңды күшіне енгенге сәйкес кәсіби қызметін жүзеге асыруға құқықтан айырылған педагог;

4) Қазақстан Республикасының заңымен орнатылған, әрекетке қабілетсіз әлде әрекетке шектеулі тәртіпте қабілетті болып мойындалғандар;

5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жүзеге асырылады.

жұмысқа қабылдау кезінде директор азаматтық қызметшінің тиісті бос лауазымдарына орналасуға қойылатын біліктілік талаптарын басшылыққа алуға міндетті. Тиісті білімсіз педагогикалық қызметпен айналысуға жол берілмейді. Педагогикалық лауазымдар бойынша азаматтарды қабылдау тәртібін бұзғаны үшін директор дербес жауапты болады. Мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері тиісті лауазым немесе қызмет түрі үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

мемлекеттік мекемені басқарудың бір түрі-педагогикалық кеңес. Педагогикалық кеңестің құрамына: білім беру ұйымының басшысы (төраға), оның орынбасарлары, педагогтер, тәрбиешілер, психолог, әлеуметтік педагог кіреді. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің отырысына ата-аналар комитетінің немесе қамқоршылық кеңесінің мүшелері шақырылады. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына арналған білім беру ұйымы директор бұйрығымен бекітіледі. Педагогикалық кеңес өз құрамынан бір жыл мерзімге хатшы сайлайды.

педагогикалық кеңес қарастырады:

1) білім беру ұйымдарында құқықтық актілерді орындау жөніндегі іс-шаралар;

        2) оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстың жай-күйі, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелері, оқытудың жаңа технологияларын енгізу;

       3) оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мәселелері;

       4) қорытынды аттестаттауды өткізу, білім алушыларды емтихандарға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды емтихандардан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайта курсқа қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мақтау қағаздарымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіргені туралы аттестат, негізгі орта білімді бітіргені туралы аттестат, жалпы орта білім туралы үздік аттестат, жалпы орта білім туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру мәселелері;

       5) педагогтердің оқу жүктемесін бөлу, алдын ала тарифтеу, аттестаттауға дайындау, марапаттау және көтермелеу мәселелері.

педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін, педагогикалық кеңестің отырысында қаралатын және білім беру ұйымының директорымен бекітетін жоспарға сәйкес жүргізіледі. Педагогикалық кеңес жылына кемінде бес рет жиналады.

15. Мемлекеттік мекеменің осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.

16. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі: құрылтайшының, тиісті саланың уәкілетті органының, сондай-ақ оған қатысты осы Жарғыда көрсетілген мүлікке қатысты құқық субъектісінің, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыратын органның талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

 

 

4 тарау. Мемлекеттік мекемені басқару

 

17. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

18. Қарағанды облысының әкімдігі мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды.

          «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

          1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) мемлекеттік мекеменің жарғысын, енгізуді, өзгертуді және толықтыруды бекітеді.

          Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

          1) мемлекеттік мекеменің директорын тағайындайды;

2) мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртібін және өкілеттіктерінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

5) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негіздерін белгілейді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің штат санын, тарификациялау тізімдерін және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын келіседі;

7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;

8) мемлекеттік мекеменің құрылтайшысына мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;

9) осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тағайындау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік мекеменің директорын Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Мемлекеттік мекеменің директоры мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

21. Мемлекеттік мекеменің директоры дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

22. Мемлекеттік мекеме директорының мемлекеттік мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруына бағытталған іс-әрекеттері Еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік пен материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

23. Мемлекеттік мекеменің директоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

          1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;

6) банк есепшоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

10) өзінің орынбасарлары мен мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) мемлекеттік мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

5 тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру тәртібі

 

24. Мемлекеттік мекеменің мүлкін оның теңгерімінде құны көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың есебінен қалыптастырылады:

          1) оған құрылтайшы берген мүлік;

2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

26. Мемлекеттік мекеменің қызметі Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылады.

27. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік ұсынады..

          Бухгалтерлік есепті және мемлекеттік мекеме үшін есептілікті ұсынуды барлық туындайтын функциялары бар мемлекеттік мекеменің басқару органы жүзеге асыра алады.

28. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеріс Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

6 тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

 

29. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

 

7 тарау. Құрылтай құжаттарына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

30. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қолданылып жүрген заңдарда белгіленген өкілеттіктерге сәйкес осы шешімді қабылдаған құрылтайшының немесе органның шешімі бойынша жүргізіледі. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.

 

8 тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру

және тарату шарттары

 

31. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру Қарағанды облысы әкімдігінің шешімі бойынша жүргізіледі.

32. Мемлекеттік мекеме заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.

33. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келісім бойынша Қарағанды облысының әкімдігі жүзеге асырады.

34. Таратылған мемлекеттік мекеменің кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта бөледі.

35. Таратылған мемлекеттік мекеменің ақшасы, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақша тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

 

9 тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

 

36. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

 

 

 

Директор ___________________ Л.Н.Лихобаба

                              (қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Новости