Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шракбек Кабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдері кәсіптік бағдар беру әңгімесімен Жартас мектебінде болды. 9-11 сынып оқушыларына оқуға қалай түсуге болады, студенттерді қабылдау, тұрғылықты жерлері туралы айтылды. «Құқық қорғау қызметі», «Педагогика және психология», «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша оқыту шарттары туралы айтылды. Болашақ талапкерлерді оқуды бітіргеннен кейінгі бөлу, әскерилердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, еңбекақы және зейнеткерлікке шығу жағдайлары қызықтырды. Академия өкілдері студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жан-жақты айтып, жауап берді. Мектеп әкімшілігі мен оқушылары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының өкілдеріне қызықты кездесу мен мазмұнды әңгіме үшін алғыс білдіреді.