back-image
"Үштөбе тірек мектебі (Ресурстық орталық)" КММ
Организации> "Үштөбе тірек мектебі (Ресурстық орталық)" КММ

Мемлекеттік білім беру ұйымы педагогының бос лауазымына КОНКУРС жариялаймыз

«Үштөбе тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Мемлекеттік  білім беру ұйымы педагогының бос лауазымына

КОНКУРС

жариялаймыз.

«Үштөбе тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ,  Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Үштөбе селосы, А.Байтұрсынов көшесі, 34, тел: 8(72154)29-209, Электрондық пошта:ushtobe1968@ mail.ru.

  ІІ. Бос лауазымның атауы.

  І. Орта білім беру ұйымдарының физика пәні  мұғалімі- 1 бірлік. Оқыту тілі -орысша.

              Жалақысы: білім деңгейіне, біліктілігіне және санатына байланысты айына 85 теңгеден 105 000 теңгеге дейін.

Лауазымдық міндеттері:психологиялық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекеше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

Балалардың ерекеше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтардың командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;

Білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

Оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процессінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейәмдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процессін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды;

Белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «бала құқықтары туралы конвенцияны», Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мазмұны бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар;

Педагогикалық этиканың нормалары;

Еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитарлық қағидалар.

ІІІ. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары

 жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне  талап қойылмайды;

 

ІV. Құжаттарды қабылдау мерзімі.

Конкурс 2024 жылғы 1 сәуір – 9 сәуір аралығында (қоса алғанда  7 жұмыс күні)  өтеді.

Құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде Қарағанды облысы,  Бұқар Жырау ауданы,  «Үштөбе тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ тапсырады.

А.Байтұрсынов көшесі, 34, телефон 8(72154) 29-209, 8-701-311-88-24,

 эл.пошта  ushtobe1968@ mail.ru.

Жұмыс уақыты:  9.00-17.00 ге дейін, үзіліс 13.00-14.00 ге дейін,

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 09.04.2024ж., 17.30.

Үміткерлердің құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру 2024 жылдың 10 сәуір мен 17 сәуір аралығында жүргізіледі.

Байқау комиссиясының қорытынды отырысы 2024 жылдың 17 сәуірде өтеді.

Конкурс нәтижелері білім беру ұйымының интернет-ресурсында және әлеуметтік желелердегі ресми аккаунттарында 2024 жылдың 17 сәуірде сағат 17.30-дан кешіктірмей жарияланады.

V.Құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін  көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған  электрондық құжаты (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары  көрсетілген – бар болса);

      4) педагогтердің  үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға  қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі беру туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының  нысандарын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы  ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 21579 болып тіркелген);

      7) психо-неврологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Сотталмағанын растайтын анықтама;

      10) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог- модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатынаң болуы туралы куәлік (бар болса).

       11)  ІІ - қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 

       12) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейне презентациясы кемінде 15 минут ең төменгі ажыратымдығы 720х480.

       Кандидат болған жағдайда оның біліміне , жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыу ғылыми академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар)  ұсынады.  

       

     

 

 


 

Новости