back-image
"Талды жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> "Талды жалпы білім беретін мектебі" КММ

Программа развития школы

Қарағанды облысы білім басқармасы

 Шет ауданы білім бөлімі

«Талды жалпы білім беретін мектебі» КММ

 

 

«Келісілді»                                                          «Бекітілді»

Қамқоршылық кеңесінің                                   №1 Педагогикалық кеңесінде

№1 отырысында                                      Мектеп директорының міндетін

төрайымы                                                           атқарушы      

_________Қ.Маукишева                                  ___________ М.Калдыбекова

  «    » тамыз 2021 ж                                           «    » тамыз 2021 ж                                                

                                               

                                               

                                                    

                                                                     

 

 

                                                  

 

2021 – 2026  жылдарға арналған

даму жоспары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талды ауылы, 2021 жыл

Талды жалпы білім беретін  мектебінің 

2021-2026 жылдарға арналған

даму жоспары

 

 

МАЗМҰНЫ.

 

 

  1. КІРІСПЕ.
  2. ДАМУ ЖОСПАРДЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ.
  3. ДАМУ ЖОСПАРДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ.
  4. ТАЛДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНІҢ 2021-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЫ.
  5. ТАЛДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ ПЕДАГОГЫНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫҚ МОДЕЛІ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КІРІСПЕ.

Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

  Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру үдерісіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады. Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы – оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін еңгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіптік құзіреттілігіне жоғары талаптар қоюда.

Осы талаптарға сай мектепте педагогтардың кәсіптік құзыреттілігін дамыта отырып,оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін жүйе құрылу қажеттігі туындап отыр.

   Жеке тұлғанның дамуының, өз пікірін еркін білдірудің, жаңашыл жобалар мен шығармашыл ойларды іске асырудың түпқазығы ретінде мектепте жағдай, қолайлы орта қалыптастыру керек.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

Мектептегі  білім сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар білім берудің қазіргі заманғы ұлттық үлгісін қалыптастыру мен оны әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуін қажет етеді.

Талды жалпы білім беретін мектебінің даму жоспарының                                                басты стратегиялық мақсаты :

Білім берудің үздіксіз деңгейіне жету үшін білім беру саласындағы негізгі бағыттарды анықтау - сапалы білімге қол жеткізуде білім алушылардың зияткерлік, рухани адамгершілігі жоғары, қоғамда өзін-өзі анықтауға қабілетті, құзыретті, әлеуметтік жетілген  тұлға қалыптастыру.

Бағдарламадағы стратегиялық міндеттердің әрқайсысы кешендік сипатқа ие және жалпы білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттарды іс жүзіне асыруға бағытталады.

Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өз мектебімізде дамытудың стратегиялық міндеттерін құрастырылып, әзірленді.

 

 

  1. Даму жоспардың төлқұжаты.

 

Даму жоспардың  толық атауы

 

Талды жалпы білім беретін мектебінің  2021-2026 жылдарға арналған даму жоспары.»

 

Жоспарды әзірлеу негіздемесі

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы;

"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
29 қарашадағы № 790 қаулысы;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы;

 "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 21 қарашадағы "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы;

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 23 қаңтардағы Жастар жылының ашылуында және 2019 жылғы 27 ақпандағы "Nur Otan" партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасы;
Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлығы;
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Жоспарды  әзірлеген және шешім қабылдаған күн

Талды жалпы білім беретін мектебінің

Педагогикалық кеңес шешімімен бекітілген.

 №1 хаттама, 2021 жыл 31 тамыз.

 

 

Жоспарды жүзеге асыру мерзімі

Жоспарды  жүзеге асыру кезеңдері:

2021-2022 жыл-   І кезең

Дайындық-ұйымдастыру  жұмысы.жоспарды талдау және ақпараттандыруды ұйымдастыру. жоспарды әдістемелік жағынан қамтамасыз ету. жоспардың бөлімдеріне сәйкес шағын шығармашылық топ қызметін жоспарлау, үйлестіру. Қажетті ресурстармен қамтамасыз ету.

 2022-2023 жыл-    ІІ кезең

-  нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтау

-  бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеу

-  тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлау

- тереңдетілген  және кәсіби  бағдарға сай оқытылатын жекеленген пәндердің критериалды бағалаутоптарын қалыптастыру:

2024-2026 жыл-    ІІІ кезең

Жоспарды мақсаты негізінде комплексті түрде жүйелі жұмыс ұйымдастыру. Сараптама жасау, түрлі нәтижелерді талдау, тарату, педагогикалық кеңесте жариялау. жоспардың жүзеге асырылуына  қорытынды жасау.

Жоспардың мақсаты

Негізгі мақсат:Жаһандық өзгерістер жайлы таным түсінігі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті,   адамгершілік құндылықтары жоғары, зерттеушілік дағдылары дамыған тұлғаны  тәрбиелеу және оқыту.

Нысаналы индикаторлар

- «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін еңгізу , тарату;

 - Мектептің қамқоршылық кеңесінің жұмысын жүйелеу;

 - Ата-аналар комитетінің беделін көтеру;

 - Инновациялық білім беру бағдарламалары мен заманауи білім беруді игерген, үздік педагогтерді қолдау;

- Мектеп  педагогтерінің жалпы санынан біліктілік санатыжоғары педагог қызметкерлердің үлесі–85 %;
- Жаратылыстану – математика пәндері бойынша білім беру оқу бағдарламаларын жетік менгерген оқушылардың үлесі – 85%;
- Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бойынша білім беру оқу оқу бағдарламаларын жетік менгерген оқушылардың үлесі – 90%;

 - Қосымша білім беру қызметіне деген әлеуметтік сұранысқа сәйкес қосымша білім берумен қамтылған білім алушылар санын арттыру;

 - Әртүрлі деңгейдегі пән олимпиадаларына, конкурстарға, зияткерлік ойындарға қатысушы білім алушылардың санын арттыру;

- Білім беру мекемесін басқаруда әрі қарай ізгілендіру және бөлінген көшбасшылық үрдісін дамыту;

Негізге ала отырып мектеп бағыттары белгіленді:

 

1. Мектепте сындарлы оқыту негізінде білім алушылар мен педагогтардың бағалау жүйесінің сапасын жақсарту.

2. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.

3. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.

4.Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес кәсіптік даярлықты қамтамасыз ету.

5. Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.

6. Мектептің цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру. Bilimal.kz

7.Табысты мектепке жетуде көшбасшылық пен бөлінген көшбасшылықты дамыту

8. Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту.

9. Мектеп мәдениеті және серіктестік.

10. Сабақты зерттеу (Lesson study)

11. Мұғалім мен оқушының бірлескен инновациялық жобалары

12. Табысты мектепке жетуде көшбасшылық пен бөлінген көшбасшылық дамыту

Жоспарды бақылау

Мектеп кеңесі мен  мектеп әкімшілігі жоспардың орындалуын бақылап отырады. Жоспардың орындалу барысы туралы есеп  ата-аналар қоғамы, бұқаралық ақпарат арқылы беріліп отырады.

Жоспардың стратегиялық бағыттары:

 

 

1.  Жалпы білім берудің сапалығын қамтамасыз ету.

2.  Инновациялық қызмет және педагог мәртебесі.

3.  Тәрбие қызметін жаңғырту.

4.  Ақпараттандыру технологиясымен қамтамасыз ету.

5.  Денсаулықты сақтау және салауаттандыру .

6.  Мектеп-лицейдің материалдық-техникалық базасын дамыту .

Мектептің миссиясы:

            Мектеп оқушысының жеке білімділік белсенділігі мен мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін жоғарлатуға ықпал жасайтын педагогикалық ортаны жасау. 

 Мақсаты:  

    Жан-жақты дамыған тұлғаны: құзыреттілікке бағытталған, функционалды сауатты, шығармашылық дамыған, рухани құндылықтарға ие  тұлғаны қалыптастыру, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жалпы білім беретін мектептің оңтайлы моделін құру.

Міндеттері:

 1. Оқу процесіне білім алушының  тұлғасы құзыреттілікке бағытталған, функционалды сауатты, шығармашылық дамыған, сапалы білім берудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін оқу – тәрбие  бағдарламаларын енгізу.

 2. Инновациялық экономикада табысты әлеуметтендіру және жұмыс істеу үшін қажетті білім беру нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізуін және оқытудың білім беру траекторияларын даралауды қамтамасыз ететін қолайлы білім беру ортасын құру.

3. Білім беру ұйымын бірыңғай сандық инфрақұрылым жүйесі мен қазіргі заманауи материалдық – техникалық  құралдар базасымен жабдықтау.

4. Білім беру және тәрбие бағдарламаларын табысты игеру арқылы қоғамда өмірге бейімделген, интеллектісі дамыған, мәдениеті жоғары, салауатты жеке тұлғаны қалыптастыру.

5. Оқыту мен тәрбиелеу үшін барынша қолайлы жағдай жасау.

6. Педагогтардың білім беру жүйесін дамыту мен менеджмент жүйесін жетілдіру арқылы озат – тәжірибелі педагогтардың  кәсіби шеберліктерін тарату.

  1. Даму жоспардың тұжырымдамасы

Талды жалпы білім беретін мектебі  білім беру жүйесінің дамуы  үш саты                бойынша жұмыс жүргізіледі.

 

І .Бастауыш білім берудің (1-4 сыныптар)  теориялық ойлау элементтерімен, өзін- өзі бақылау мен өзін- өзі түзету арқылы тәртібі мен мәдениетін қалыптастыратын, баланың жеке қабілеттерінің деңгейін анықтауға бағытталған оқу іс- әрекетінің негізгі білік- дағдысын меңгеруін жүзеге асырады. Баланың денсаулығын сақтап, нығайтуды басты назарда ұстай отырып,  инновациялық негізде оқу бағдарламаларын жаңарту.

 

ІІ. Негізгі орта білім берудің( 5-9 сыныптар); (5-8 сыныптар)- бағдарлау  -   негізгі және қосымша пәндерін меңгере отырып, өзін – өзі дамыту және түзету дағдысын қалыптастыру, өз бетінше бағдарлау және шығармашылық  іс – әрекетін қалыптастыру арқылы білім алушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.Өзінің қабілеттілігі мен бейімділігін сезіну. Білім негіздерін тұрақты, терең меңгеру. Салауатты өмір сүрудің  негіздерін қалау.

9- сыныптар – бейін алды даярлық.Әрі қарай бейін бойынша оқу үшін өзінің қабілеттіліктері мен бейімділігін анықтайды; бейін алды даярлықты жүргізеді;  үйірмелер мен секциялар арқылы қосымша білім алады. 9- сыныптарды кәсіби бейімдеу мақсатында  арнайы курстар жүргізуді еңгізу.

ІІІ. Жалпы орта білім берудің (10-11 сыныптар)-  тұлғаның негізгі сапасы ғылыми ойлау ретінде  қалыптасқан,бейін бойынша негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеру  негізінде ,  саралап  оқыту, мамандыққа баулу, зерттеушілік іс – әрекетке бейімдеу, өз бетінше білім алуға баулу, білім алушының өз ісін өзі шығармашылықпен жұмсауы   арқылы  жалпы білім алуын аяқтауға арналған; жоғары класс оқушыларын кәсіби бағдарлау, қалыптасқан    білімдері мен түсініктерін әлемнің біртұтас жүйесінде интеграциялау мақсатында қолданбалы курстардың сәйкес бағдарламаларын құру сапасын нығайту.

 

ТАЛДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНІҢ

2021-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ ЖОСПАРЫ.

"БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА САПАСЫ" кіші бағдарламасы

 

Нысаналы мақсаты: Заманауи нәтижелерге бағыттай отырып, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу.

Міндеттері:

1) әрбір білім алушының стандарттарды игеруіне ықпал ететін жағдайлар жасау, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашу;

2) ақпараттық-мазмұнды білім беру кеңістігін құру; сапалы бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді және жаңа технологияларды енгізу (ақпараттық-коммуникациялық, модульдік, проблемалық-іздеу, жобалау қызметі және т. б.);

3) білім алушылардың білім алу қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтау;

4) білім алушыларды оқу-зерттеу және жобалау қызметіне қосу; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану, оларды жеке шығармашылық сұраныстарды іске асыру үшін оңтайлы мүмкіндіктер туғызу;

 5) бейіналды даярлық және бейіндік оқыту жүйесін жетілдіру, оқушыларға кәсіби бағдар беру арқылы мамандықты дұрыс таңдауға ықпал ету;

6) мектептегі бос уақытты тиімді пайдалану;

7) оқу-тәрбие процесі мониторингінің нысандары мен әдістерін жетілдіру.

 

Күтілетін нәтиже:

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін еңгізіп, тарату;
  • Қосымша білім беру қызметіне деген әлеуметтік сұранысқа сәйкес, қосымша білім берумен қамтылған білім алушылар саны артады;
  • жоғары мектепте білім беру мекемелерінің желілік өзара іс-қимылы негізінде 8-9 сыныптарда бейіналды оқытуды ұйымдастыру;
  • мемлекеттік қорытынды аттестаттау барысында білім алушылардың тұрақты оң нәтижелерге қол жеткізу;
  • білімі төмен оқушылар пайызын қысқарту;
  • мектеп түлектерінің одан әрі оқуға және қазіргі заманғы жоғары технологиялық, экономикаға қызмет етуге дайын болу;
  • мектеп оқушыларына психологиялық, медициналық, әлеуметтік тұрғыдан білім беру процесін нығайту;
  • мектептің оқу-тәрбие үрдісінің мониторингі:

Білім беру мазмұны және оның сапасын арттырудың жобалық жоспары

Іс-шаралар

2021-2022

2022-2023

2023-2024

2024-2025

2025-2026

1

5-11 сынып оқушылары үшін жобалау-зерттеу қызметін орындау бойынша оқыту семинарларын, шебер сыныптар өткізу

Жылына

2 рет

Жылына

2 рет

Жылына

2 рет

Жылына

2 рет

Жылына

2 рет

2

Қатысушылардың жеке өсу рейтингі бойынша ғылыми-зерттеу конференциялары мен семинарларын ұйымдастыру

Жылына

2 рет

Жылына

2 рет

Жылына

2 рет

Жылына

2 рет

Жылына

2 рет

3

«Тапқырлық» ғылыми жобамен айналысатын топ құру

5-7 сыныптар

5-9 сыныптар

5-10 сыныптар

5-11 сыныптар

5-11 сыныптар

4

Пәндік олимпиадаға дайындау орталығын құру

5-7 сыныптар

5-9 сыныптар

5-10 сыныптар

5-11 сыныптар

5-11 сыныптар

5

Спорттық «Шынықсаң, шымыр боласың» орталығын құру

5-7 сыныптар

5-9 сыныптар

5-10 сыныптар

5-11 сыныптар

5-11 сыныптар

 

 

Білім беру мазмұны және оның сапасын арттырудың жобалық

жоспарының индикаторы

 

Индикаторлар

2022ж

2023ж

2024ж

2025ж

Үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» оқушылардың үлесі (оқыту сапасы)

70 %

80 %

85 %

90 %

Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының қатысушылары мен жеңімпаздарының үлесі

35 %

40 %

45 %

55 %

Инновациялық жобаларға қатысу

35 %

40 %

45 %

55 %

 

"ТӘРБИЕ" кіші бағдарламасы

Нысаналы мақсаты:Жаһандық өзгерістер жайлы таным түсінігі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, адамгершілік құндылықтары жоғары, тұлғаны  тәрбиелеу.

  • Міндеттері:
  • 1) оқушыларды рухани-адамгершілік дамыту және тәрбиелеу шеңберінде тәрбие жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру;
  • 2) балалар бірлестіктерін және оқушылардың өзін-өзі басқаруын қолдау, білім алушылардың әлеуметтік-позитивін ынталандыру;
  •  3) қоғамдық пайдалы қызмет етуге, оқушылардың өзін-өзі танытуына жағдай жасау;
  • 4) мектепте көпұлтты білім алушылардың толеранттылығын қалыптастыру;
  • 5)отбасының әлеуметтік жағдайын анықтай отырып, зиянды заттарға бейім балалармен алдын алу жұмыстарын жүргізу;

 

Күтілетін нәтижелер:

  • -мектеп түлектерін құзыреттілік пен азаматтық тәрбие беру арқылы жоғары әлеуметтік даму деңгейіне қол жеткізу;
  •  -білім алушылардың базалық пәндерді, ұлттық құндылықтарды меңгеруге белсенді қатысуын кеңейту; (әлеуметтік жобалау, пікірталас, интернет-конференциялар арқылы, тренингтер, іскерлік ойындар және т. б.);
  • -ауданның әлеуметтік-маңызды өзекті мәселелерін шешуге ата-аналар қауымдастығын тарту;
  • - білім алушылардың әлеуметтік-позитивті бастамаларының саны мен ауқымының өсуі, балалардың қызығушылықтары мен қабілеттері бойынша сабақтарға қажеттіліктерін қанағаттандыру; 
  • - білім беру мекемесінің қосымша білім беру қызметтерінің тізімін кеңейту;
  • -білім алушыларға; оқу жетістіктерінің мониторингі жүйесін құру (электронды портфолио) және білім алушыларды әлеуметтендіру нәтижелері;
  • - тәртіп бұзу санын қысқарту;
  • - білім алушылардың, педагогтар мен ата-аналардың мектеп жұмысына оң баға беру;

 

Мектептегі тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру индикаторы

 

Іс –шара атауы

2021-2022

2022-2023

2023-2024

2024-2025

Мектепте білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз  етуге, жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарға  негізделген іс – шараларға қатысу үлесі

55%

65%

75%

85%

«Жас Сарбаз» әскери – патриоттық  «Жас Қыран», «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастыру үлесі

40%

50%

60%

70%

Мектепте оқушылардың денсаулығы мен өмірлік дағылдыларын қалыптастыру, зорлық – зомбылыққа жол бермеу , кәмелетке толмағандар арасында суйцидтің алдын алу үлесі

70%

80%

90%

100%

«Қоғамға қызмет» волонтерлық әлеуметтік жобасы аясында қамтылған оқушы үлесі

70%

80%

90%

100%

Рухани -танымдық құндылықтар жүйесі «Кітап оқу сәні» сағаттары аясында қамтылған оқушылар үлесі

75%

85%

95%

100%

Мектептегі отбасылық тәрбие аясында «Берекелді шаңырақ» жобасына қамтылған ата – аналар үлесі

75%

85%

95%

100%

Оқушыларға кәсіптік бағдар беру, ақпараттық – экологиялық әлеуметтік маңызы бар шараларды жандандыру үлесі

75%

85%

95%

100%

«Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысы жалпы ұлттық, мәдени білім беру жобасын іске асыру бойынша оқушылар үлесі

70%

80%

90%

100%

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, нашақорлық,алкоголизм, темекі шегудің алдын – алу үлесі

70%

80%

90%

100%

 

«ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ ОҚУШЫ»  кіші бағдарламасы

  • Нысаналы мақсаты: Дарынды балалармен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін кеңейту арқылы жаңа психологиялық-педагогикалық технологияларды енгізу.
  •  Міндеттері:
  • 1) Ерекше білім беруге қажеттілігі бар дарынды оқушыларды анықтау және қолдау;
  • 2) білім берудің пәндік дамытушы ортасын ескере отырып, баланың дарындылығын жетілдіру;
  • 3) олимпиадалық байқауға қатысушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау;
  • 4) дарынды балалармен жұмыс жүргізетін педагогтарға әдістемелік жағдай жасау ;
  • 6) дарынды баланы тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру; 

 

Күтілетін нәтижелер:

·дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту жүйесін құру;

·оқушының жетістігіне ықпал ететін физикалық және психикалық денсаулықты сақтайтын білім беру ортасын құру;

·дарынды балалар мен жасөспірімдерді дамытуға бағытталған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеу және апробациялау

·педагогтардың дарынды оқушылармен жұмыс істеу технологияларын меңгеруі;

· дарынды оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің шығармашылық тобын құру;

·Желілік қоғамдастықты басқару және жетекшілік ету (мектептердегі ортақ проблемаларды шешу үшін мектеп аясында және аудан мен географиялық жақын орналасқан мектептер арасында тәжірибе алмасу):

 

"КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТ" кіші бағдарламасы

Нысаналы мақсаты: Педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін жаңа әдістемелік іс-әрекетпен қаруландыру;

Міндеттері:

  • Педагог қызметкерлердің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін дамыту;
  •  Мектеп әкімшілігі мен  педагог қызметкерлерінің мемлекеттік оқу жүйесіне жаңа бағдарламаны енгізу арқылы дамыту;
  •  мұғалімдердің жаңашыл тәжірибесін қолдау және тарату;
  •   жас мамандарды ұжымға неғұрлым оңай бейімдеуді қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер:

  • білім беру мекемесінің тиімділігін арттыру;
  • мектептің білім беру процесі субъектілерінің басқаруға қатысуын кеңейту;
  • ҚР -ның "Педагог мәртебесі  туралы" Заңын  басшылыққа ала отырып, білім беру ұйымдарының мәселелерін шешуде инновациялық даму негізінде білім берудің жоғары адамгершілігі, құзыреттілігі, іскерлік белсенділігі мен кәсіби икемділігі және сапа қызметі - кадр әлеуетін сипаттайды.
  • Мектептерде үздік педагогтерді сақтау үшін моральдық және материалдық ынталандыру жүйесін енгізу;
  • инновациалық орта қалыптастыру;
  • педагогтердің біліктіліктілігін арттыруда қайта даярлау курстарына жіберу арқылы олардың алған білімін практикаға еңгізу, озат тәжірибені  тарату;
  • нәтижеге жеткен педагогтарды  үнемі мотивация беру арқылы ынталандыру;
  • жаңартылған білім мазмұны бойынша сертификатталған  педагогтар арасында шығармашылық топ құру.

Педагог кәсібінің беделін және олардың сапалық құрамын арттырудағы даму индикаторы

Индикаторлар

2022ж

2023ж

2024ж

2025ж

Жоғары санаттағы педагогтердің үлесі

55 %

65 %

85 %

90 %

Біліктілікті арттыру курстарынан өткен, оның ішінде білім беру мазмұнын жаңарту бойынша педагогтердің үлесі

80 %

100 %

100 %

100 %

Жас мамандардың үлесі

27 %

35 %

40 %

45 %

Инновациялық жобаларға қатысатын мұғалімдердің үлесі

20 %

30 %

40 %

60 %

Білім беру процесінде АКТ-ны пайдалану үлесі

80 %

90 %

100 %

100 %

" ӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ ОРТА " кіші бағдарламасы

  • Нысаналы мақсатышығармашылық, әлеуметтік бағдарланған білім алушылардың бейімделуіне және белсенді көрінуіне қажетті даму ортасын құру.
  • Міндеттері:
  • Оқу кабинетттерін модификациялық жабдықтармен қамтамасыздандыру;
  • Материалдық –техникалық базаны заман талабына сай жаңартып отыру, интернетке қосу жылдамдығын арттыру;
  • Нәтижесінде барлық педагогтерді компьютерлермен қамтамасыз ету бойынша

«1 мұғалім – 1 компьютер» жобасы іске асыру.

  1. Мектепте бюджетке қарай STEM-кабинеттерімен жабдықтандыру.
  2. Мектепті абаттандыру жұмыстарын жалғастыру;

Жоспардан күтілетін нәтижелер:

-жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету;

-білім беру мазмұнын сапалы жаңарту;

-  білім алушылардың  қызығушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру;

-  мұғалімдер құрамының кәсіби құзыреті мен жалпы мәдени деңгейін көтеру;

- мұғалімдер мен білім алушылардың АКТ құзыреттілігін арттыру;

- оқушылардың өмірін қорғауды, денсаулығын сақтау мен нығайтуды, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау;

- қауіпсіз еңбек пен оқу жағдайларын жасау;

- материалдық-техникалық базаны дамыту;

-ақпараттық технологиялармен және заманауи оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету деңгейін арттыру;

Материалдық-техникалық базаны дамыту индикаторы

Индикатор

2022ж

2023ж

2024ж

2025ж

Оқу жабдығымен жабдықталған оқу кабинеттерінің, зертханалардың, шеберханалардың үлесі

50 %

70 %

80 %

100 %

Көркем әдебиет кітапханасының қорын ұлғайту

50 %

60  %

70 %

90 %

 

«САЛАУАТТЫ МЕКТЕП» кіші бағдарламасы

Мақсаты:денсаулықты сақтауға және жақсартуға ықпал ету білім алушылардың салауатты өмір салтына деген қажеттілігін дамыту.

 

Міндеттері:

  •  1) білім алушылардың  психологиялық және әлеуметтік денсаулықтарын сақтау және нығайту;
  • 2) білім алушылардың, педагогтардың, ата-аналардың денсаулық мәдениетінің деңгейін нығайту;
  • 3) денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін мектептің ішкі ортасын құру;
  • 4) білім беру процесінің сипаты және білім алушылар мен педагогтердің қауіпсіздігі;
  • 5) зиянды әдеттердің алдын алу және ескерту, салауатты өмір салтын насихаттау;
  • 6) білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруды жетілдіру;
  • 7) қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;

 

МЕКТЕПТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ" ЖОБАСЫ

Мақсаты: КР -ның Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арнаған мемлекеттік бағдарламасы негізінде көрсетілгендей "қосымша білім беру новигаторы" бағдарламасы әзірленуіне орай , ата-аналардың сұраулары ескере отырып,  сыныптан тыс инновациялық модельді әзірлеу;

Міндеттері:

  1. Білім алушылардың қызығушылықтарын, бейімділіктерін, қабілеттерін, мүмкіндіктерін анықтау;
  2. Барлық оқушылар үшін мүмкін болатын табысқа кепілдік, әлеуметтік маңызы бар қызмет түрлері;
  3. Экологиялық жобаны аудан, ауылдық окургтеріне насихаттау;

Жоспардан күтілетін нәтижелер:

  1. Ауыл тұрғындарының экологиялық сауаттылығы мен мәдениеті қалыптасады;
  2. Көгалдандыру жұмыстары жанданады;

 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ ЖОСПАРЫ
2020-2021 жыл

Жүзеге асыру мерзімі

Кіші бағдарлама

Іс-шаралар тізімі

1 кезең - аналитикалық-дайындық

2021-2022

Білім берудің жаңа сапасы

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін еңгізу;
  • Оқушылардың қызығушылығына қарай топқа бөліп, қосымша сабақтар өткізу;
  • білімі төмен оқушылардың тобын құрып, түзету сабағын өткізу;
  • 8-9 сыныптарда бейіналды оқытуды ұйымдастыру, қосымша білім беру ұйымдарымен бірігіп оқыту;
  • мектеп түлектерінің одан әрі оқуға және қазіргі заманғы жоғары технологиялық, экономикаға қызмет етуге дайындау мақсатында ЖОО байланыс орнату;

Тәрбие

  • мектеп түлектерін құзыреттілік пен азаматтық тәрбие беру арқылы жоғары әлеуметтік даму деңгейіне қол жеткізу;
  • білім алушылардың базалық пәндерді, ұлттық құндылықтарды меңгеруге белсенді қатысуын кеңейту; (әлеуметтік жобалау, пікірталас, интернет-конференциялар арқылы, тренингтер, іскерлік ойындар және т. б.);
  • ауданның әлеуметтік-маңызды өзекті мәселелерін шешуге ата-аналар қауымдастығын тарту;
  • білім алушылардың әлеуметтік-позитивті бастамаларының саны мен ауқымының өсуі
  • балалардың қызығушылықтары мен қабілеттері бойынша сабақтарға қажеттіліктерін қанағаттандыру; 
  • білім беру мекемесінің қосымша білім беру қызметтерінің тізімін кеңейту;
  • білім алушыларға; оқу жетістіктерінің мониторингі жүйесін құру (электронды портфолио) және білім алушыларды әлеуметтендіру нәтижелері;
  • тәртіп бұзу санын қысқарту;
  • білім алушылардың, педагогтар мен ата-аналардың мектеп жұмысына оң баға беру;

Дарынды және талантты  оқушы

 

  • дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту жүйесін құру;
  • оқушының жетістігіне ықпал ететін физикалық және психикалық денсаулықты сақтайтын білім беру ортасын құру;
  • дарынды балалар мен жасөспірімдерді дамытуға бағытталған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеу және апробациялау
  • педагогтардың дарынды оқушылармен жұмыс істеу технологияларын меңгеруі;
  •  дарынды оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің шығармашылық тобын құру;
  • Желілік қоғамдастықты басқару және жетекшілік ету (мектептердегі ортақ проблемаларды шешу үшін мектеп аясында және аудан мен географиялық жақын орналасқан мектептер арасында тәжірибе алмасу):

Кадрлық әлеует

 

  • білім беру мекемесінің тиімділігін арттыру;
  • мектептің білім беру процесі субъектілерінің басқаруға қатысуын кеңейту; ҚР -ның "Педагог мәртебесі  туралы" Заңын  басшылыққа ала отырып, білім беру ұйымдарының мәселелерін шешуде инновациялық даму негізінде білім берудің жоғары адамгершілігі, құзыреттілігі, іскерлік белсенділігі мен кәсіби икемділігі және сапа қызметі - кадр әлеуетін сипаттайды .
  • Мектептерде үздік педагогтерді сақтау үшін моральдық және материалдық ынталандыру жүйесін енгізу;
  • инновациалық орта қалыптастыру;
  • педагогтердің біліктіліктілігін арттыруда қайта даярлау курстарына жіберу арқылы олардың алған білімін практикаға еңгізу, озат тәжірибені  тарату;
  • нәтижеге жеткен педагогтарды  үнемі мотивация беру арқылы ынталандыру;

Орта

 

  • Оқу кабинеттерін модификациялық жабдықтармен қамтамасыздандыру;
  • Материалдық –техникалық базаны заман талабына сай жаңартып отыру, интернетке қосу жылдамдығын арттыру;
  • Нәтижесінде барлық педагогтерді компьютерлермен қамтамасыз ету бойынша «1 мұғалім – 1 компьютер» жобасы іске асыру.
  • Мектепте бюджетке қарай STEM-кабинеттерімен жабдықтандыру.
  • Мектепті абаттандыру жұмыстарын жалғастыру;

Салауатты мектеп

 

  • білім алушылардың  психологиялық және әлеуметтік денсаулықтарын сақтау және нығайту;
  • білім алушылардың, педагогтардың, ата-аналардың денсаулық мәдениетінің деңгейін нығайту;
  • денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін мектептің ішкі ортасын құру;
  •  білім беру процесінің сипаты және білім алушылар мен педагогтердің қауіпсіздігі;
  • зиянды әдеттердің алдын алу және ескерту, салауатты өмір салтын насихаттау;
  • білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруды жетілдіру;
  • қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру ;

2021 -2026 жылдарға арналған даму жоспарын жүзеге асыруда теориялық – практикалық қабілетті, бойындағы табиғи қабілеттері мен мүмкіндіктері ашылған, бәсекеге  қабілетті тұлға болып өскен қазіргі мектеп  оқушыларының моделі қалыптасады.

 

Оқушы моделі

4- сынып

Оқушы моделі

9- сынып

Оқушы моделі

11- сынып

Білім алушылардың коммуникативтік, танымдық, шығармашылық білік - дағдылары қалыптасқан;

Білім алушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру процесінде функционалдық сауаттылығы қалыптасқан;

Өз халқының мәдениеттері мен рухани құндылықтарын бойына сіңірген;

Бейнелік және логикалық ойлауы дамыған;

Алған білім, білік дағдыларын өмірлік жағдаяттарда пайдалануға тәрбиеленген;

 Салауатты өмір салтына тәрбиеленген, ақыл – ой,  дене тәрбиесі   жетілген;

 Жеке шығармашылық қабілеті жетілген, интеллектуалдық қабілетін танытқан;

Халықаралық салыстырмалы  зерттеулерде табиғи қабілеттерін, оқу жетістіктерін дәлелдеген. 

 

Адами мәдениеті, жеке тұлғалық өзін – өзі дамыту дағдылары қалыптасқан ;

Ғылым негіздері бойынша базалық білім жүйесі, ерекше білім алу қажеттіліктері  қалыптасқан;

Әлеуметтанудағы өзара іс-қимылы,  сыни және шығармашылық ойлауы жетілген;

Алдына мақсат қоя білетін икемділіктері арқылы мамандығын дұрыс таңдаған;

Білімін өмірлік жағдаяттарда  пайдалана алатын;

Рухани өресі кең, елжанды, өзіндік азаматтық көзқарасы қалыптасқан жасөспірім;

 

Білім алушының қызығушылық қажеттілігі анықталған;

Коммуникацияның  түрлі тәсілдерін,  сандық технологияларды меңгерген;

Зияткерлік әлеуеті жоғары;

Өмір жағдаяттарында кездескен өзекті мәселелерді шешуге қабілетті;

Экономикалық қажеттіліктер мен өңірлік ерекшеліктеріне сәйкес мамандық таңдаған:

Рухани- адамгершілік, физикалық дамуы қалыптасқан, салауатты өмір салтын ұстанған ;

Ұшқыр ойлы, көшбасшылық қабілеті қалыптасқан азамат.

 

4.ТАЛДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ  ПЕДАГОГЫНЫҢ   КОНЦЕПТУАЛДЫҚ  МОДЕЛІ.

Мектеп дамуының  аксиологиялық негізіне қарай, оның 2021 жылға дейінгі дамуының  мақсаттары мен миссиясы негізінде , сонымен қатар  педагогикалық  қызметтің сапасына қойылатын талаптарын негізінде Талды жалпы білім беретін мектебі құзырлы педагогының  концептуалдық моделі құрылды.

ҚҰЗЫРЛЫ ПЕДАГОГ: 

  • Жалпы  және қарым –қатынас мәдениеті жоғары, диолог барысында қамтамасыз етілетін күрделі коммуникативтік  тәжірибесі мен теориялық білімі бар.
  • Өз пәні саласындағы теориялық және практикалық жетістіктерді  меңгеру қабілеті жоғары,  пәндік білімді өзектілігі , ғылымилығы жағынан  талдай алады.
  • Жеке өзінің немесе өзге (отандық, шетел, тарихи) педагогикалық озық тәжірибеге деген   сыни көзқараспен бағалауы  мен оны  тәжірибеде біріктіре отырып пайдалана алады.
  • Инновациялық  педагогикалық нәтижеге  қол жеткізуге  және  озық педагогикалық ойларды шығаруға мүмкіндік беретін жеке креативтік  қасиеттерді дамыту мен қалыптастыруға ұмтылысы жоғары.
  • Рефлексивтік мәдениетінің болуы, өздік қорытуға, талдауға немесе педагогикалық үдеріске қатысушылармен  біріккен рефлексияға  деген ұмтылысының қалыптасуы;
  • Әдіснамалық мәдениет, концептуалды ойланудағы біліктілік пен дағды,  педагогикалық үдерісті моделдеу және өз қызметінің нәтижелерін болжай  алуы;
  • Педагогикалық үдеріске қатысушы өзге субьектілермен бірге әлеуметтік тәжірибені  бірігіп  меңгеруге дайындығы;
  • Өте жылдам  дамып жатқан ақпарат ағымы жағдайында ақпаратты алу, қабылдау, талдау, сақтау, қайта жаңғыртуды меңгеруі  .
  • Білім беру саласында  нарықтық қарым қатынас жағдайында  маркетинг философиясын   педагог қызметінің  негізгі идеясының бірі деп қабылдауы
  • Кәсіби бәсекелестік ұғымын  педагогтың  жеке басын  дамытуындағы қозғалту күші  түсінігін қабылдауы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Новости