Құрметті ата-аналар!
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) уәкілетті органдармен бірлесіп «еgov mobile» мобильдік қосымшасында «ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР» сервисін (бұдан әрі-Сервис) іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сервис азаматтарға электрондық форматтағы мобильдік қосымша арқылы құжаттарды (жеке куәлік, туу туралы куәлік, жүргізуші куәлігі және т.б.) қарауға, сондай-ақ оның анықтығын тексеруге мүмкіндік береді.
Базалық құжаттарды электрондық форматта (жеке куәліктер, дипломдар, жүргізуші куәліктері және басқа да құжаттар) ұсыну құралдарын іске асыру және енгізу азаматтардың күнделікті мәселелерін жедел шешу қажеттілігіне негізделген.
Бүгінгі күні «еGov mobile» мобильдік қосымшасында цифрлық құжаттардың түрлері іске асырылды, оларды QR-код арқылы. Пайдаланушылар пайдалана алады.
Анықтама ретінде: Жеке куәлік, Жүргізуші куәлігі, Туу туралы куәлік, Неке қию туралы куәлік, Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік, Некені бұзу туралы куәлік, Техникалық паспорт, COVID-19-ға ПТР тестілеу нәтижесі, Студенттік билет, Диплом, Зейнеткер куәлігі, Қандас куәлігі, Көлік құралын тіркеу туралы куәлік, Әлеуметтік сақтандыру ID, вакцинация паспорты, Көп балалы отбасының жәрдемақысын алушы, Мүгедектік куәлігі, Атаулы әлеуметтік көмек алушының куәлігі, Тұруға ықтиярхат.
Сервисті енгізу және пайдалану мәселесін нормативтік реттеу мақсатында Министрлік «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Сервисті айқындау, цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану нормалары мен қағидаларын айқындау бөлігінде өзгерістер енгізді.
Сонымен қатар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның
4-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына, 5-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттарды пайдалану міндеті айқындалған цифрлық құжаттар сервисінен өзіне және отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне қатысты электрондық құжаттарды пайдалану құқығы айқындалған.
Бүгінгі күні қағаз құжатпен тең цифрлық құжаттарды заңды тануды қамтамасыз ету бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) (оның ішінде «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заң, «Мемлекеттік шекара туралы» Заң және басқа) қол қойылды. Бұл Заң азаматтарға цифрлық құжаттарды көптеген өмірлік жағдайларда кедергісіз пайдалануға және оларды пайдалану аясын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға пайдаланылатын және ұсынылатын цифрлық құжаттар сервисіндегі құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.
Тұрғындар үшін цифрлық құжаттар туралы ақпаратты төмендегі сілтемелер арқылы көре аласыздар