back-image
КГУ "Общеобразовательная средняя школа поселка Сарышаган"
Организации> КГУ "Общеобразовательная средняя школа поселка Сарышаган"

Программа развития школы

.«Cарышаған кентіндегі жалпы орта

білім беретін мектеп» КММ-нің
202
2 –2023 оқу жылына арналған
өндірістік жоспары

Мектеп туралы  жалпы мағлұмат

 

 Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданындағы

«Сарышаған кентіндегі ЖОББМ» КМММектептің заңды және нақты

мекенжайы:

Сарышаған кенті Теміржол көшесі, құрылыс №3Б

Тел/факс 8-710-38-2-22-31

E-mail:ainurbizhambekova@mail.ru

Ашылған жылы: 2018 жылдың тамыз айында

Жалпы алаңы: 9229,7 шаршы метр

Ғимараттың түрі: ыңғайластырылған

Меншік түрі: коммуналдық мемлекеттік мекеме

Жұмыстың ұйымдастырылуы: жалпыға міндетті орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.

 

 

 Жалпы оқу кабинеттер – 34, төлқұжаты бар кабинеттер – 34, компьютер кабинеттері – 2, лингофон кабинеттері – 1, жаңа үлгідегі химия және химиялық зертхана кабинеттері – 1, физика және физикалық зертхана кабинеттері – 1, спорт зал – 1, акт залы – 1, кітапхана – 1, кітапхана қоры – 1, асхана – 1.

2021-2022 оқу жылында мектебімізде 516 оқушы оқуға қамтылды. Мектеп жұмысы екі ауысымда жүргізіліп, сабақтан соң оқушылар мектеп ғимаратындағы түрлі үйірмелерге (футбол, шахмат, сурет, ән, би) қарастырылды.

 

Мектеп сыныптарының саны төмендегідей.

1 сынып-3  5 сынып- 3  9 сынып-3

2 сынып-3  6 сынып-3  10 сынып-3

3 сынып-3  7 сынып-3  11 сынып-3

4 сынып-3  8 сынып-3

Барлығы бастауыш 1-4 сыныптар-12 сынып.

Барлығы орта буын 5-9 сыныптар -15 сынып.

Барлығы жоғарғы буын 10-11 сыныптар -6 сынып

2021-2022 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың ақпары:

●ЖОББ мектепте жалпы мұғалім саны: 73
●Оқушы саны: 515
●Қазақ сыныптарында: 347оқушы
●Орыс сыныптарында:127оқушы
●Негізгі орта білімді аяқтаған  оқушы саны: 42
●Оның ішінде қызыл аттестатқа үміткер- 3оқушы
●Ахметова Даяна, Игенбек Алихан, Жамауқұл Жанайым
●Жалпы орта білімді бітірушілер саны: 41
●Оның ішінде алтын белгі иегері- 2оқушы
●Әбдімұқашева Алина, Ибраева Еркежан
●5-11сыныптардың білім сапасы: 40%
●5-9 сыныптарда 47%
●10-11сыныптарда 32%
●Жалпы білім көрсеткіштері: үлгерімі-100%, сапа-51%.

 

 

1. Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау жоспарына сәйкес

 Мектеп мұғалімдердің КТП,БЖБ,ТЖБ графиктері тексеріліп,бекітілді. Bilimal.kz электронды журналдың жүргізілу жағдайы ай сайын тексеріліп,қорытындысы бойынша ескертулер мен ұсыныстар мұғалімдерге жеке ескертілді.

2. Баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін бақылаужоспары бойынша 5-11 сыныптарда бекітілген графикке сай әр сыныпта БЖБ,ТЖБ жүргізілді.

9-11сыныптарының жоспарына сай емтихандаржүргізіліп, мониторингі шығарылды.

3. Материалдық-техникалық базаның нығаюын бақылау бойынша

Санитарлық-гигиеналық тәртіп пен еңбек ҚТ-ны сақтау бойынша мұғалімдердің жұмысы үнемі бақыланып отырды.

11-сыныптарда сенбі сайын ҰБТ тестері бойынша сынақтар алынып,маниторингі жүргізіліп отырды.

4.Оқу процесінің сапасын бақылау  жоспарына сәйкес 5-11 сыныптарда еңбек ететін мұғалімдердің сабақтарына қатысып,әр сабақ бойынша талдау жасалды,ұсыныстар мұғалімдерге ескертіліп айтылды.Сабаққа қатысу барысында мұғалімдердің ерекше білімді қажет ететін оқушылармен, дарынды және мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс барысы бақыланды. Оқу бағдарламаларының  орындалуын бақылау мақсатында жыл соңында электронды журналдар тексеріліп,жекелеген мұғалімдермен олқылықтарды жою жұмыстары жүргізілді.

5.  Мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылаужоспары бойынша тәлімгерлер мен жас маманның жұмысы бақылауға алынды. Жұмыс жоспарын орындау бойынша мұғалімдердің жұмысын талдау,нәтижелілік мониторингі жасалды.

    Жаңадан келген мұғалімдердің педагогикалық қызметінің кәсіби және әдістемелік деңгейімен танысу мақсатында олардың сабақтарына қатысып,методикалық көмек берілді, ҚМЖ тексеріліп отырды.Аттестациядан өту қағидалары түсіндірілді.

  Келесі 2022-23 оқу жылына жүктеме жасалды.

  2021-2022 оқу жылына жоспарланған жұмыстар толық атқарылды.

  Директорының ОІЖО:          Т.А.Абикеева

 

 

Бастауыш сыныптар әдістеме бірлестігінің 2021-2022 оқу жылында

жүргізілген жұмыстары жайлы ақпар.

 

      Бірлестік жұмысы бекітілген жоспар бойынша  жүргізіліп отырады.Әдістеме бірлестігінде 12 бастауыш сыныбы,3 даярлық тобы бар.

Аталған мектептің бастауыш сыныбында барлығы –183 оқушы, даярлық топтарда    42 бала бітірді.

1 сыныптарда – 51 оқушы.

2 сыныптарда – 42 оқушы.

3 сыныптарда – 44 оқушы.

4 сыныптарда – 46 оқушы.

      Бастауыш сыныптарда-13мұғалім, мектепке дейінгі сыныптарда – 3 мұғалім жұмыс істейді,пән мұғалімдері-15.Бастауыш сыныптарға білім беретін 13 мұғалімнің: педагог-зерттеуші санатты – 4,педагог-сарапшы санатты –5, педагог-модератор санатты-2,санатсыз – 4 мұғалім.

Жоғары білімді – 9 мұғалім, орта арнаулы білімді –  7 мұғалім.

  2021-2022 оқу жылының IV тоқсан  қорытындысы  бойынша -42 оқу үздігі және 43 оқу екпіндісі  бар, сапа 63 %, үлгерім  100% құрайды.

 
Әдістемелік бірлестіктер жұмысы
 
Мектептегі әдістемелік жұмыс пән бірлестіктері арқылы жүзеге асады. Мектепте ғылыми-әдістемелік бөлімнің басшылығымен 9 әдістемелік бірлестік жұмыс істейді:
1.  Қазақ тілі мен әдебиет пәні әдістеме бірлестік жетекшісі – Капашова Ш.М.
2.  Орыс тілі мен әдебиет пәні әдістеме бірлестік жетекшісі –Федина В.И
3.  Ағылшын тілі пәні әдістеме бірлестік жетекшісі –Абдраимова А.Т.
4.  Математика пән,физика,информатика пәндеріәдістеме бірлестік жетекшісі –Мұқыжанова А.К
5.  Химия, биология, өзін-өзі тану пәндері әдістеме бірлестік жетекшісі – Бижанова Ж.
6.  Технология, бейнелеу өнері ән пәндер әдістеме бірлестік жетекшісі –Шайнабаева Ш.А.
7.  Тарих және география пәндері әдістеме жетекшісі – Адлбекова С.М.
8.  Денешынықтыру пәні әдістеме бірлестік жетекшісі – Нурбеков Қ.
9.  Бастауыш сынып әдістемесі бірлестік жетекшісі –Куккузова Ш.Қ

 

 
  Жыл бойы әдістемелік бірлестік жұмыстары мектеп бағдармаларының негізгі талаптарына және мектеп жоспарына сәйкес орындалды. Жыл бойына түрлі әдістемелік топтардың басшылығымен апталықтар, пәндік сайыстар, бақылау жұмыстарының қорытындылары бойынша білім сапасының мониторингі шығарылып отырды. Пән апталықтары бекітілген  кесте бойынша өткізілді.
  Инновациялық тұрғыдан жүргізілген жұмыс мазмұны оқу-тәрбие процесін модернизациялау, ұтымды технологияларды таңдау, меңгеру және әрбір мұғалімнің жұмысын ғылыми негізде жүргізуіне бағытталған.
  


 
   Үш тілде оқыту бағдарламасы бойынша өткен мұғалімдер тізімі төмендегідей:  
Шуланова Р.М. информатика пәні мұғалімі- үш тілділік курс В1, В2
Ходжабергенова А.А.информатика пәні мұғалімі- үш тілділік курс А1, А2,В1, В2, С 
Робототехника негіздері бойынша сертификатталған мұғалімдер тізімі төмендегідей:
Мұқыжанова А.К. информатика пәні мұғалімі - робототехника негіздері

2022 оқу жылында:
Педагог - зерттеуші – 10;
Педагог - сарапшы-17;
Педагог - модератор – 9.

 

 «Сарышаған кентіндегі ЖББОМ» КММ-нің 2021-2022 оқу жылындағы директордың оқу-ғылыми оқу ісі жөніңдегі орынбасарының атқарған жұмыстарының жылдық есебі

 

2021-2022 оқу жылының қыркүйек айынан бастап мектебімізде – 515 оқушы білім алады.

Жалпы мектебімізде бастауыш сыныптар саны: даярлық сыныбы-3, 1-сынып-3,2-сынып-3,

4-сынып-3. Орта буын жалпы 5-сынып(а,ә,б), 6-сынып(а,ә,б), 7(а,ә,б)-сынып, 8(а,ә,б),  сынып, жоғарғы буын -9-10-11(а,ә,б) сынып. 2021-2022 оқу жылында ЕБҚЕО жалпы саны мектебімізде-13 бала оқыды, оның ішінде ПМПК қорытындысы бойынша- 2 оқушы үйде білім алды.2021-2022 оқу жылында мектебіміздің оқушылары жыл бойы мектепшілік, аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындар иеленді.

Мектебімізде жыл бойы оқушылармен барлық пәндер бойынша олимпиадалар уақытылы өткізіліп оқушылар мен мұғалімдер қатысып жүлделі орындар алып, сертификатар мен  алғыс хаттармен марапатталды. 26.10.2021 оқу жылында 5-6 сынып оқушылары арасында «Дарын» олимпиадасының мекктепшілік кезеңі өтті. Мектепшілік кезеңіне мектебімізден -37 оқушы  негізгі пәндерден қатысты. Мектепшілік кезеңнен 26-оқушы І-орын, 6 оқушы- ІІ орын, 5 оқушы-3 орын алды. 27.10.2021 оқушылар марапатталып, 26 оқушы аудандық кезеңге  өтті. 5-6 сынып оқушылар арасындағы Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде «Сарыарқа дарыны»  балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен олимпиадға қатысып жүлделі орын алғаны үшін марапатталдыТусипаеваТаира орыс тілі мен әдебиеті пәнінен –1 орынға ие болды, жетекшісі Хажибекова А. М, Шералы Жанерке қазақстан тарихынан -3 орын алғаны үшін марапатталды жетекшісі Адлбекова С.М, Шералы Айару қазақ тілі мен әдебиеті-3 орын алғаны үшін марапатталды жетекшісі Адилбекова Г.А, Аязбаева Қарақат жаратылыстану пәнінен – орын алғаны үшін марапатталды жетекшісі Майбородова В. З.

 

Новости