Құрметті ата-аналар!
«Балбөбек» бөбекжайына қош келдіңіздер! Біздің мектепке дейінгі мекеме 1951 жылы ашылған. Бөбекжайы Республикалық «Инклюзивті балабақша-Инклюзивті мектеп-Инклюзивті колледж» жобасын және Қарағанды обылысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемілік орталығы дайындаған «Жас оқырман» әлеуметтік – педагогикалық жобасын жүзеге асыруда.
Қазіргі заман талабына сай мектепке дейінгі ұйым педагогтары тәрбиелеу мен оқытуда ақпараттық – комуникациялық технологияларды еңгізудің тиімді жолдарын, жаңа технологияларды қолдануда шеберліктерін артыруда. Балабақшада білім беру ерекшеліктеріне бағытталған оқыту мен тәрбиелеу әрбір тәрбиеленушіде мынадай мүмкіндіктердің жасалуын көздейді:
- қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге;
- музыка, өнер туралы білімдер негізіне қызығушылық танытуға;
- ауызша қатынастың алуан түрлі құралдарын ана тілінде және басқа тілдерде қарым-қатынас пен өзара іс-әрекет құруда пайдалануға;
- патриоттық, толеранттық, рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыруға;
- балалардың дарындылығы мен жеке қабілеттерін дамыту.