"ШАХМАТ" ЧЕЛЛЕНДЖІ !Бүгін, 12 сәуір сағат 12.00-де, жас шашубайлықтар үлкен құлшыныспен өз мұғалімдерімен бірге ШАХМАТ ОЙЫНЫНАН республикалық челленджге қатысты. Мұндай челлендж республикамызда алғаш рет өткізіліп отыр және ол барлық өңірлердегі мәдени өмірдің бірегей оқиғасы болып табылады. Кең ауқымды акция еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіріп, мереке атмосферасын құруға мүмкіндік берді. Бүгінде барлығы: ересектер де, балалар да зейінді, интеллектті, логикалық ойлауды дамытатын танымал ойынға тағы да "позитивті" түрде жұмыла кетті.
Әр алуан жастағы шашубайлықтар ақыл-ойды жаттықтыруға арналған қызықты ойындарға құлшына кірісіп, зейіні мен абстрактілі ойлауын шоғырландыра түсті. Олар жеңістеріне қуанып, бір-біріне ыстық құшақтарын жайды.
Шашубай кентінің мектебінде шахмат залы 2008 жылдан бері барлық тілек білдірушілер үшін ашық. Дене шынықтыру мұғалімдері Ильичева Людмила Игоревна, Шакирбеков Дәулет Тәңірбергенұлы, Смағұлов Ербол Ермекұлы шахмат залының жұмысына өте креативті қарайды – үстел үсті және едендік көлемді шахматтың әр түрлі фигуралары бар. Эксклюзивті авторлық магниттік шахмат тақталары да назарда. Қазақстан мен шет елдердің көрнекті жас шахматшыларының фотосуреттері мен жетістіктері бар стендтер – табысқа жету жолындағы "тең -теңімен" ұстанымына нақты да ұтымды мысал бола алады. Бұл - әлем чемпиондары және халықаралық гроссмейстерлер: Жансая Абдумалик, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева, халықаралық шебер Меруерт Камалиденова және тағы басқалар. Құрдастарымен онлайн режимінде шахмат ойнау, мұғалімдердің еліміздің әртүрлі қалалары мен облыстарындағы әріптестерімен ойнауы ауыл оқушыларына арналған шахмат зияткерлік ойынының шекарасын кеңейтуде.
Мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері арнайы жабдықтарсыз шахмат ойнау үдерісіне қарапайым өзін - өзі ұйымдастыруды, аздаған қиялды, компьютерлік технологияны енгізе отырып, балалар мен ересектерді қызықтыра алды-біз мұны істей алдық.
Шахматпен айналысатын балалардың әртүрлі зиянды әрекеттерден мүлдем алыс екендігі байқалды. Шахматшылар-біздің қоғамның өте салауатты бөлігі. Шахматты бірге дамытайық!
Бүгін біз балалар арасында шахмат спортын дамытуды насихаттадық. Бүгін біз тек шахмат ойнап қана қойған жоқпыз. Біз, ересектер мен балалар, челлендждің екі тапсырмасын орындадықындадық:
- білім беру: ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлауды, есте сақтауды, байқау мен зейінді дамыту.
- тәрбиелік: балалардың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділік пен табандылықты дамыту.
Бәрімізге ЖАРАЙСЫҢДАР дегім келеді!!!
"Мектеп телеарнасы" зертханасының жас журналистері "басты" жаңалықтарда ел өмірінің ағынындағы ауыл мектебінің белсенді өмірінен бейнематериал мен кезекті жаңалықтарды беріп те үлгерді! |
2023-04-20 12:16:23 |
Скачать
|