Консультативтік пункттың жылдық жоспары бойынша іс шараларҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ |
2025-01-08 20:17:43 |
Скачать
Смотреть
|
Консультативтік пункттың жылдық жоспары бойынша іс шараларБала өміріндегі ертегінің рөлі |
2025-01-08 20:03:55 |
Скачать
Смотреть
|
Консультациялық пункт жұмысы бойынша ата-аналарға нұсқаулықКонсультациялық пункт жұмысы бойынша ата-аналарға нұсқаулық |
2025-01-08 19:18:04 |
Скачать
Смотреть
|
Консультациялық пункт жұмыс жоспарыКонсультациялық пункт жұмыс жоспары |
2025-01-08 19:14:57 |
Скачать
Смотреть
|
Консультациялық пункт құру туралы бұйрықКонсультациялық пункт құру туралы бұйрық |
2025-01-08 19:14:16 |
Скачать
Смотреть
|
мобильді қосымшамобильді қосымша |
2025-01-08 19:06:26 |
Скачать
Смотреть
|
Ата-аналарға арналған мобильді приложениеАта-аналарға арналған мобильді приложение |
2025-01-08 18:12:31 |
Скачать
Смотреть
|
Тренинг педагог -психолог Сәкен А.Ж."Метод наглядного моделирования" |
2025-01-08 18:05:43 |
Скачать
Смотреть
|
Индивидуальная работа по запросу родителей6.01.2025г |
2025-01-08 17:53:56 |
Скачать
|
#Біртұтастәрбие06 қаңтар 2025 жылы "Нұрай" бөбекжайы" КМҚК-да аудандық семинар өтті
Семинарымыздың ашылу салтанатын бастаған бөбекжайдың басшының міндетің атқарушы Тулеген Ж
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде бөбекжай мен мектеп байланысын нығайту" 12 Тірек мектебімен сабақтастық барысында жүзеге асырылған жұмыстар деңгейін презентация арқылы таныстырды.
Семинарға ауданымыздың мектептері мен балабақшаларынан 75 педагог қатысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Іс-шара барысында бөбекжайымыздың педагогтары өздерінің үздік тәжірибелерін ортаға салып, жаңа әдістемелер мен тәрбие беру тәсілдерімен таныстырды.
Семинардың негізгі мазмұны мен іс-шаралар:
1. "Қауіпсіздік ережелері", "экологиялық тәрбие", "инновациялық технологиялар", "патриоттық тәрбие" тақырыптарында көрмелермен таныстырылды.
2. Робототехника іс-әрекеті:
Robot Mouse білім беру бағдарламалық құралының конструкторын пайдалана отырып, "Робомышь спешит на помощь" тақырыбында мектеп оқушылары мен бөбекжай тәрбиеленушілерінің бірлескен робототехника қойылымы көрсетілді. Қойылым балалардың технологияға қызығушылығын арттырып, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Ұйымдастырушылар: Пак А.В., Женжеруха Н.В., Лукьянова И.А.
3. Экологиялық тәрбие беру:
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Гүлдерге қамқор бол – жердің көркі гүл" тақырыбында ұжымдық шығармашылық жұмыс ұсынылды. Бұл іс-шара балаларға табиғатқа жанашырлықпен қарау және экологиялық мәдениеттің маңыздылығын көрсетті.
"Әжелер мектебі" педагогтары: Ковальчук С.Н., Кошкимбаева С.С.
4. Отбасылық құндылықтар:
Тәрбиеші Хыраубай Орныхан мен 12 тірек мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сұраған Арайгүл "Менің отбасымның жауапкершілігі" тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырды. Сабақ барысында отбасы мүшелерінің рөлі, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік және отбасы құндылықтарының маңыздылығы кеңінен талқыланды.
5. Қауіпсіздік негіздері:
Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында тәрбиешілер Колшынбаева Г. С. және Альмухаметова Л.А. "Ережелерді сақтаңыз, қиындыққа тап болмаңыз!" тақырыбында оқу жаттығуларын өткізді. Бұл бөлімде балалар мен қонақтарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
6. "Әкелер мектебі":
Тәрбиешілер Нуга Г. Ешекен А. "Әкенің балалық шақтағы орны" тақырыбында Әкелердің қатысуымен тәрбие сағатын өткізді. Бұл іс-шарада әке рөлінің бала тәрбиесіндегі маңыздылығы талқыланып, отбасы тәрбиесінің негіздері туралы тың ақпараттар ұсынылды.
7.Педагог-психологтардың жұмысы:
Бөбекжай педагог-психологы Назарова А.В. "Бір шаңырақ астында" тақырыбында қызықты тренинг өткізіп, қонақтардың көңіл-күйін көтерді.
12 тірек мектебінің педагог-психологы Омашева А.С. "Сенсорлық интеграция және 4K, олардың байланысы мен балаларға пайдасы қандай?" тақырыбында тренинг өткізіп, балалардың сенсорлық дамуына арналған заманауи әдіс-тәсілдерді көрсетті.
8. Концерттік бағдарлама:
Музыка жетекшісі Ыбірайқан Ә. "Біз болашақтың шам-шырағымыз" атты патриоттық және заманауи бағыттағы концерттік бағдарламамен семинарды қорытындылады. Қонақтарға балалар мен педагогтардың бірлескен өнері ұсынылып, шара көңілді әрі әсерлі аяқталды.
9. Қорытындылау:
Семинарды қорытындылау мақсатында әдіскерлер Тулеген Ж. және Бектебаева А.М. "Өнегелі 15 минут" форматында маңызды тұжырымдар жасап, іс-шараның нәтижелері мен алдағы міндеттерді талқылады.
Семинардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барлық педагогтарға, ата-аналарға, оның ішінде аталарға, әжелерге, әкелер мен аналарға ерекше алғысымызды білдіреміз. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардыты бірлескен жұмысы нәтижесінде білім беру мен тәрбие саласындағы маңызды қадамдар жасалды.
Бұл семинар бөбекжай мен мектеп арасындағы байланыстарды нығайтып, педагогикалық тәжірибе алмасудың озық үлгісін көрсетті. |
2025-01-08 17:44:38 |
Скачать
Смотреть
|
КПРКПР |
2025-01-08 17:43:57 |
Скачать
Смотреть
|
«Беске дейін үлгер»«Беске дейін үлгер» ата-аналарға арналған
Министрлік Minderoo австралиялық қайырымдылық қорымен бірлесіп, мобильді қосымшаның көмегімен жас балаларды дамытуда ата-аналардың құзыреттілігін арттыру бойынша «Беске дейін үлгер» жобасын іске асыруда.
Мобильді қосымша мазмұны Сиднейдегі ақыл-ой университетінің нейробиологиялық зерттеулері негізінде жасалған және біздің елдің қажеттіліктері мен контекстіне бейімделген. Жоба мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың ата-аналарын тәрбиелеу және ерте дамыту мәселелерінде педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
«Беске дейін үлгер» бағдарламасы балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарға денсаулық пен тамақтану, тәрбие, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларды дамыту, ойындар және жас балалармен қарым-қатынас бойынша оңай қол жетімді және түсінікті мазмұнды ұсынады.
Мазмұн сонымен қатар кеңес беру орталықтарының жұмысында қолданылады, балалармен сабақ идеяларын, тәжірибеге бағытталған қысқа мәтіндерді және баланың дамуын қолдауға біртұтас көзқарасты ұсынады.
https://play.google.com/store/apps/details?id=com.minderoo.thrivebyfivekz |
2025-01-08 17:19:51 |
Скачать
Смотреть
|