Абдолла Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің психологы.
Білімі: Жоғары.
2006-2010 жылдар аралығында "Тұран-Астана" университетінде "психология " мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін аяқтаған, 2011-2013 жылдар аралығына Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ-нің магистрі. Стамбул қаласында ғылыми тәжірибеден өтті.
Педагогикалық еңбек өтілі - 7 жыл. Әлеуметтік ғылымдар магистрі.
2023 жылы Нұра ауданының білім бөлімінің басшысының Алғыс хатымен марапатталған.