Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп – лицейі» КММ-де 2025 жылдың 21 сәуірінде орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінің апталығы басталды.
Апталықтың тақырыбы: орыс тілі мен әдебиеті бойынша «Без языка не будет мир так дружен», Ағылшын тілі бойынша “Welcome to the world of English”
Апталықтың басты мақсаты: оқушылардың тілдерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тілдерді терең меңгерудің маңызын түсіндіре отырып, білімге деген құштарлықты арттыру көзделеді.
Бұл апталық – тілдердің терең сырын ұғынып, әдебиет пен мәдениетке құрметпен қарауға арналған ерекше кезең.
Орыс тілі мен әдебиеті – адам жанын тербейтін көркем сөздің, ұлы жазушылар мен ақындардың тілі. Бұл – Пушкин мен Толстойдың, Чехов пен Достоевскийдің, рухани тереңдігі мол әдеби мұрасының тілі.
Ағылшын тілі – бүгінде бүкіл әлемде ең кең таралған халықаралық тіл. Бұл – білім мен ғылымның, технология мен мәдениеттің көпірі.
Апта бойы сіздерді түрлі қызықты шаралар күтеді: зияткерлік сайыстар, шығармашылық байқаулар, әндер мен презентациялар, ашық сабақтар мен танымдық ойындар. Әр қатысушы өз дарынын танытып, жаңа білім мен шабыт ала алады.
Осы апталық әр оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін шыңдайтын мазмұнды да мәнді уақыт болсын деп тілейміз!
Апталық құтты болсын! Ізденістен – жетістікке бірге қадам басайық!
@bilimshahtinsk
@umckrg
#біртұтас_тәрбие #gani_beisembayev