Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің “Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі” КММ-де ағылшын тілі пәні апталығының екінші күнінде түрлі сыныптар арасында танымдық, зияткерлік әрі ойын түріндегі іс-шаралар ұйымдастырылып, әр оқушы белсенді қатысып, өз білімін сынап көрді.
3-4 сынып оқушыларына арналған "Grammar Quest" ойыны арқылы балалар грамматикалық білімдерін бекітіп, белсенділік танытты. Ойын барысында оқушылар ережелерді еске түсіріп, оны тәжірибе жүзінде қолдана білді. Бұл формат олардың қызығушылығын арттырып, тіл үйренуді ойынмен байланыстыруға мүмкіндік берді.
5-7 сынып оқушылары "A Day Without My Phone" тақырыбында эссе жазу арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, технологияның өміріміздегі рөлі туралы ой өрбітті. Эссе жазу оқушылардың сыни ойлауын дамытып, өз ойларын ағылшын тілінде нақты жеткізуге дағдыландырды.
8-9 сыныптар арасында өткен "Spelling Bee" байқауы оқушылардың ағылшын тіліндегі емле сауаттылығын, зейінін және есте сақтау қабілетін тексеруге бағытталды. Бұл формат оқушыларға жаңа сөздерді меңгеруге, олардың дұрыс жазылуын жаттап, нақты әрі сенімді айтуға мүмкіндік берді
10-11 сынып оқушылары арасында ерекше форматта өткен "TikTok English Challenge" байқауы – олардың креативтілігі мен ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамытты. Бұл байқау жастарға заманауи платформаны білім алу құралы ретінде қолдануға жол ашты.
Сыныптан тыс өткен "Quiz Time" зияткерлік ойынына 5-6 сынып оқушылары қатысып, білімдерін кеңейтті. Интерактивті сұрақтар мен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын арттырып, ағылшын тіліне деген қызығушылығын нығайтты.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Апталық оқушылар үшін пайдалы, мазмұнды әрі әсерлі өтуде.